О квалификационных требованиях, предъявляемых к лицензиату, учредителям и руководящим работникам накопительных пенсионных фондов и документах, подтверждающих указанные требования для получения лицензии на осуществление деятельности по привлечению пенсионных взносов и осуществлению пенсионных выплат Күшін жойған
Басқа 0
"Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия алу үшiн лицензиатқа, жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшыларына және басшы қызметкерлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары және аталған талаптарды растайтын құжаттар туралы"
📌 Ескерту.
Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 мамырдағы N 176 қаулысымен.
"Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметiн лицензиялау туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 қыркүйектегi N 1396 қаулысының 17-4-тармағын жүзеге асыру мақсатында бұйырамын:
Тармақ 1
1. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия алу үшiн жинақтаушы зейнетақы қорларына (бұдан әрi - Қорларға) жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшыларына және басшы қызметкерлеріне қойылатын бiлiктiлiк талаптарының мынадай тiзбесi бекiтiлсiн:
Тармақша 1
1) Қордың жарғылық капиталын 20.06.97 ж. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен құрылтайшылар төлеуi тиiс;
Тармақша 2
2) Қордың қызметiн ұйымдастыруды реттейтiн iшкi құжаттар әзiрленуi тиiс;
Тармақша 3
3) Қор үй-жайдың, компьютердiң, Қордың қызметiн және Қазақстан Республикасы Еңбекәлеуметминiнiң Ұлттық зейнетақы агенттiгiмен (бұдан әрi - Агенттiк), кастодиан-банкпен, зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниямен, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықпен өзара iс-қимылын қамтамасыз ететiн телекоммуникациялық жабдықтардың және бағдарламалық-техникалық құралдардың бар екендiгiн растауы тиiс;
Тармақша 4
4) Қордың басшы қызметкерлерi Агенттiк белгiлеген тәртiппен бiлiктiлiк емтиханын тапсыруы тиiс.
Тармақша 5
5) Қор өз құрылтайшыларының қаржылық тұрақты жағдайын растауы тиіс.
📌 ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертілді және толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 1998.03.09. N 28 бұйрығымен.
Тармақ ii
II. Бiлiктiлiк талаптарын растау үшiн Қор Агенттiкке мынадай құжаттарды тапсыруы тиiс:
Тармақша 1
1) Агенттiкке бiлiктiлiк емтиханын тапсырған басшы қызметкерлердi тағайындау немесе сайлау туралы құжаттардың көшiрмесi;
Тармақша 2
2) жарғылық капиталдың толық төленгендiгiн растайтын қаржылық құжаттың көшiрмесi;
Тармақша 3
3) оның жоғары басқару органы бекiткен, атқару органының бiрiншi басшысы қол қойған, тiгiлген және Қордың мөрiмен бекiтiлген Қордың зейнетақы ережесi (екi данада);
Тармақша 4
4) жинақтаушы зейнетақы қоры қызметiнiң болашағын экономикалық негiздеу (бизнес-жоспар);
Тармақша 5
5) есеп жүргiзудi, құжат айналысын, кастодиан-банктен, зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниядан алынған мәлiметтердiң тұтастығын және ақпараттардың құпиялығын қамтамасыз етуге iшкi бақылау туралы ереже;
Тармақша 6
6) Қордың N 1 бухгалтерлiк есеп стандартына сәйкес есептiк саясаты;
Тармақша 7
7) кастодиан-банкпен жасасылған кастодиалдық шарттың көшiрмесi;
Тармақша 8
8) зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниямен зейнетақы активтерiн басқаруға жасасылған шарттың көшiрмесi;
Тармақша 9
9) басқару органдарының құрамы және тегi, аты, әкесiнiң аты, қабылданғаны туралы бұйрықтың (хаттаманың) күнi мен нөмiрiн көрсете отырып Қордың штаттық кестесi;
Тармақша 10
10) бөлiмшелер (егер олар бар болса) туралы ережелер және салымшылармен, кастодиан-банкпен және зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниямен жұмысқа тiкелей қатысатын мамандарға лауазымдық нұсқаулықтар;
Тармақша 11
11) Қордың құрылтайшылары - заңды тұлғалар туралы мәлiметтер:
- мемлекеттiк тiркеуден өткендiгi туралы куәлiктiң көшiрмесi;
- статистикалық кәртiшкенiң көшiрмесi;
- Жарғының және барлық өзгерiстерi мен толықтыруларымен қоса
құрылтай шартының нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
- ашық акционерлік қоғамдар үшін - өтініш беру сәтіндегі
дауысқа ие акциялардың 5% және одан да жоғары иелік ететін бағалы қағаздарды ұстаушыларға тізілімнің көшірмесі;
- толық жұмыс істелген жыл үшін қаржылық есептілік;
- соңғы есептiк күнге бухгалтерлiк баланс;
- құрылтайшылардың соңғы есептік күндегі қаржылық жағдайы және
заңда белгіленген тәртіпте қордың жарғылық капиталын төлеуі туралы аудиторлық қорытынды.
Тармақша 12
12) құрылтайшылар - жеке тұлғалар туралы мәлiметтер:
- анкеталық мәлiметтер;
- салық қызметi органдары куәландырған соңғы жылдағы табыстар
мен мүлiк туралы декларация;
Тармақша 13
13) үй-жай, ұйымдастыру техникалары, телекоммуникациялық жабдықтар мен бағдарламалық-техникалық құралдардың бар екендiгiн растайтын құжаттар.
📌 ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгертілді және толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 1998.03.09. N 28 бұйрығымен.
Тармақ iii
III. Тапсырылатын құжаттардың көшiрмелерi тiгiлген және Қордың бiрiншi басшысының, бас бухгалтерiнiң қолымен және мөрмен бекiтiлген болуы керек.
Тармақ iv
IV. Қор лицензия алу үшiн тапсырылған құжаттардағы өзгерiстер туралы Агенттiкке он күн мерзiм iшiнде жазбаша нысанда хабарлауы тиiс.
Тармақ v
V. Қордың лицензия алу үшiн тапсырылған құжаттарға қол қойған лауазымды адамдары осы құжаттардағы мәлiметтердiң растығы үшiн заңда белгiленген жауапкершiлiкте болады. Агенттiк Қордың құжаттарындағы мәлiметтердiң жалғандығы үшiн жауап бермейдi.
Тармақ vi
VI. Қор лицензиялау үшiн қажеттi құжаттарды толық тапсырмаған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн лицензиялау және реттеу басқармасы қосымша сұрату жiберсiн. Құжаттарды қарау мерзiмi құжаттардың толық пакетiн алған сәттен бастап есептелсiн.
Тармақ vii
VII. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткен күннен бастап 1997 жылғы 09.10. N 9-П бұйрықтың күшi жойылған деп есептелсiн.
Тармақ viii
VIII. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткен сәттен бастап күшiне енедi.
IХ. Осы бұйрықтың атқарылуына бақылау жасау Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн лицензиялау және реттеу басқармасына жүктелсiн.