О реорганизации республиканского государственного казенного предприятия «Республиканский научно-исследовательский институт по охране труда Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О реорганизации республиканского государственного казенного предприятия «Республиканский научно-исследовательский институт по охране труда Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 442
- Қабылданған күні
- 26.06.2019
- Көрсетілген редакция
- 03.06.2022 132701_578308.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.06.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1900000442
- ЭКБ идентификаторы
- 132701
- Редакция идентификаторы
- 132701_578308
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:22
0 «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына және 134-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2 2. Мыналар:
1 1) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып;
2 2) кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы ғылыми зерттеулер, ғылыми қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
3 3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге енгізсін;
2 2) әділет органдарында кәсіпорынның мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
3 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1
2 2) «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгінiң кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 8, 46-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және оның ведомствосының қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
«1. Қазыналық кәсіпорындар» деген бөлімде:
реттік нөмірі 2-жол алып тасталсын;
3-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар
1.Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы.