О переименовании акционерного общества «Управление по обслуживанию дипломатического корпуса Астана»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании акционерного общества «Управление по обслуживанию дипломатического корпуса Астана»
- Атауы (қаз.)
- «Астана дипломатиялық корпусқа қызмет көрсету жөніндегі басқармасы» акционерлік қоғамын қайта атау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 433
- Қабылданған күні
- 25.06.2019
- Көрсетілген редакция
- 25.06.2019 132704_411812.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.06.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1900000433
- ЭКБ идентификаторы
- 132704
- Редакция идентификаторы
- 132704_411812
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:23
0 «Астана дипломатиялық корпусқа қызмет көрсету жөніндегі басқармасы» акционерлік қоғамын қайта атау туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Астана дипломатиялық корпусқа қызмет көрсету жөніндегі басқармасы» акционерлік қоғамы «Сыртқы саяси зерттеулер институты» акционерлік қоғамы болып қайта аталсын.
2 2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
3 3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлімде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Нұр-Сұлтан қаласы»;
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Нұр-Сұлтан қаласы» деген бөлімде реттік нөмірі 21-97-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«21-97. «Сыртқы саяси зерттеулер институты» АҚ».
2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарын беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі» деген бөлімде реттік нөмірі 239-2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«239-2.«Сыртқы саяси зерттеулер институты» АҚ».
3 3. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 530-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қарамағындағы ұйымдар тізбесінде 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. «Сыртқы саяси зерттеулер институты» акционерлік қоғамы».