Құжат мәтініне өту

Об утверждении Методики определения стоимости работ и услуг по производству экспертизы качества работ и материалов, а также управления дорожными активами автомобильных дорог

Бұйрық · № 426 · қабылданған 25.06.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-132718/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Методики определения стоимости работ и услуг по производству экспертизы качества работ и материалов, а также управления дорожными активами автомобильных дорог Қолданыста Бұйрық ·№ 426 ·25.06.2019
27.03.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Методики определения стоимости работ и услуг по производству экспертизы качества работ и материалов, а также управления дорожными активами автомобильных дорог

Қолданыста Бұйрық ·№ 426 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Методики определения стоимости работ и услуг по производству экспертизы качества работ и материалов, а также управления дорожными активами автомобильных дорог
Атауы (қаз.)
Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар мен қызметтер көрсету құнын айқындау, сондай-ақ облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының және елді мекендер көшелерінің жол активтерін басқару әдістемесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
426
Қабылданған күні
25.06.2019
Көрсетілген редакция
27.03.2023 132718_624153.kaz
Соңғы өзгеріс
27.03.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018909
ЭКБ идентификаторы
132718
Редакция идентификаторы
132718_624153
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:24

0 Жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер құнын айқындау, сондай-ақ автомобиль жолдарының жол активтерін басқару әдістемесін бекіту туралы

«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 38-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер құнын айқындау, сондай-ақ автомобиль жолдарының жол активтерін басқару әдістемесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

8 Жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер құнын айқындау, сондай-ақ автомобиль жолдарының жол активтерін басқару әдістемесі

Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
201_ жылғы «___»____________
№ ______ бұйрығына
қосымша
Жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер құнын айқындау, сондай-ақ автомобиль жолдарының жол активтерін басқару әдістемесі

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер құнын айқындау, сондай-ақ автомобиль жолдарының жол активтерін басқару әдістемесі (бұдан әрі-Әдістеме) «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 38-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ол:

1 1) жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама (бұдан әрі – СС) жүргізу жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер;

2 2) «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Сапа орталығы) жүзеге асыратын автомобиль жолдарының жол активтерін басқару құнын айқындау тәртібін айқындайды.

2 2-тарау. Жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер құнын айқындау, сондай-ақ автомобиль жолдарының жол активтерін басқару тәртібі

2

2. Жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құны «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-16) тармақшасына сәйкес бекітілетін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттарға және «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 24) тармақшасына сәйкес автомобиль жолдары жөніндегі нормативтік техникалық құжаттарға сәйкес айқындалады.

3 3. Тиісті күнтізбелік жылға автомобиль жолдарын орташа жөндеу кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар мен қызметтердің құны мынадай формула бойынша белгіленеді:

мұндағы:
Қо – ағымдағы баға деңгейінде автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен техникалық құжаттамаға сәйкес орташа жөндеу құны, мың теңге;
ШНтқ – автомобиль жолдарын орташа жөндеу кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар мен қызметтерді жүзеге асыруға тапсырыс берушінің шығыстар лимитінің пайыздық арақатынасындағы нормативі, оның мөлшері Нормативтік құжатта көзделген құрылысқа техникалық қадағалауды жүзеге асыруға тапсырыс берушінің шығыстар лимитіне ұқсас қабылданады.

4 4. Тиісті күнтізбелік жылға автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар мен қызметтердің құны мынадай формула бойынша белгіленеді:

мұндағы:
Қа – ағымдағы жөндеу құны (жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары үшін қаржыландырудың бекітілген нормативтеріне сәйкес ағымдағы жөндеуге бюджеттен бөлінетін ақша қаражатының мөлшері), оның ішінде:
халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын «Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеуді, күтіп-ұстауды және жол қызметін басқаруды қаржыландыру нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 маусымдағы № 705 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11928 болып тіркелген) бекітілген халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын жөндеуге, күтіп-ұстауға және жол қызметін басқаруға арналған қаржыландыру нормативтері бойынша шығындарға сәйкес
(бұдан әрі – халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеуге, күтіп-ұстауға қаржыландыру нормативтері);
облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендердің көшелері «Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың көшелерін, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 маусымдағы № 711 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11875 болып тіркелген) бекітілген астана, республикалық маңызы бар қалалар көшелерін, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу бойынша нормативтері шығындарына сәйкес (бұдан әрі – Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың көшелерін, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативтері);
ШНтқ – автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар мен қызметтерді жүзеге асыруға тапсырыс берушінің шығыстар лимитінің пайыздық арақатынасындағы нормативі, оның мөлшері Нормативтік құжатта көзделген құрылысқа техникалық қадағалауды жүзеге асыруға тапсырыс берушінің шығыстар лимитіне ұқсас қабылданады.

5 5. Тиісті күнтізбелік жылға автомобиль жолдарын күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар мен қызметтердің құны мынадай формула бойынша белгіленеді:

мұндағы:
Қкү – күтіп-ұстау құны (автомобиль жолдары үшін қаржыландыру нормативіне сәйкес күтіп-ұстауға бюджеттен бөлінетін ақша қаражатының мөлшері), оның ішінде:
халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеуге, күтіп-ұстауға қаржыландыру нормативтері бойынша шығындарға сәйкес;
облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендердің көшелері астананың, республикалық маңызы бар қалалардың көшелерін, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативтері бойынша шығындарға сәйкес;
ШНтқ – автомобиль жолдарын күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар мен қызметтерді жүзеге асыруға тапсырыс берушінің шығыстар лимитінің пайыздық арақатынасындағы нормативі, оның мөлшері Нормативтік құжатта көзделген құрылысқа техникалық қадағалауды жүзеге асыруға тапсырыс берушінің шығыстар лимитіне ұқсас қабылданады.

6

6. Тиісті күнтізбелік жылға арналған облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының және елді мекендер көшелерінің жол активтерін басқару жөніндегі қызметтердің құны Облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және астана, республикалық маңызы бар қалалар көшелерінің елді мекендерінің көшелерін жөндеуге және күтіп ұстауға арналған қаржыландыру нормативтері негізінде айқындалады.

Қолданыстағы