О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения района Аққулы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения района Аққулы
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Аққулы ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлердің жер салығының базалық мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 207/42
- Қабылданған күні
- 19.06.2019
- Көрсетілген редакция
- 21.09.2022 132741_593371.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.09.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19PI006434
- ЭКБ идентификаторы
- 132741
- Редакция идентификаторы
- 132741_593371
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:28
0 Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес
Аққулы ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлердің жер салығының базалық мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Кодексінің 509-бабы 5-тармағына, 704-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық Кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Заңының 50-бабы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Аққулы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Аққулы ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлеріне жер салығының базалық мөлшерлемесі 10 (он) есе жоғарылатылсын.
2 2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Аққулы ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлеріне бірыңғай жер салығының мөлшерлемесі 10 (он) есе жоғарылатылсын.
3
3. Лебяжі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 шілдедегі «Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Лебяжі ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлердің жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы» № 24/6 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5223 болып тіркелген, 2016 жылғы 1 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.