Құжат мәтініне өту

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Қаулы · № 170 · қабылданған 25.06.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-132748/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Қолданыста Қаулы ·№ 170 ·25.06.2019
21.12.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Қолданыста Қаулы ·№ 170 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
Атауы (қаз.)
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
170
Қабылданған күні
25.06.2019
Көрсетілген редакция
21.12.2023 132748_683727.kaz
Соңғы өзгеріс
21.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19VJ006037
ЭКБ идентификаторы
132748
Редакция идентификаторы
132748_683727
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:24

0 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексiнiң 18 бабының 2) тармақшасына, 139 бабының 9 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес, Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын

2 2. «Жарма аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы қаулының мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде, қазақ және орыс тілдерінде «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Жарма ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

4 4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Жарма ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасауын аудан әкімінің орынбасары Н.А. Нургалиевке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Жарма аудандық
мәслихатының хатшысы
________________ А.Ж. Сахметжанова
«___» ___________ 2019 жыл

9 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

Жарма ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 25 маусымдағы
№ 170 қаулысына
қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік
қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының
тізбесі
Әлеуметтік қамсыздандыру: әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, қарттар мен мүгедектігі бар адамды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, мәдени ұйымдастырушы (бұқаралық жұмыс жөніндегі ұйымдастырушы), еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы, музыкалық жетекші, инженер-программист (негізгі қызмет), әдіскер, тәрбиеші, психолог, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, мейіргер, диеталық мейіргер, емдік денешынықтыру жөніндегі нұсқаушы, логопед.
Мәдениет: барлық атаудағы әдіскерлер (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әртістер, кітапханашы, дирижер, музыкалық жетекші, хореограф, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер).

Қолданыстағы