Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере физической культуры и спорта
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере физической культуры и спорта
- Атауы (қаз.)
- Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-6/270
- Қабылданған күні
- 17.06.2019
- Көрсетілген редакция
- 05.02.2020 132753_442738.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19B0007249
- ЭКБ идентификаторы
- 132753
- Редакция идентификаторы
- 132753_442738
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:30
0 Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы және «Мемлекеттік қызметтер көрсетілетін туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған:
1 1) «Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттары-колледждеріне және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттарына құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2 2) «Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Е. Мысырәлімоваға жүктелсін.
3 3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
6 «Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттары-колледждеріне және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттарына құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Ақмола облысы әкімдігінің
2019 жылғы 17 маусымдағы
№ А-6/270 қаулысымен
бекітілді
«Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттары-колледждеріне және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттарына құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1 1. Жалпы ережелер
1
1. «Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттары-колледждеріне және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттарына құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет ) «Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Бөгенбай батыр атындағы спортта дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
Мемлекеттік қызметті көрсету өтінішін қабылдау және нәтижесін беру көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – құжаттарды қабылдау туралы түбіртек немесе Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 «Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттары-колледждеріне және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттарына құжаттарды қабылдау» бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11276 тіркелген) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызметтерді ұсынудан бас тарту туралы негізделген жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4 4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме қызмет берушінің Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) қоса берілген өтінішті қабылдауы болып табылады.
5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1 1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттарды қабылдайды және оларды тіркейді – 5 минут.
5, 6, 7, 8, 9 сыныптарда құжаттарды қабылдау 1 маусымнан 20 тамызға дейін қоса алғанда, 10, 11 сыныптарда - 15 маусымнан 20 тамызға дейін қоса алғанда.
Көрсетілетін қызметті алушы Стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарастырады және жауапты орындаушыны анықтайды – 5 минут;
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығын қарап, құжаттарды қабылдау туралы түбіртек, немесе бас тарту туралы негізделген жауап дайындайды – 15 минут;
4 4) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттарды қабылдау туралы түбіртек, немесе бас тарту туралы негізделген жауапты береді – 5 минут.
6 6. Келесі шаралардың (әрекеттердің) орындалуын бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша шаралардың (әрекеттердің) нәтижесі:
1 1) құжаттарды қабылдау және тіркеу;
2 2) жауапты орындаушыны анықтау;
3 3) құжаттарды қабылдау туралы түбіртек, немесе бас тарту туралы негізделген жауап;
4 4) құжаттарды қабылдау туралы түбіртек, немесе бас тарту туралы негізделген жауапты беру.
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
8 8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушы.
9 9. Әрбір рәсімнің ұзақтығы көрсетілген құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-әрекеттер) кезеңділігінің сипаттамасы:
1 1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдайды және оларды тіркейді – 5 минут.
5, 6, 7, 8, 9 сыныптарда құжаттарды қабылдау 1 маусымнан 20 тамызға дейін қоса алғанда, 10, 11 сыныптарда - 15 маусымнан 20 тамызға дейін қоса алғанда.
Көрсетілетін қызметті алушы Стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарастырады және жауапты орындаушыны анықтайды – 5 минут;
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығын қарап, құжаттарды қабылдау туралы түбіртек, немесе бас тарту туралы негізделген жауап дайындайды – 15 минут;
4 4) көрсетілетін қызметті беруші кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдау туралы түбіртек, немесе бас тарту туралы негізделген жауапты береді– 5 минут.
10 «Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттары-колледждеріне және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттарына құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
10. Рәсімдердің (әрекеттердің) сабақтастығының нақты сипаттамасы, мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі қызмет көрсетушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) өзара қарым-қатынасы осы регламеттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында бейнеленеді.
«Олимпиадалық резервтің республикалық
мамандандырылған мектеп-интернаттары-
колледждеріне және спорттағы дарынды
балаларға арналған облыстық мектеп-
интернаттарына құжаттарды қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша
«Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттары-колледждеріне және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттарына құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
34 «Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Ақмола облысы әкімдігінің
2019 жылғы 17 маусымдағы
№ А-6/270 қаулысымен
бекітілді
«Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1 1. Жалпы ережелер
1
1. «Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Ақмола облысы аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының балалар-жасөспірімдер спорт мектептерімен, мүгедектерге арналған спорт мектептерімен көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).
Мемлекеттік қызметті көрсету өтінішін қабылдау және нәтижесін беру көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесі– тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат немесе Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 «Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау» бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11276 тіркелген) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызметтерді ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4 4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме қызмет берушінің Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) қоса берілген өтінішті қабылдауы болып табылады.
5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1 1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттарды қабылдайды және оларды тіркейді – 5 минут.
Спорт түрлері бойынша бірінші оқу жылының алғашқы даярлау топтарына құжаттарды қабылдау 20 қыркүйекке дейін жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы Стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарастырады және жауапты орындаушыны анықтайды – 5 минут;
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығын қарап, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат, немесе бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды – 15 минут;
4 4) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат, немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты береді – 5 минут.
6 6. Келесі шаралардың (әрекеттердің) орындалуын бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша шаралардың (әрекеттердің) нәтижесі:
1 1) құжаттарды қабылдау және тіркеу;
2 2) жауапты орындаушыны анықтау;
3 3) тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат, немесе бас тарту туралы дәлелді жауап;
4 4) тиісті құжаттардың қабылдау туралы қолхат, немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты беру.
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
8 8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушы.
9 9. Әрбір рәсімнің ұзақтығы көрсетілген құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-әрекеттер) кезеңділігінің сипаттамасы:
1 1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттарды қабылдайды және оларды тіркейді – 5 минут.
Спорт түрлері бойынша бірінші оқу жылының алғашқы даярлау топтарына құжаттарды қабылдау 20 қыркүйекке дейін жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы Стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарастырады және жауапты орындаушыны анықтайды – 5 минут;
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығын қарап, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат, немесе бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды – 15 минут;
4 4) көрсетілетін қызметті беруші кеңсе қызметкері тиісті құжаттарды қабылданғаны туралы қолхат, немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты береді – 5 минут.
10 «Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
10. Рәсімдердің (әрекеттердің) сабақтастығының нақты сипаттамасы, мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі қызмет көрсетушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) өзара қарым-қатынасы осы регламеттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында бейнеленеді.
«Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне,
мүгедектерге арналған спорт мектептеріне
құжаттарды қабылдау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша
«Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы