Құжат мәтініне өту

Об установлении норматива отчисления части чистого дохода государственных коммунальных предприятий

Қаулы · № 1709 · қабылданған 30.05.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-132754/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об установлении норматива отчисления части чистого дохода государственных коммунальных предприятий Қолданыста Қаулы ·№ 1709 ·30.05.2019
30.05.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении норматива отчисления части чистого дохода государственных коммунальных предприятий

Қолданыста Қаулы ·№ 1709 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении норматива отчисления части чистого дохода государственных коммунальных предприятий
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативтерін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1709
Қабылданған күні
30.05.2019
Қолданысқа енгізілген күні
11.07.2019
Көрсетілген редакция
30.05.2019 132754_411429.kaz
Соңғы өзгеріс
30.05.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19GA004258
ЭКБ идентификаторы
132754
Редакция идентификаторы
132754_411429
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:43

0 Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативтерін белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабын және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 140-бабын басшылыққа ала отырып, Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Тараз қаласы әкімдігіне қарасты мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2 2. Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар таза кірістің бір бөлігін аударуды корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жергілікті бюджетке аударсын.

3 3. Мемлекеттік коммуналдық кәсiпорындардың мемлекеттiк басқару органдары ведомствоға қарасты мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың жергілікті бюджетке таза кірісінің бір бөлігін аударудың белгіленген нормативін толық және уақытылы аударуына тұрақты бақылау жүргізсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қ.Сарытайға жүктелсін.

5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі

Тараз қаласы әкімдігінің
2019 жылғы 30 мамырдағы
№___ қаулысына қосымша
Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі
Таза кіріс 3 000 000 теңгеге дейін
таза кіріс сомасынан 5 пайыз
Таза кіріс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін
150 000 теңге + таза кірістің 3 000 000 теңге мөлшерінен асқан сомасынан 10 пайыз
Таза кіріс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін
4 850 000 теңге + таза кірістің 50 000 000 теңге мөлшерінен асқан сомасынан 15 пайыз
Таза кіріс 250 000 001 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін
34 850 000 теңге + таза кірістің 250 000 000 теңге мөлшерінен асқан сомасынан 25 пайыз
Таза кіріс 500 000 001 теңгеден 1 000 000 000 теңгеге дейін
97 350 000 теңге + таза кірістің 500 000 000 теңге мөлшерінен асқан сомасынан 30 пайыз
Таза кіріс 1 000 000 001 теңгеден және жоғары
247 350 000 теңге + таза кірістің 1 000 000 000 теңге мөлшерінен асқан сомасынан 50 пайыз

Қолданыстағы