Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность района Биржан сал
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность района Биржан сал
- Атауы (қаз.)
- Сот шешімімен Біржан сал ауданының коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- С-40/5
- Қабылданған күні
- 19.06.2019
- Көрсетілген редакция
- 05.11.2021 132795_544578.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.11.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19BJ007250
- ЭКБ идентификаторы
- 132795
- Редакция идентификаторы
- 132795_544578
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:28
0 Сот шешімімен Біржан сал ауданының коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Біржан сал ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қоса беріліп отырған сот шешімімен Біржан сал ауданының коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.
2
2. Еңбекшілдер аудандық мәслихатының «Сот шешімімен Еңбекшілдер ауданының коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № С-18/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6352 тіркелген, 2018 жылғы 25 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Ақмола облысы
Біржан сал ауданының әкімі
4 Сот шешімімен Біржан сал ауданының коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары
Біржан сал ауданы мәслихатының
2019 жылғы 19 маусымдағы
№ С-40/5 шешімімен
бекітілген
Сот шешімімен Біржан сал ауданының коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы сот шешімімен Біржан сал ауданының коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидалары Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен Біржан сал ауданының коммуналдық меншiкке түскен болып танылған иесiз қалдықтарды басқару тәртiбiн айқындайды.
2 2. Иесіз қалдықтарды Біржан сал ауданының коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
3 3. Иесіз қалдықтарды басқаруды ауданның жергiлiктi атқарушы органы жүзеге асырады.
4 4. Иесіз қалдықтарды басқару мақсатында ауданның жергiлiктi атқарушы органы комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады.
Иесіз қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде Біржан сал ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі белгіленеді.
5 5. Иесіз қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, іске асыру, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.
2 2-тарау. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі
6
6. Иесіз қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану Қағидаларына сәйкес атқарылады.