Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера местного масштаба
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера местного масштаба
- Атауы (қаз.)
- Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 4
- Қабылданған күні
- 27.06.2019
- Көрсетілген редакция
- 28.06.2019 132803_411872.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.06.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19U0005099
- ЭКБ идентификаторы
- 132803
- Редакция идентификаторы
- 132803_411872
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:20
0 Жергілікті ауқымдағы техногендік
сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 29 бабы 2- тармағына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48 бабына және 50 бабы 2- тармақ 2)- тармақшасына сәйкес Түркістан облысы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ.
1 1. 2019 жылдың 24 маусымынан бастап Түркістан облысының Арыс қаласында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2 2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Қ.Қ. Айтмұхаметов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3 3. «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:
1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы әкімнің шешімі мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмесін баспа және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық кәсіпорынына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізі үшін жолданылуын;