Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил предоставления статуса морского порта

Бұйрық · № 400 · қабылданған 17.06.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-132822/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил предоставления статуса морского порта Қолданыста Бұйрық ·№ 400 ·17.06.2019
17.06.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.06.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил предоставления статуса морского порта

Қолданыста Бұйрық ·№ 400 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил предоставления статуса морского порта
Атауы (қаз.)
Теңіз порты мәртебесін беру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
400
Қабылданған күні
17.06.2019
Көрсетілген редакция
17.06.2019 132822_413555.kaz
Соңғы өзгеріс
17.06.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018900
ЭКБ идентификаторы
132822
Редакция идентификаторы
132822_413555
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:29

0 Теңіз порты мәртебесін беру қағидаларын бекіту туралы

«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Теңіз порты мәртебесін беру қағидалары бекiтілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

0 Теңіз порты мәртебесін беру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2019 жылғы «___» __________
№ _______ бұйрығымен
бекітілді
Теңіз порты мәртебесін беру қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы Теңіз порты мәртебесін беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi - Заң) 4-бабы 3-тармағының 55-41) тармақшасына сәйкес әзірленген және теңіз порты мәртебесін беру тәртібін айқындайды.

2 2. Теңіз порты мәртебесі қызметі мен түрі теңіз порты қызметтерін көрсетумен байланысты сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы көліктік инфрақұрылым объектілеріне ұсынылады (бұдан әрі – көлік инфрақұрылымының объектісі).

3

3. Теңіз порты мәртебесін беру кемелерді өңдеу, жүктерді ауыстырып тиеу және жолаушыларды отырғызу (түсіру), сондай-ақ осы теңіз объектілерінің акваториясында кемелердің жүзу қауіпсіздігінің деңгейін кейіннен арттыру үшін теңіз порттарын есепке алуды жүйелеу бойынша қызметтерді көрсететін, Каспий теңiзiнiң қазақстандық жағалауында сауда мақсатында теңізде жүзу саласында қолданыстағы және құрылып жатқан көлік инфрақұрылымының қызметін реттеу мақсатында жүзеге асырылады.

4 4. Теңіз порттары жалпыға ортақ пайдаланылатын объектілер болып табылады және түрі бойынша сауда және мамандандырылған (балық, мұнай және басқалар) болып бөлінеді.

5 5. Теңіз портының аумағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес ұсынылған өзіне жерді, жер учаскелерін және теңіз портының акваториясын қамтиды.

6 6. Теңіз терминалдарының жиынтығы аумақтық қағидат бойынша бір теңіз портына бірігеді.

7

7. Теңіз көлігі қызметінің мақсаттары үшін теңіз портының жұмыс істеуі сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасы шегінде көзделген салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) теңіз порты мәртебесін беру туралы шешімін қабылдаған сәтінен бастап жүзеге асырылады.

2 2-тарау. Теңiз порты мәртебесін беру тәртiбi

8 8. Теңіз порты мәртебесін уәкілетті орган береді.

9 9. Анықталған көлік инфрақұрылымының объектісіне теңіз порты мәртебесін беру туралы шешім қабылдау үшін уәкілетті орган осы объектінің иесіне мынадай ақпараттарды және құжаттардың көшірмелерін енгізу қажеттілігі туралы сұрау салуды жолдайды:

1

1) теңіз порты объектісінің орналасқан жері, негізгі техникалық сипаттамалары, оның ішінде жүктерді тиеу және түсіру, жолаушыларды отырғызу және түсіру бойынша оның мүмкіндіктері, кеме қатынасына арналған көрсетілетін қызметтері, кіреберіс жолдарының болуы, навигация кезеңі, өзге де адамдарға жататын өзге де инфрақұрылым объектілерінің болуы;

2 2) теңіз порты объектілерімен ұсынылатын қызметтер тізбесі;

3 3) жер учаскелерін бөлу туралы жергілікті атқарушы органдар шешімдерінің;

4 4) объектіні пайдалануға қабылдау актісі;

5 5) теңіз порты объектісінің заңды мекенжайы.

10 10. Теңіз порты мәртебесін беру, сондай-ақ, осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес құжаттар мен ақпараттарды бастамашылық тәртібінде көлік инфрақұрылымы объектісінің иесі енгізген жағдайда да жүзеге асырылады.

11 11. Теңіз порты мәртебесін беру туралы шешім көлік инфрақұрылымы объектісінің иесінен осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес құжаттар мен ақпараттарды алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде уәкілетті органның бұйрығы түрінде қабылданады.

12 12. Теңіз порты мәртебесін беру туралы шешім қабылданғаннан кейін уәкілетті орган осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының теңіз порттарының тізіліміне тиісті ақпарат енгізеді.

Уәкілетті орган теңіз порттарының тізілімін өзінің www.miid.gov.kz интернет-ресурсында орналастырады.

13 13. Теңіз порты мәртебесін беру туралы бұйрықтың көшірмесі теңіз портының акваториясын қоса алғанда, теңіз портының шекарасын айқындау үшін жергілікті атқарушы органға жіберіледі.

1 Қазақстан Республикасы теңіз порттарының тізілімі

Теңіз порты мәртебесін
беру қағидаларына
қосымша
нысан
Қазақстан Республикасы теңіз порттарының тізілімі
1.
Те­ңіз пор­ты­ның ата­уы
2.
Рет­тік тір­кеу нө­мі­рі
3.
Те­ңіз пор­ты­ның ор­на­лас­қан же­рі
4.
Те­ңіз пор­ты­ның мәр­те­бе­сі ту­ра­лы бұй­ры­ғы­ның кү­ні мен нө­мі­рі
5.
Те­ңіз пор­ты­ның негіз­гі тех­ни­ка­лық си­патта­ма­ла­ры
5.1.
Те­ңіз пор­ты ау­ма­ғы­ның ауда­ны (гек­тар):
5.2.
Те­ңіз пор­ты ак­ва­то­ри­я­сы­ның ауда­ны (шар­шы ша­қы­рым):
5.3.
Ай­лақ са­ны
5.4.
Те­ңіз пор­ты­ның ай­лақ­тық фрон­ты­ның ұзынды­ғы(метр бойы):
5.5.
Жүк тер­ми­нал­да­ры­ның өт­кі­зу қа­бі­лет­ті­лі­гі, бар­лы­ғы (жы­лы­на мың тон­на )
оның ішін­де:
құ­я­тын (жы­лы­на мың тон­на )
құр­ғақ (жы­лы­на мың тон­на )
кон­тей­нер­лер (жы­лы­на жиыр­ма фут­тық ба­ла­ма­мен мың бір­лік):
5.6.
Жо­ла­у­шы­лар тер­ми­на­лы­ның өт­кі­зу қа­бі­лет­ті­лі­гі (жы­лы­на жо­ла­у­шы)
5.7.
Порт­қа кі­ре­тін ке­ме­лер­дің ба­рын­ша өл­шем­де­рі (шө­гу, ұзынды­ғы, ені) (метр)
5.8.
Жа­бық қой­ма­лар ала­ңы (мың шар­шы метр)
5.9.
Ашық қой­ма­лар ала­ңы (мың шар­шы метр)
5.10.
Мұ­най­ды, мұ­най өнім­де­рін, хи­ми­я­лық жүк­тер, құй­ыл­ма­лы азық-тү­лік жүк­те­рін, астық жүк­те­рін сақ­та­у­ға ар­нал­ған ре­зер­ву­ар­лар­дың сый­ым­ды­лы­ғы (мың тон­на)
6.
Те­ңіз пор­ты­ның на­ви­га­ция ке­зе­ңі
7.
По­шта­лық ме­кен­жай
8.
Те­ңіз тер­ми­нал­да­ры опе­ра­тор­ла­ры­ның, сон­дай-ақ те­ңіз тер­ми­нал­да­ры опе­ра­тор­ла­ры көр­се­те­тін қыз­мет­тер­дің тіз­бе­сі:

Қолданыстағы