Об утверждении Правил и сроков передачи банками второго уровня и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций, сведений об открытии и закрытии текущих счетов для учета налога на добавленную стоимость, а также об остатках и движении денег по таким счетам Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қосылған құн салығын есепке алу үшін екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, ағымдағы шоттардың ашылғаны және жабылғаны туралы, сондай-ақ осындай шоттар бойынша ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді беру қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 24-бабы 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қосылған құн салығын есепке алу үшін екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, ағымдағы шоттардың ашылғаны және жабылғаны туралы, сондай-ақ осындай шоттар бойынша ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді беру қағидалары және мерзімдері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Басқа 0. Қосылған құн салығын есепке алу үшін екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, ағымдағы шоттардың ашылғаны және жабылғаны туралы, сондай-ақ осындай шоттар бойынша ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді беру қағидалары және мерзімдері
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 634 бұйрығымен бекітілген Қосылған құн салығын есепке алу үшін екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, ағымдағы шоттардың ашылғаны және жабылғаны туралы, сондай-ақ осындай шоттар бойынша ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді беру қағидалары және мерзімдері
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қосылған құн салығын есепке алу үшін екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, ағымдағы шоттардың ашылғаны және жабылғаны туралы, сондай-ақ осындай шоттар бойынша ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді беру қағидалары және мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар), «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 24-бабының 18) тармақшасына сәйкес әзірленген және екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – Банктер), бақылау шоттарын ашқаны және жабқаны туралы, сондай-ақ осындай шоттар бойынша ақшалардың қозғалысы мен қалдықтары туралы мәліметтерді (бұдан әрі – Мәліметтер) беру тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
Тармақ 2
2. Қосымша құн салығының Бақылау шоты Қазақстан Республикасының аумағында Банктерде қосымша құн салығын төлеушілер ашатын, қосымша құн салығы бойынша қозғалыстарды есепке алу үшін пайдаланылатын банктік шот болып табылады.
Тарау 2. 2-тарау. Мәліметтер беру тәртібі және мерзімдері
2-тарау. Мәліметтер беру тәртібі және мерзімдері
Тармақ 3
3. Банктер осы Қағидаларға 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес бірегей сәйкестендіруді көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі – Комитет) кем дегенде, жұмыс күнінде екі сағатта бір рет расталған Мәліметтерді береді. Банктер Мәліметтерді беруі үшін, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы Заңымен белгілеген тәртіппен Комитеттің «ҚҚС-Blockchain» ақпараттық жүйесі және өзінің ақпараттық жүйелері арқылы өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады. Электрондық форматтағы өзара іс-қимыл Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген) 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен бекітілген «Электрондық үкімет» ақпараттандыру объектілерін біріктіру қағидаларына сәйкес жасалатын, екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйелері мен Комитеттің «ҚҚС- Blockchain» ақпараттық жүйесін біріктіруді іске асыру жөніндегі келісімде айқындалады. Берілетін Мәліметтер, мәліметтерді беруге уәкілетті тұлғаның не оны алмастыратын тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады. Техникалық проблемаларға байланысты, оның ішінде осы Қағиданың 3-тармағында белгіленген мерзімде Мәліметтерді беру мүмкін болмаған кезде, Банктер техникалық проблемаларды жойғаннан кейін, техникалық проблемалар туындаған сәттен бастап және оларды жойғанға дейін жинақталған Мәліметтерді береді.
Басқа 1
Қосылған құн салығын есепке алу үшін екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, ағымдағы шоттарды ашқаны және жабқаны туралы, сондай-ақ осындай шоттар бойынша ақшалардың қозғалысы мен қалдықтары туралы мәліметтерді беру қағидаларына және мерзімдеріне 1-қосымша № Ата­уы Ти­пі Анық­та­ма­лық 1. Ба­қы­лау шо­ты ие­сі­нің же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (бұ­дан әрі - ЖСН)/ биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (бұ­дан әрі - БСН) сан­дық 2. Ба­қы­лау шо­ты­ның нө­мі­рі (IBAN) сан­дық және сим­вол­дық 3. Ба­қы­лау шо­ты­ның ти­пі сим­вол­дық ағым­да­ғы 4. Ба­қы­лау шо­ты мәр­те­бе­сі­нің ко­ды сан­дық 1 – шот ашыл­ды, 2 – шот жа­был­ды 5. Ба­қы­лау шо­ты­ның ашы­лу кү­ні сан­дық және сим­вол­дық YYYY-MM-DDThh:mm:ssZ 6. Ба­қы­лау шо­ты­ның жа­бы­лу кү­ні (жа­бы­л­ған Ба­қы­лау шот­та­ры ға­на көр­се­ті­ле­ді) сан­дық және сим­вол­дық YYYY-MM-DDThh:mm:ssZ 7. Банк­тің БСК сим­вол­дық 8. Ба­қы­лау шо­ты бой­ын­ша опе­ра­ци­я­лар тү­рі сим­вол­дық 1 – шот ашу, 2 – шот­ты жа­бу 9. Банк шо­ты шар­ты­ның нө­мі­рі (Ба­қы­лау шо­ты) сан­дық және сим­вол­дық 10. Банк шо­ты шар­ты­ның кү­ні (Ба­қы­лау шо­ты) сан­дық және сим­вол­дық YYYY-MM-DD Ескертпе: аббревиатураны ашып жазу: БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі БСК – банктің сәйкестендіру коды YYYY-MM-DDThh:mm:ssZ – жылы/айы/күні /сағат/минут/секунд/сағаттық белдеу БСК – бюджеттік сыныптама коды ТТК – төлем тапсырмасының коды IBAN – банктік шоттың халықаралық нөмірі ID – бірегей идентификатор
Басқа 2
Қосылған құн салығын есепке алу үшін екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, ағымдағы шоттарды ашқаны және жабқаны туралы, сондай-ақ осындай шоттар бойынша ақшалардың қозғалысы мен қалдықтары туралы мәліметтерді беру қағидаларына және мерзімдеріне 2-қосымша № Ата­уы Ти­пі Анық­та­ма­лық 1. Ба­қы­лау шо­ты ие­сі­нің ЖСН/БСН-і сан­дық 2. Ба­қы­лау шо­ты ие­сі­нің ата­уы сим­вол­дық 3. Ба­қы­лау шо­ты­ның нө­мі­рі (IBAN) сан­дық және сим­вол­дық 4. Ба­қы­лау шо­ты­ның ва­лю­та­сы сим­вол­дық 5. Ба­қы­лау шо­ты­ның ти­пі сим­вол­дық ағым­да­ғы 6. Ба­қы­лау шо­тын­да­ғы қал­дық со­ма­сы сан­дық 7. Ба­қы­лау шо­ты мәр­те­бе­сі­нің ко­ды сан­дық 1 – шот ашыл­ды, 2 – шот жа­был­ды 8. Ба­қы­лау шо­ты­ның мәр­те­бе­сі өзгер­ті­л­ген күн сан­дық және сим­вол­дық YYYY-MM-DDThh:mm:ssZ Ескертпе: аббревиатураны ашып жазу: БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі БСК – банктің сәйкестендіру коды YYYY-MM-DDThh:mm:ssZ – жылы/айы/күні /сағат/минут/секунд/сағаттық белдеу БСК – бюджеттік сыныптама коды ТТК – төлем тапсырмасының коды IBAN – банктік шоттың халықаралық нөмірі ID – бірегей идентификатор
Басқа 3
Қосылған құн салығын есепке алу үшін екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, ағымдағы шоттарды ашқаны және жабқаны туралы, сондай-ақ осындай шоттар бойынша ақшалардың қозғалысы мен қалдықтары туралы мәліметтерді беру қағидаларына және мерзімдеріне 3-қосымша № Ата­уы Ти­пі Анық­та­ма­лық 1. Ба­қы­лау шо­ты ие­сі­нің ЖСН/БСН-і сан­дық 2. Ба­қы­лау шо­ты ие­сі­нің ата­уы сим­вол­дық 3. Ба­қы­лау шо­ты­ның нө­мі­рі (IBAN) сан­дық және сим­вол­дық 4. Ба­қы­лау шо­ты­ның ва­лю­та­сы сим­вол­дық 5. Ба­қы­лау шо­ты­ның ти­пі сим­вол­дық ағым­да­ғы 6. Ба­қы­лау шо­ты­ның ашы­лу кү­ні сан­дық және сим­вол­дық YYYY-MM-DDThh:mm:ssZ 7. Де­бет/кре­дит опе­ра­ци­я­ла­ры­ның бел­гі­сі сан­дық 1 – де­бет, 2 – кре­дит 8. Тө­лем тап­сыр­ма­сы­ның нө­мі­рі сан­дық 9. Бі­ре­гей ID тран­зак­ци­я­сы сан­дық 10. Опе­ра­ция ва­лю­та­сы сим­вол­дық 11. Опе­ра­ция БСК сан­дық 12. Опе­ра­ция ТТК сан­дық 13. Тө­лем тап­сыр­ма­сы сим­вол­дық 14. Опе­ра­ция жүр­гі­зі­л­ген кү­ні сан­дық және сим­вол­дық YYYY-MM-DDThh:mm:ssZ 15. Опе­ра­ция со­ма­сы сан­дық 16. Ба­қы­лау шо­ты - кор­ре­спон­дент ие­сі­нің ЖСН/БСН-і сан­дық 17. Ба­қы­лау шо­ты - кор­ре­спон­дент ие­сі­нің ата­уы сим­вол­дық 18. Ба­қы­лау шо­ты - кор­ре­спон­дент ашы­л­ған банк­тің БСК-ы сим­вол­дық 19. Ба­қы­лау шо­ты­ның - кор­ре­спон­дент нө­мі­рі (IBAN) сан­дық және сим­вол­дық Ескертпе: аббревиатураны ашып жазу: БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі БСК – банктің сәйкестендіру коды YYYY-MM-DDThh:mm:ssZ – жылы/айы/күні /сағат/минут/секунд/сағаттық белдеу БСК – бюджеттік сыныптама коды ТТК – төлем тапсырмасының коды IBAN – банктік шоттың халықаралық нөмірі ID – бірегей идентификатор