О переименовании административно-территориальных единиц Туркестанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании административно-территориальных единиц Туркестанской области
- Атауы (қаз.)
- Түркістан облысының әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 38/417-VI
- Қабылданған күні
- 13.06.2019
- Көрсетілген редакция
- 13.06.2019 132844_412189.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.06.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19U0005094
- ЭКБ идентификаторы
- 132844
- Редакция идентификаторы
- 132844_412189
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:32
0 Түркістан облысының әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 11-бабы 4) тармақшасына сәйкес және облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 10 қазандағы қорытындысы негізінде Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1 1. Түркістан облысы Қазығұрт ауданының мынадай әкімшілік-аумақтық бірліктері:
Шарапхана ауылдық округі – Сарапхана ауылдық округі болып;
Шарапхана елді мекені – Сарапхана елді мекені болып қайта аталсын.
2 2. «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1 1) осы бірлескен қаулы мен шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бірлескен қаулы мен шешімді мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3) осы бірлескен қаулы мен шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Түркістан облысы әкімі аппаратының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Түркістан облысы Қазығұрт ауданының әкімдігі осы бірлескен қаулы мен шешімнен туындайтын шараларды қабылдасын.
4 4. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қ.Қ.Айтмұхаметов
Ә.Е.Тұрғымбеков
Ж.Е.Аманбаев
М.И.Мырзалиев
М.Н.Отарбаев
Е.Ә.Садыр
А.А.Абдуллаев
А.Б.Тасыбаев