Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра внутренних дел Республики Казахстан

Бұйрық · № 598 · қабылданған 28.06.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-132847/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра внутренних дел Республики Казахстан Күшін жойған Бұйрық ·№ 598 ·28.06.2019
17.08.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.08.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра внутренних дел Республики Казахстан

Күшін жойған Бұйрық ·№ 598 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра внутренних дел Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
598
Қабылданған күні
28.06.2019
Көрсетілген редакция
17.08.2021 132847_535437.kaz
Соңғы өзгеріс
17.08.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018947
ЭКБ идентификаторы
132847
Редакция идентификаторы
132847_535437
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:19

0 Қазақстан Республикасы Ішкі істер

министрінің кейбір бұйрықтарына
өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы
«Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы
Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 1-1) тармақшасына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік

он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау
банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
2019 жылғы « »
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
2019 жылғы « »

0 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2019 жылғы ___ _________
№ ____ бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының
тізбесі

1

2

3 Ғимараттардың, құрылыстардың және өрт бөліктерінің құрылыс конструкцияларының отқа төзімділік дәрежесінің және отқа төзімділік шегінің сәйкестігі

3. «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы
23 маусымдағы № 439 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15501 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентіде:
5-тармақ:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) автоматтық автожанармай құю станциясы – технологиялық жүйесі көлік құралдарына сұйық мотор майын құюға арналған және резервуарларының жер астында орналасуымен және мұнай өнімдерін отын тарату колонкалары арқылы автоматтандырылған (оператордың қатысуысыз) түрде жіберумен сипатталатын стационарлық автожанармай құю станциясы;»;
мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) дайындаушы – өнімді өз атынан өндіруді немесе өнімді өндіру мен өткізуді жүзеге асыратын және оның Қазақстан Республикасының техникалық регламенттері талаптарына сәйкестігіне жауапты заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға, оның ішінде шетелдік дайындаушы;
4-2) дайындаушы уәкілеттік берген тұлға – дайындаушымен, оның ішінде шетелдік дайындаушымен шарт негізінде сәйкестікті растау және өнімді Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа шығару кезінде осы дайындаушының атынан әрекеттерді жүзеге асыратын, сондай-ақ өнімнің Қазақстан Республикасының техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмегені үшін жауаптылықта болатын, мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен оның аумағында тіркелген заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретіндегі жеке тұлға;»;
мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) импорттаушы – мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен оның аумағында жеке кәсіпкер ретінде тіркелген, шетелдік дайындаушымен (сатушымен) өнім беруге сыртқы сауда шартын жасасқан, осы өнімді Қазақстан Республикасының аумағына айналысқа шығаруды  және (немесе) сатуды жүзеге асыратын және оның техникалық регламенттің  талаптарына сәйкестігі үшін жауапты болатын заңды тұлға немесе жеке тұлға;»;
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«39. Өрт сөндіру автомобильдерінің:
1) екі бойлық жақтан – функционалдық өрт қауіптілігі Ф1.3 сыныпты биіктігі 28-ден бастап 50 метрге дейін қоса алғанда, функционалдық өрт қауіптілігі Ф1.2, Ф1.5. Ф2.1, Ф2.2, Ф3, Ф4.2, Ф4.3 сыныпты биіктігі 18-ден
50 метрге дейін ғимараттар мен құрылыстарға;
2) барлық тараптардан (шеңберлік өту жолдары):
функционалдық өрт қауіптілігі Ф1.1, Ф4.1 сыныпты ғимараттар мен құрылыстарға;
функционалдық өрт қауіптілігі Ф1.2, Ф1.5, Ф2.1, Ф2.2, Ф3,Ф4.2, Ф4.3 биіктігі 50 метрден астам ғимараттар мен құрылыстарға;
функционалдық өрт қауіптілігі Ф1.3 биіктігі 75 метрден астам ғимараттар мен құрылыстарға;
бір-бірімен функционалдық байланысқан (қосылған) ғимараттар мен құрылыстардың кешеніне өтуі қамтамасыз етілуі тиіс.»;
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«44. Өту жолдары мен жаяу жүргіншілер жолдарын орналастыру кезінде өрт техникасының тұрғын және қоғамдық, оның ішінде жапсарлас-іргелес үй-жайлары бар ғимараттарға өту мүмкіндігі және өрт сөндірушілердің автосатылар мен автокөтергіштерден кез келген пәтерге немесе үй-жайға қол жеткізуі қамтамасыз етілуі қажет.
Өту жолының жиегінен бастап ғимараттың қабырғасына дейінгі қашықтықты 10-нан бастап 28 м дейін қоса алғандағы ғимараттар үшін 5-8 м және 28 м астам ғимараттар үшін 8-10 м етіп қабылдануы тиіс. Бұл аймақта ғимараттар мен құрылыстарды салуға, қоршаулар, электр бергіштің әуе желілерін орналастыруға және ағаштарды қатарлап отырғызуды жүзеге асыруға жол берілмейді.»;
84-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«84. Өрт гидрантын өтетін бөліктің шетінен бастап 2,5 м артық емес, бірақ ғимараттар мен құрылыстардың қабырғаларынан кемінде 5 м аралықта автомобиль жолы бойымен орнатқан жөн.
Өрт гидрантын өтетін бөлікте орналастыруға рұқсат етіледі, бұл ретте біріккен шаруашылық-ауыз су құбыры желісінен тармақтануда өрт гидрантын орнатуға жол берілмейді.»;
99-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«99. Өрт техникасы үшін қажетті өту жолдары мен кіреберістерді қамтамасыз еткен жағдайда, оттөзімділіктің I және II деңгейлі тұрғын және қоғамдық ғимараттары арасындағы өртке қарсы қашықтықтар нормаланбайды, бұл ретте көршілес объектіге қарсы орналасқан, барынша биік немесе кең ғимараттың, құрылыстың қабырғасы 1 типті өртке қарсы болып табылады.»;
104-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«104. Функционалдық өрт қауіптілігі Ф1.1, Ф4.1, сондай-ақ А және Б санаттарындағы Ф5 кіші класындағы ғимараттардан басқа, отқа төзімділігі
I, ІІ, III, IIIа, IIIб дәрежелі ғимараттардың отқа төзімділік шегі кемінде
RЕІ 150 болатын тұйық бүйір қабырғалары және көп қабатты жабық
гараж-тұрақтар (оның ішінде автомобильдер баяу жүретін) арасындағы өртке қарсы қашықтық нормаланбайды.»;
131-тармақ алып тасталсын;
252-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«252. Ғимараттар мен құрылыстарға өтетін және кіреберіс жерлерде өрт сөндіру техникасының өтуіне, өрт техникасын орнатуға және оның жұмысына кедергі келтіретін автокөлік тұрағына және автомобиль қоюға, сондай-ақ өрт сөндіру гидранттары құдықтарының қақпақтарында автокөлік тұрағына және автомобиль қоюға жол берілмейді.»;
262-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«262. Орман алқабында орналасқан шипажайлар, демалыс үйлері және басқа сауықтыру мекемелерінің (оның ішінде жазғы балалар саяжайы, балалардың сауықтыру лагерьлері) аумақтарында периметрі бойынша орман өрттері болған кезде, ғимараттар мен құрылыстарға өрттің таралу мүмкіндігін болдырмайтын, ені 3 м-ден кем болмайтын минералданған қорғау жолағы болуы тиіс.»;
269-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«269. Өрт сөндіру және өрт сигнализациясы қондырғылары, өрт кезінде адамдарды құлақтандыру және эвакуациялауды басқару, түтінге қарсы қорғау және өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелері, өртке қарсы есіктер, клапандар мен люктер, басқа өртке қарсы кедергілерде ойықтарды толтырғыштар,
үй-жайлар, ғимараттар мен құрылыстар, адамдарды қорғау және құтқару құралдары жобалау құжаттамасына сәйкес келуі және үнемі жарамды жұмыс күйінде болуы тиіс.
Қондырғылардың (жекелеген желілердің, хабарлаушылардың), өртке қарсы қорғау жүйелері мен құралдарының істен шығуына байланысты, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша шараларды іске асырусыз, оларға техникалық қызмет көрсету және жоспарлы-алдын ала жөндеу бойынша жұмыстарды орындау кезінде ғимараттар мен құрылыстарды пайдалануға жол берілмейді.»;
270-тармақ алып тасталсын;
273-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«273. Конструкциялар мен олардың қаптамаларының қажетті отқа төзімділігін қамтамасыз ету және өрт қауіптілігін төмендету үшін оттан қорғау құралдарын қолдануға жол беріледі.
Барлық отқа төзімділік дәрежесіндегі ғимараттарда (отқа төзімділігі V дәрежеліден басқа) жанғыш материалдардан шатыр жабындарының жоңқасы мен қоршауы оттан қорғағышпен өңделуі тиіс.
Оттан қорғау құрамдарын (сіңіргіштерді) жағу бойынша жұмыстарды жүргізуді оттан қорғау құрамына арналған техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес жүзеге асыру қажет.»;
274-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«274. Ұйым басшысы оттан қорғайтын тозаңды құрамдардың, оттан қорғау майларының, сылақтың, құрылыс конструкцияларының плиталармен, табақты және басқа да оттан қорғау материалдарымен қаптамалардың, жанғыш қаптау және жылуды оқшаулау материалдарының, ауа өткізгіштердің, жабдық пен эстакадалардың металл тіректерінің зақымдануларын жоюды қамтамасыз етеді, сондай-ақ дайындаушы зауыттың нұсқаулығына сәйкес оттан қорғау өңдеуінің (сіңіруінің) жай-күйін тексеруді жүзеге асырады.
Оттан қорғау өңдеуінің (сіңіруінің) жай-күйі техникалық құжаттамада көрсетілген мерзімде немесе жылына кемінде бір рет сынақ хаттамасын құрып тексерілуі тиіс.»;
276-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«276. Ұйымның ғимараттары мен құрылыстарында (жеке тұрғын үйлерді қоспағанда) мыналарға:
1) жобалау нормаларында көзделген жағдайлардан басқа, жертөлелер мен цокольдық қабаттарда тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды, газ толтырылған баллондарды, аэрозолдық буып-түюдегі тауарларды, целлулоидты және басқа жарылыс-өрт қауіпті заттар мен материалдарды сақтауға және қолдануға;
2) шатырдың астын, техникалық қабаттарды, желдету камераларын және басқа техникалық үй-жайларды өндірістік учаскелерді, шеберханаларды ұйымдастыру үшін, сондай-ақ өнімді, жабдықты, жиһазды және басқа заттарды сақтау үшін пайдалануға;
3) лифт холлдарында қамбалар, дүңгіршектер, дүкеншіктер орналастыруға және пайдалануға, сондай-ақ жанғыш материалдарды сақтауға;
4) қабаттардағы дәліздерден, холлдардан, көрермен жайынан, тамбурлардан және басқыш шабақтарынан эвакуациялық шығулардың жобада қарастырылған есіктерін, эвакуациялау жолында қауіпті өрт факторларының таралуына кедергі келтіретін басқа есіктерді алып тастауға;
5) нәтижесінде адамдарды қауіпсіз эвакуациялау жағдайы нашарлайтын, өрт сөндіргіштерге, өрт сөндіру крандарына және басқа өрт қауіпсіздігі құралдарына қол жеткізу шектелетін немесе автоматты өртке қарсы қорғау жүйелерінің (автоматты өрт сигнализациясы, стационарлық автоматты өрт сөндіру қондырғылары, түтінді кетіру жүйелері, құлақтандыру және эвакуациялауды басқару жүйелері) әрекет ету аймағы азаятын көлемдік-жоспарлау шешімдерін өзгертуді жүргізуге;
6) балкондар мен лоджияларда есіктерді, люктерді, аралас секцияларға өтетін жерлерді және эвакуациялау сатыларына шығуларды жиһазбен, жабдықпен немесе басқа заттармен үйіп тастауға, балкон араларындағы сатыларды демонтаждауға, сондай-ақ пәтерлердің балкондары мен лоджияларындағы люктерді дәнекерлеуге;
7) үй-жайды жинауды және бензин, жермай және басқа тез тұтанғыш және жанғыш сұйықтықтарды қолданып жууды жүргізуге, сондай-ақ қатып қалған құбырларды дәнекерлеу шамымен және ашық от қолданылатын басқа тәсілдермен жылытуды жүргізуге;
8) май болған сүрту материалын жинамай қалдыруға;
9) ғимараттың барлық қабаттарының терезелерінде, жертөлелер терезелеріндегі шұңқыршаларда торлар орнатуға (қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін түзеу және арнайы мекемелердің, мекемелердің қоймаларының, кассаларының, үй-жайларын, қару тұратын бөлмелері, құпия бөлімдерін қоспағанда);
10) өрт жағдайында қауіпсіздік аймақтарына жататын балкондарды, лоджиялар мен галереяларды шынылауға;
11) басқыш шабақтары мен дәліздерде қамбалар (қосалқы үй-жайлар) орнатуға, сондай-ақ басқыш жайылмаларының астында және басқыш алаңдарында заттарды, жиһаз және басқа жанғыш материалдарды сақтауға. Бірінші және цокольдық қабаттардағы басқыш жайылмаларында орталық жылытуды басқару тораптарына, су өлшеу және жанбайтын материалдардан жасалған бөлгіштермен қоршалған электрқалқанды тораптарға арналған
үй-жайды ғана орналастыруға рұқсат етіледі;
12) ғимараттардың өндірістік және қоймалық үй-жайларында (отқа төзімділігі V деңгейлі ғимараттардан басқа) антресолдар мен бөлгіштер, қызмет көрсететін қосымша бөлмелерді, қамбалар, конторкаларды және басқа жанғыш материалдардан салынған құрамдас үй-жайларды орналастыруға;
13) жеке қорғау құралдарын орнату және құтқару құрылғыларын бекіту орындарына өту жолдарын үймелеуге және жабуға жол берілмейді.»;
278-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«278. Бір мезгілде 50-ден астам адамның келуіне арналған үй-жайлар, сондай-ақ бір мезгілде 15-тен астам адамның келуіне арналған жертөле және цокольдық қабаттардың үй-жайларында кемінде екі эвакуациялық шығу жолдары болуы қажет.
Отқа төзімділік деңгейі IV және V ғимараттар мен құрылыстарда 50 және одан артық адамның бір мезгілде болуына бірінші қабаттағы үй-жайда ғана рұқсат етіледі.»;
285 және 286-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«285. Ашылу бағыты нормаланбайтын мынадай есіктерден басқа, эвакуациялау жолдарындағы есіктер және ғимараттан шығатын бағыт бойынша ашылуы тиіс, атап айтқанда:
1) Ф1.3 және Ф1.4 сыныпты үй-жайлардың;
2) А және Б үй-жайларынан басқа, бір мезгілде 15-тен аспайтын адам келетін үй-жайлардың;
3) ауданы 200 м2 қоймалардың;
4) санитарлық тораптардың;
5) 3-типтік сатылардың аумағына шығу жолдарының.
286. Эвакуациялық шығу жолдарының есіктеріндегі тиектер, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайлардан басқа, оларды ішінен кілтсіз ашу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.»;
288-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«288. Эвакуациялық жолдар мен шығуларды пайдаланған кезде:
1) эвакуациялық жолдар мен шығуларды (оның ішінде өтетін жерлер, дәліздер, тамбурлар, галереялар, лифті холлдары, басқыш алаңдары, басқыш шабақтары, есіктер, эвакуациялық люктер) түрлі материалдармен, бұйымдармен, жабдықтармен, өндірістік қалдықтармен, қоқыспен және басқа заттармен үйіп тастауға, сондай-ақ эвакуациялық шығу есіктерін шегелеп тастауға;
2) шығу тамбурларында (пәтерлер мен жеке тұрғын үйлерді қоспағанда) киімге арналған кептіргіштер мен ілгіштер, гардеробты орналастыруға,
сондай-ақ керек-жарақтар мен материалдарды сақтауға (оның ішінде уақытша);
3) эвакуациялау жолдарында табалдырықтар (есіктердің ойықтарындағы табалдырықтардан басқа) орнатуға, ішкі жағынан қолмен ашу және ашық күйінде бұғаттау мүмкіндігі жоқ қозғалмалы және көтеріліп-түсірілетін есіктер мен қақпаларды, айналатын есіктер мен турникеттерді, сондай-ақ басқа (қайталайтын) эвакуациялау жолдары болмаған кезде немесе көрсетілген құрылғыларды қолмен ашуға және ашық күйінде бұғаттауға мүмкіндік беретін техникалық шешімдер болмаған кезде адамдарды еркін эвакуациялауға кедергі келтіретін басқа да құрылғыларды орнатуға жол берілмейді. Қолмен басқарылатын тәсілге қосымша құрылғыларды автоматты немесе қашықтықтан ашу және бұғаттау тәсілін қолдануға жол беріледі;
4) отқа төзімділігі V дәрежелі ғимараттардан басқа, қабырғалары мен төбелерін өңдеуге, қаптауға және бояуға арналған жанғыш материалдарды, сондай-ақ отқа төзімділік деңгейі V ғимараттарды есептемегенде, эвакуациялау жолындағы сатылар мен басқыш алаңдарын қолдануға;
5) басқыш шабақтарының, дәліздердің, холлдар мен тамбурлардың өздігінен жабылатын есіктерін ашық күйінде бекітуге, сондай-ақ оларды алып тастауға;
6) түтіндемейтін басқыш шабақтарының ауа аймақтарының терезе жапқыштарын шынылауға немесе жабуға;
7) арқауланған шыныны есіктер мен фрамугтарды шынылауда жай шынымен ауыстыруға жол берілмейді.»;
290-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«290. Адамдар жаппай жиналатын үй-жайларда кілемдер, кілем төсемшелері және өзге де еден жабындары еденге бекітілуі тиіс.»;
292-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«292. Үй-жайлардағы электрлік қондырғылар мен тұрмыстық электрлік аспаптар жұмыс уақыты (ауысымы) аяқталған кезде тоқсыздандырылуы керек.
Авариялық жарық түсіру, өрт сөндіру және өртке қарсы сумен жабдықтау қондырғылары, өрт сөндіру және күзет-өрт сигналын бергіштер кернеуде қосылып қалуы керек. Басқа электрлік қондырғылар мен электртехникалық бұйымдарды (оның ішінде тұрғын үй-жайларда), егер бұл олардың функционалдық қолданысымен негізделсе және (немесе) пайдалану жөніндегі нұсқаулық талаптарында көзделсе, кернеуде қалдыруға рұқсат етіледі.»;
314-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«314. Отпен жылытуды пайдалану кезінде:
1) 1) жағылатын пешті қараусыз қалдыруға, сондай-ақ оларды қадағалауды балаларға тапсыруға;
2) жағу үшін дайындалған отынды, сондай-ақ басқа жанғыш заттар мен материалдарды пештің алдындағы табаққа орналастыруға;
3) қатты отын жағылатын пештерді жағу үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдануға;
4) осы отын түріне арналмаған пештерді көмірмен, кокспен және газбен жағуға;
5) үй-жайларда жиналыстар және басқа да көпшілік іс-шаралар өткізу уақытында пеш жағуға;
6) пештерді шамадан тыс қыздыруға;
7) жанғыш заттар мен материалдарды (аяқ киім, киім, ағаш) пештер мен түтіндіктердің беттерінен 0,5 м кем болатын арақашықтықта кептіруге;
8) ысырмаларды (жаппаларды) жобалау нормаларында көзделген ойықтарсыз қолдануға;
9) желдету және газ арналарын түтін жолдары ретінде қолдануға;
10) ақаулықтары, сызаттары мен саңылаулары бар пештерді жағуды жүзеге асыруға жол берілмейді.»;
323-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«323. Желдету камералары, циклондар, сүзгілер, ауаарналар жанғыш шаңдардан, өндіріс қалдықтарынан және май шөгінділерінен тазартылуы тиіс.
Тазарту мерзімділігі ерікті нысанда тиісті акт дайындай отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы
9 желтоқсандағы № 758 бұйрығымен бекітілген «Желдету мен ауаны баптау жүйелеріне, оларды тазалау мен дезинфекциялауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12846 болып тіркелген) белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылады.»;
344-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«344. Газ баллон қондырғыларын орналастыру және пайдалану, оның ішінде адамдар тұруға арналған ғимарат ішінде орналастыру Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 9 қазандағы № 673 бұйрығымен бекітілген Газбен жабдықтау жүйелері жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15986 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылуы керек.»;
мынадай мазмұндағы 392-1-тармақпен толықтырылсын:
«392-1. Ғимараттар мен құрылыстарда электр электр кабельдері мен өткізгіштерді төсеу үшін көлденең және тік арналардың өрттің таралуынан қорғанышы болуы тиіс.
Кабель арналарының, қораптардың және өткізгіштердің отқа төзімділік шегі нормаланған құрылыс конструкциялары арқылы өтетін жерлерде отқа төзімділік шегі осы конструкциялардың отқа төзімділік шегінен төмен емес кабель өткізгіштері көзделуі тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 419-1-тармақпен толықтырылсын:
«419-1. Құрылыс конструкцияларының (оның ішінде ойықтарды толтыру конструкцияларының), сондай-ақ құрылыс материалдарының (оның ішінде өңдеу) өрт қауіптілігі көрсеткіштерінің сәйкестігін растау міндетті сертификаттау нысанында жүргізіледі.
Сертификаттауды сәйкестікті растау жөніндегі орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысымен бекітілген «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламентіне,
сондай-ақ Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы
№ 710 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17758 болып тіркелген) Сәйкестікті растау қағидаларына сәйкес сертификаттау схемалары бойынша жүргізеді.
Сериялық шығарылатын құрылыс материалдары мен конструкцияларын сертификаттау кезінде 2-сертификаттау схемасы қолданылады, дайындаушы оның өтініш берушісі бола алады.
Құрылыс материалдары мен конструкцияларының партиясын сертификаттау кезінде 7-сертификаттау схемасы қолданылады, дайындаушы уәкілеттік берген тұлға, импорттаушы оның өтініш берушісі бола алады.»;
«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентіне 1-қосымшада:
40-тармаққа орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«44. Функционалдық өрт қауіптілігі класы Ф5 үй-жайлар мен ғимараттар өрт-жарылыс қауіптілігі және өрт қауіптілігі бойынша мынадай санаттарға бөлінеді:
1) А (өрт-жарылыс қауіптілігі жоғары);
2) Б (өрт-жарылыс қауіптілігі);
3) В1 - В4 (өрт қауіптілігі);
4) Г (өрт қауіптілігі орташа);
5) Д (өрт қауіптілігі темен).»;
«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентіне 2-қосымшаның 1-кестесі мынадай редакцияда жазылсын:
«1-кесте
Ғимараттардың, құрылыстардың және өрт бөліктерінің құрылыс
конструкцияларының отқа төзімділік дәрежесінің
және отқа төзімділік шегінің сәйкестігі
Ғи­ма­рат­тар­дың, құ­ры­лы­стар­дың және өрт бө­лік
те­рі­нің от­қа тө­зім­ді­лік дә­ре­же­сі
Құ­ры­лыс кон­струк­ци­я­ла­ры­ның от­қа тө­зім­ді­лік ше­гі
Ара­лық қа­быр­ға­лар, ба­ған­дар және өзге ара­лық эле­мент­тер
Сырт­қы ара­лық қа­быр­ға­лар
Қа­бат­тар­дың ара­сын­да­ғы дал­да­лар (оның ішін­де ша­тыр­лар­дың және жер­тө­ле үст­ін­де­гі)
Ша­тыр­сыз жа­бын­дар­дың құ­ры­лыс кон­струк­ци­я­ла­ры
Са­ты тор­ла­ры­ның құ­ры­лыс кон­струк­ци­я­ла­ры
тө­сем­дер (оның ішін­де жы­лыт­қы­шы бар)
флар, бө­ре­не­лер, өт­кін­дер
іш­кі қа­быр­ға­лар
бі­лік­тер,
са­ты бас­пал­дақ­та­ры­мен алаң­да­ры
I
R 150
E 30
REI 60
RE 30
R 30
REI 150
R 60
II
R 120
E 15
REI 45
RE 15
R 15
REI 120
R 60
III
R 120
E 15
REI 45
RE 15
R 15
REI 120
R 60
IIIа
R 15
E 15
REI 15
RE 15
R 15
REI 60
R 60
IIIб
R 60
E 15
REI 45
RE 30
R 45
REI 60
R 45
IV
R 15
E 15
REI 15
RE 15
R 15
REI 30
R 15
IVа
R 15
E 15
REI 15
RE 15
R 15
REI 15
R 15
V
нор­малан­бай­ды
нор­малан­бай­ды
нор­малан­бай­ды
нор­малан­бай­ды
нормалан­бай­ды
нор­ма-
лан­бай­ды
нормалан-бай­ды
»;
«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентіне 8-қосымшаның 3-кестесі мынадай редакцияда жазылсын:
«3-кесте
Жер үсті резервуары бар автоқұю станциясы аумағында орналасқан
ғимараттар және құрылыс арасындағы ең қысқа өртке қарсы қашықтықтар
АЖМС ғи­ма­рат пен құ­ры­лыс ата­уы
«...ата­уы» ба­ға­на­сын­да жа­зу тәр­ті­бін­де сәй­кес ғи­ма­рат­тар мен құ­ры­лы­стар ара­сын­да­ғы ең кі­ші қа­шық­тық, м
1
2
3
4
5
6
7
8
9
1. Отын сақ­та­у­ға ар­нал­ған же­ра­с­ты ре­зер­ву­ар­ла­ры
-
4
-
3
9
9
9
15
15
-
6
2. Отын та­ра­ту ба­ға­на­ла­ры (ОТБ)
4
-
-
6
9
9
12
15
15
4
9
3. Ав­то­ци­стер­на­ға ар­нал­ған алаң
-
-
-
6
9
-
12
15
15
-
9
АЖМС қыз­мет­кер­ле­рі мен кө­лік құ­рал­да­ры­на сер­ви­стік қыз­мет көр­се­ту­ге ар­нал­ған ғи­ма­рат­тар (тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры мен ав­то­мо­биль­дер­ді жуу)
4. от­қа тө­зім­ді­лік бой­ын­ша I және II дең­гей­лер
3
9
6
9
6
9
6
9
9
9
3
9
-
9
5. от­қа тө­зім­ді­лік бой­ын­ша IIIа дең­гей­лер
9
9
9
9
12
9
12
6
9
6
9
Жо­ла­у­шы­лар мен жүр­гін­ші­лер­ге сер­ви­стік қыз­мет көр­се­ту ғи­ма­рат­та­ры (сәй­кес та­у­ар­лар дү­ке­ні, ка­фе, са­ни­тар­лық то­рап)
6. от­қа тө­зім­ді­лік­тің
I және II дең­гей­ле­рі
9
12
12
15
12
15
9
9
6
9
9
15
-
9
7. от­қа тө­зім­ді­лік­тің
ІІІа дең­гей­ле­рі
15
15
15
9
12
9
12
12
15
6
9
8. Мұ­най өнім­де­рі­мен ла­стан­ған ат­мо­сфе­ра­лық жа­уын-ша­шын­ды та­зар­ту құ­ры­л­ғы­ла­ры
-
4
-
3
9
6
9
9
15
12
15
-
6
9. Кө­лік құ­рал­да­ры­ның тұ­рақ ала­ңы
6
9
9
-
9
6
9
-
9
6
9
6
12
Ес­керт­пе:
1. Қа­шық­тық­тар көр­се­ті­л­ген: алым­да – жақ­та­у­сыз ғи­ма­рат қа­быр­ға­ла­ры­на дей­ін, бө­лім­де жақ­та­у­лы ғи­ма­рат қа­быр­ға­сы. «-» бел­гі­лен­ген қа­шық­тық­тар нор­ма­лан­бай­ды;
2. Қа­шық­тық­тар нор­ма­лан­бай­ды:
1) егер өзге ғи­ма­рат жа­ғы­на қа­ра­ты­л­ған ба­рын­ша кең ғи­ма­рат қа­быр­ға­сы өрт­ке қар­сы бол­са, кө­лік құ­рал­да­ры­на сер­ви­стік қыз­мет көр­се­ту ғи­ма­рат­та­ры ара­сын­да;
2) егер АЖМС қыз­мет­кер­ле­ріне ар­нал­ған ғи­ма­рат­та жүр­гі­зу­ші­лер­ге, жо­ла­у­шы­лар мен олар­дың кө­лік құ­рал­да­ры­на сер­ви­стік қыз­мет көр­се­ту ғи­ма­ра­ты бол­ма­са;
3. Кө­лік құ­рал­да­ры­ның тұ­ра­ғы­на ар­нал­ған өл­шем­дер он­да бір­дей уа­қыт­та 10 кө­лік құ­ра­лы бо­луын қам­та­ма­сыз етуі ке­рек. 9-жол­да же­ңіл мен мо­то­кө­лік­тер тұ­рақ­та­ры­на дей­ін қа­шық­тық көр­се­ті­л­ген. Өзге кө­лік құ­рал­да­ры­ның тұ­рақ­та­рын ұй­ым­да­стыр­ған кез­де от­қа тө­зім­ді­лік бой­ын­ша I және II са­нат­ты жақ­та­у­сыз ғи­ма­рат қа­быр­ға­ла­ры­на дей­ін­гі қа­шық­тық ке­мі 9 м, ал қал­ған қа­шық­тық­тар­ды 50 % арт­ты­ру ке­рек.
4. Транс­фор­ма­тор кі­ші стан­ци­я­сы­нан АЖМС ғи­ма­ра­ты мен құ­ры­лы­ста­ры­на дей­ін­гі қа­шық­тық № 230 бұй­рық­тың та­лап­та­ры­на сәй­кес қа­был­да­на­ды.
5. Ав­то­мат­ты АЖМС жо­ба­лау ке­зін­де отын сақ­та­у­ға ар­нал­ған ре­зер­ву­ар­лар мен ОТБ ара­сын­да­ғы қа­шық­тық нор­ма­лан­бай­ды.
»;
«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентіне 14-қосымшаның 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Қымбат электронды жабдығы бар, сондай-ақ тарихи құндылыққа ие заттарды сақтауға арналған үй-жайларды (оның ішінде телефон станцияларының, мұражайларлардың, мұрағаттартың үй-жайларын) қорғау үшін өрт сөндіру кезінде жоғарыда көрсетілген заттардың өрт сөндіргіш затпен зақымдану қаупін болдырмау үшін ауа-эмульсиялық және көмірқышқыл өрт сөндіргіштер қолданылуы тиіс.»;
«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентіне 14-қосымшаның 1-кестесі мынадай редакцияда жазылсын:
«1-кесте
Тасымалданатын өрт сөндіргіштермен жабдықтау нормалары
Үй-жай­лар­дың функ­ци­о­нал­дық мақ­са­ты­ның ата­уы және жа­ры­лыс - өрт және өрт қа­уіп­ті­лі­гі бой­ын­ша өн­ді­рі­стік неме­се қой­ма үй-жай­ы­ның (ғи­ма­рат, құ­ры­лыс) са­на­ты
Ти­іс­ті түр­де­гі өрт сөн­дір­гі­шпен қор­ға­ла­тын үй-жай­лар­дың ең үл­кен ала­ңы, м 2
өрт сы­ны­бы
Өрт сөн­дір­гіш­тер кор­пу­сы­ның тү­рі мен кө­ле­міне қа­рай өрт сөн­дір­гіш­тер­дің қа­жет­ті са­ны
Кө­ле­мі 10 л кө­бік­ті және су­лы өрт сөн­дір­гіш­тер
Кө­ле­мі ұн­тақ­ты өрт сөн­дір­гіш­тер, л (өрт сөн­дір­гіш зат сал­ма­ғы, кг)
Ауа-эмуль­си­я­лық кө­ле­мі 3 л өрт сөн­дір­гіш­тер
Кө­ле­мі кө­мір­қыш­қыл өрт сөн­дір­гіш­тер, л (өрт сөн­ді­ру­ші зат сал­ма­ғы, кг)
2(2)
5(4)
10(9)
2(2)
3(5), 5(8)
А, Б, В1-В4 (жан­ғыш га­з­дар мен сұй­ық­тық­тар)
200
A
2++
-
2+
1++
1++
-
-
B
4+
-
2+
1++
1+
-
-
C
-
-
2+
1++
-
-
-
D
-
-
2+
1++
1+
-
-
(E)
-
-
2+
1++
-
-
2++
В1-В4 (қат­ты жан­ғыш заттар мен ма­те­ри­ал­дар)
400
A
2++
4+
2++
1+
1++
-
2+
D
-
-
2+
1++
1+
-
-
(E)
-
-
2++
1+
-
4+
2++
C
-
4+
2++
1+
-
-
-
Г және Д
1800
A
2++
4+
2++
1+
1++
-
-
D
-
-
2+
1++
1+
-
-
(E)
-
2+
2++
1+
-
4+
2++
Қо­ғам­дық ғи­ма­рат­тар
800
A
4++
8+
4++
2+
2++
-
4+
(E)
-
-
4++
2+
-
4+
2++
Ес­керт­пе:
1. «++» бел­гі­сі­мен осы қор­ғау объ­ек­ті­ле­рін жа­рақ­та­у­ға ұсы­ны­ла­тын өрт сөн­дір­гіш­тер, «+» бел­гі­сі­мен қол­да­ны­луы ұсы­ны­ла­тын­дар жоқ кез­де рұқ­сат еті­ле­тін және ти­іс­ті негіз­дер ке­зін­де өрт сөн­дір­гіш­тер, «-» бел­гі­сі­мен осы қор­ғау объ­ек­ті­ле­рін жа­рақ­тау үшін рұқ­сат етіл­мей­тін өрт сөн­дір­гіш­тер бел­гі­лен­ген.
2. Түр­лі сы­нып­ты өрт­тер­ді сөн­ді­ру үшін ұн­тақ­ты өрт сөн­дір­гіш­тер­де сәй­кес за­ряд­тар бо­луы ти­іс: А сы­ны­бы үшін - АВС (Е) ұн­та­ғы; В,С және (Е) сы­ны­бы үшін - ВС(Е) неме­се АВС (Е) және D - D сы­нып­ты ұн­тақ­тар;
3. D сы­нып­ты өрт­тер­ді сөн­ді­ру үшін ауа-эмуль­си­я­лы сөн­дір­гіш­тер­дің ти­іс­ті өрт сөн­дір­гіш затта­ры­ның за­ряд­та­ры мен ти­іс­ті таң­ба­ла­нуы бо­луы ти­іс.
»;
«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентіне 14-қосымшаның 2-кестесі мынадай редакцияда жазылсын:
«2-кесте
Үй-жайларды жылжымалы өрт сөндіргіштермен жарақтау нормалары
Жа­ры­лыс-өрт және өрт қа­уіп­ті­лі­гі бой­ын­ша өн­ді­рі­стік неме­се қой­ма үй-жай­ы­ның (ғи­ма­рат­тың, құ­ры­лы­стың) са­на­ты
Өрт сөн­дір­гіш­тер­дің ти­іс­ті ти­пі­мен қор­ға­ла­тын үй-жай­дың ең үл­кен ауда­ны, м 2
Өрт сы­ны­бы
Өрт сөн­дір­гіш­тер­дің ти­піне және кор­пу­сы­ның кө­ле­міне қа­рай өрт сөн­дір­гіш­тер­дің қа­жет­ті са­ны
Кө­ле­мі 100 л ауа-кө­бік­пен өрт сөн­дір­гіш­тер
Кө­ле­мі 50 л ауа-эмуль­си­я­лық өрт сөн­дір­гіш­тер
Кө­ле­мі 100 л ұн­тақ­пен өрт сөн­дір­гіш­тер
Кө­ле­мі л кө­мір­қыш­қыл­мен өрт сөн­дір­гіш­тер
25
80
А, Б, В1-В4 (жан­ғыш га­з­дар мен сұй­ық­тық­тар)
500
A
1++
1++
1++
-
3+
B
2+
1++
1++
-
3+
C
-
-
1++
-
3+
D
-
-
1++
-
-
(E)
-
-
1+
2+
1++
В1-В4 (қат­ты жан­ғыш заттар мен ма­те­ри­ал­дар), Г
800
A
1++
1++
1++
4+
2+
B
2+
1++
1++
-
3+
C
-
-
1++
-
3+
D
-
-
1++
-
-
(E)
-
-
1+
1++
1+
Ес­керт­пе­лер:
1. «++» бел­гі­сі­мен қор­ғау объ­ек­ті­ле­рін жа­рақ­та­у­ға ұсы­ны­ла­тын өрт сөн­дір­гіш­тер, «+» бел­гі­сі­мен ұсы­ны­ла­тын өрт сөн­дір­гіш­тер бол­ма­ған кез­де және ти­ісін­ше негіз­дел­ген кез­де қол­да­ну­ға рұқ­сат еті­ле­тін өрт сөн­дір­гіш­тер, «-» бел­гі­сі­мен осы қор­ғау объ­ек­ті­ле­рін жа­рақ­тау үшін рұқ­сат етіл­мей­тін өрт сөн­дір­гіш­тер бел­гі­лен­ген.
2. Әр­түр­лі сы­нып­ты өрт­тер­ді сөн­ді­ру үшін ұн­тақ­пен өрт сөн­дір­гіш­тер­де ти­іс­ті за­ряд­та­ры бо­луы қа­жет: А сы­ны­бы үшін - АВС (Е) ұн­та­ғы; В,С және (Е) сы­нып­та­ры үшін - ВС(Е) неме­се АВС (Е) және D - D.
»;
«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентіне 14-қосымшаның 5-кестесінің ескертпелері мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Ұнтақты өрт сөндіргіштерді ауа-эмульсиялық өрт сөндіргіштермен ауыстыруға рұқсат етіледі.»;
«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентіне 20-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
«Қолдану нәтижесінде ерікті негізде техникалық регламенттің
талаптарын сақтауды қамтамасыз ететін стандарттар тізбесі
р/с №
Тех­ни­ка­лық ре­гла­мент­тің эле­мент­те­рі
Стан­дарт­тың бел­гі­ле­нуі
Стан­дарт­тың ата­уы
Ес­керт­пе
1
2
3
4
5
1
2-та­рау
ҚР СТ 1088
Өрт қа­уіп­сіз­ді­гі. Тер­мин­дер мен анық­та­ма­лар
ҚР СТ ИСО 13943
Өрт қа­уіп­сіз­ді­гі. Сө­здік
2
6-15-тар­мақ­тар
МемСТ 12.1.004
Ең­бек қа­уіп­сіз­ді­гі стан­дарт­та­ры­ның жүй­е­сі. Өрт қа­уіп­сіз­ді­гі. Жал­пы та­лап­тар
3
16, 17-тар­мақ­тар
ҚР СТ 1600
Өрт тех­ни­ка­сы.
Ты­ныс алу және кө­ру ор­ган­да­рын же­ке
қор­ғау құ­рал­да­ры. Оқ­ша­у­ла­у­ыш же­ке қор­ға­ну құ­рал­да­ры. Жал­пы тех­ни­ка­лық та­лап­тар. Сы­нақ әді­сте­рі.
ҚР СТ 1715
Өрт тех­ни­ка­сы. Ты­ныс алу және кө­ру ор­ган­да­рын қор­ғау құ­рал­да­ры. Сүз­гі үл­гі­сін­де­гі же­ке қор­ға­ну құ­рал­да­ры. Жал­пы тех­ни­ка­лық та­лап­тар. Сы­нақ әді­сте­рі
4
18-тар­мақ
ҚР СТ 1910
Ғи­ма­рат­тың сырт­қы қа­с­бе­ті ар­қы­лы би­ік­тіктен адам­дар­ды құт­қа­ру­ға ар­нал­ған же­ке құт­қа­ру құ­ры­л­ғы­ла­ры. Жал­пы тех­ни­ка­лық та­лап­тар. Сы­нақ әді­сте­рі
ҚР СТ 1794
Өрт тех­ни­ка­сы. Өрт­тен құт­қа­ру құ­рал­да­ры. Өрт­тен се­кі­ріп құ­ты­лу қон­дыр­ғы­сы. Жал­пы тех­ни­ка­лық та­лап­тар. Сы­нақ әді­сте­рі
ҚР СТ 1491
Құт­қа­ру жең­құ­бы­ры құ­ры­л­ғы­сы. Жал­пы тех­ни­ка­лық та­лап­тар. Сы­нақ әді­сте­рі
ҚР СТ 1494
Құт­қа­ру жең­құ­бы­ры құ­ры­л­ғы­сы. Жал­пы тех­ни­ка­лық та­лап­тар. Сы­нақ әді­сте­рі
5
19-20, 159, 175, 401-тар­мақ­тар
ҚР СТ 1897
Тү­тін­ге қар­сы ар­найы қор­ғау құ­рал­да­ры. Жел­дет­кіш жүй­е­ле­ріне ар­нал­ған өрт­ке қар­сы кла­пан­дар. От­қа тө­зім­ді­лі­гін сы­нау әді­сте­рі
6
26-тар­мақ
МемСТ 12.3.046
Ең­бек қа­уіп­сіз­ді­гі стан­дарт­та­ры­ның жүй­е­сі. Ав­то­мат­ты өрт сөн­ді­ру қон­дыр­ғы­ла­ры. Жал­пы тех­ни­ка­лық та­лап­тар
7
27-тар­мақ
ҚР СТ 1487
Өрт тех­ни­ка­сы. Өрт сөн­дір­гіш­тер. Пай­да­ла­ну­ға қой­ы­ла­тын та­лап­тар
8
356-367-тар­мақ­тар
ҚР СТ 1712
Өрт сөн­ді­ру тех­ни­ка­сы. Өрт­ке қар­сы су­мен жаб­дық­тау құ­рал­да­ры. Өрт сөн­ді­ру шү­мек­те­рі­нің қақ­пақ­та­ры. Өрт қа­уіп­сіз­ді­гі­нің тех­ни­ка­лық та­лап­та­ры. Сы­нақ әді­сте­рі
9
205, 278-тар­мақ­тар
ҚР СТ 2218
Ме­талл құ­ры­лыс кон­струк­ци­я­ла­ры. Сырт­қы ста­ци­о­нар­лық өрт сөн­ді­ру са­ты­ла­ры және жа­бын қор­ша­у­ла­ры. Жал­пы тех­ни­ка­лық шар­ттар
10
336-339-тар­мақ­тар
МемСТ 12.1.030
Ең­бек қа­уіп­сіз­ді­гі стан­дарт­та­ры­ның жүй­е­сі. Электр қа­уіп­сіз­ді­гі. Қор­ға­ғыш жер­ге қо­су. Нөл­деу
11
85-87-тар­мақ­тар
ҚР СТ 2800
Өрт тех­ни­ка­сы. Же­ра­с­ты өрт сөн­ді­ру гид­рант­та­ры. Жал­пы тех­ни­ка­лық шар­ттар
12
292-304-тар­мақ­тар
ҚР СТ Р МемСТ МЭК 50571.17
Ғи­ма­рат­тар­дың элек­тр­қон­дыр­ғы­ла­ры. 4-бө­лім. Қа­уіп­сіз­дік­ті қам­та­ма­сыз ету жө­нін­де­гі та­лап­тар. 48-та­рау. Сырт­қы шар­ттар­ға бай­ла­ны­сты қор­ғау ша­ра­ла­рын таң­дау.
482-бө­лім. Өрт­тен қор­ғау
ГОСТ 12.1.013
Ең­бек қа­уіп­сіз­ді­гі стан­дарт­та­ры­ның жүй­е­сі. Құ­ры­лыс. Электр қа­уіп­сіз­ді­гі 288. Жал­пы та­лап­тар
МемСТ 12.​2.​007.​0
Ең­бек қа­уіп­сіз­ді­гі стан­дарт­та­ры­ның жүй­е­сі. Электр тех­ни­ка­лық бұй­ым­дар. Жал­пы қа­уіп­сіз­дік та­лап­та­ры
13
373-379-тар­мақ­тар
ҚР СТ 1904
Құ­ры­лыс өң­деу ма­те­ри­ал­да­ры. Ас­па­лы тө­бе­лер. От­қа тө­зім­ді­лі­гін сы­нау әді­сі
ҚР СТ 1039
Де­ко­ра­тив­ті-өң­деу және қап­тау ма­те­ри­ал­да­ры. Өн­ді­ру және қол­да­ну ке­зін­де­гі өрт қа­уіп­сіз­ді­гі та­лап­та­ры
МемСТ 30244
Құ­ры­лыс ма­те­ри­ал­да­ры. Жа­ну­ға сы­нау әді­сте­рі
МемСТ 30402
Құ­ры­лыс ма­те­ри­ал­да­ры. Тұ­та­ну­ға сы­нау әді­сте­рі
МемСТ 30444
Құ­ры­лыс ма­те­ри­ал­да­ры. Жа­лын­ның та­ра­луы­на сы­нау әді­сте­рі
14
273-274, 387-390-тар­мақ­тар
ҚР СТ 615-1
Өрт қор­ғау құ­рал­да­ры және затта­ры. 1-бө­лім. Ағаш және оның негі­зін­де жа­сал­ған ма­те­ри­ал­дар­ға ар­нал­ған өрт қор­ғау құ­рал­да­ры. Жал­пы тех­ни­ка­лық шар­ттар
ҚР СТ 615-2
Өрт қор­ғау құ­рал­да­ры және затта­ры. 2-бө­лім. Бо­лат құ­ры­лым­дар­ға ар­нал­ған өрт қор­ғау құ­рал­да­ры. Жал­пы тех­ни­ка­лық шар­ттар
ҚР СТ 1797
Элек­тр­лі ка­бел­дік же­лі­лер­ге ар­нал­ған от­таy қор­ғау жа­бын­да­ры.
Жал­пы тех­ни­ка­лық та­лап­тар. Сы­нақ әді­сте­рі
;
«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентіне 21-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
«Зерттеу (сынақ) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде
үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын және техникалық регламенттің
талаптарын қолдану және орындау және өнімнің сәйкестігін (растауын)
бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті стандарттар тізбесі
р/с №
Тех­ни­ка­лық ре­гла­мент­тің эле­мент­те­рі
Стан­дарт­тың бел­гі­ле­нуі
Стан­дарт­тың ата­уы
Ес­керт­пе
1
2
3
4
5
1
6-15-тар­мақ­тар
МемСТ 12.1.004
Ең­бек қа­уіп­сіз­ді­гі стан­дарт­та­ры­ның жүй­е­сі. Өрт қа­уіп­сіз­ді­гі. Жал­пы та­лап­тар
2
16, 17-тар­мақ­тар
ҚР СТ 1600
Өрт тех­ни­ка­сы. Ты­ныс алу және кө­ру ор­ган­да­рын же­ке
қор­ғау құ­рал­да­ры. Оқ­ша­у­ла­у­ыш же­ке қор­ға­ну құ­рал­да­ры. Жал­пы тех­ни­ка­лық та­лап­тар. Сы­нау әді­сте­рі.
ҚР СТ 1715
Өрт тех­ни­ка­сы. Ты­ныс алу және кө­ру ор­ган­да­рын қор­ғау құ­рал­да­ры. Сүз­гі үл­гі­сін­де­гі же­ке қор­ға­ну құ­рал­да­ры. Жал­пы тех­ни­ка­лық та­лап­тар. Сы­нау әді­сте­рі
3
18-тар­мақ
ҚР СТ 1910
Ғи­ма­рат­тың сырт­қы қа­с­бе­ті ар­қы­лы би­ік­тіктен адам­дар­ды құт­қа­ру­ға ар­нал­ған же­ке құт­қа­ру құ­ры­л­ғы­ла­ры. Жал­пы тех­ни­ка­лық та­лап­тар. Сы­нау әді­сте­рі
ҚР СТ 1794
Өрт тех­ни­ка­сы. Өрт­тен құт­қа­ру құ­рал­да­ры. Өрт­тен се­кі­ріп құ­ты­лу қон­дыр­ғы­сы. Жал­пы тех­ни­ка­лық та­лап­тар. Сы­нау әді­сте­рі
ҚР СТ 1491
Өрт сөн­ді­ру өңе­ші құт­қа­ру құ­ры­л­ғы­сы. Жал­пы тех­ни­ка­лық та­лап­тар. Сы­нау әді­сте­рі
ҚР СТ 1494
Ар­қан­мен тү­сі­ре­тін өрт сөн­ді­ру құ­ра­лы. Жал­пы тех­ни­ка­лық та­лап­тар. Сы­нау әді­сте­рі
4
19-20, 159, 175, 401-тар­мақ­тар
ҚР СТ 1897
Тү­тін­ге қар­сы ар­найы қор­ғау құ­рал­да­ры. Жел­дет­кіш жүй­е­ле­ріне ар­нал­ған өрт­ке қар­сы кла­пан­дар. От­қа тө­зім­ді­лі­гін сы­нау әді­сте­рі
5
19, 20-тар­мақ­тар
ҚР СТ 2514
Ғи­ма­рат­тар мен құ­ры­лы­стар­дың тү­тін­ге қар­сы жел­де­ту жүй­е­ле­рі. Қа­был­дау ере­же­ле­рі және сы­нау әді­сте­рі
6
21, 161, 163-тар­мақ­тар
МемСТ 30403
Құ­ры­лыс кон­струк­ци­я­ла­ры. Өрт қа­уіп­ті­лі­гіне сы­нау әді­сі
7
21-25, 416-423-тар­мақ­тар
МемСТ 30247.0
Құ­ры­лыс кон­струк­ци­я­ла­ры. От­қа тө­зім­ді­лік­ке сы­нау әді­сте­рі. Жал­пы та­лап­тар
МемСТ 30247.1
Құ­ры­лыс кон­струк­ци­я­ла­ры. От­қа тө­зім­ді­лік­ке сы­нау әді­сте­рі. Ас­па­лы және қор­шау кон­струк­ци­я­ла­ры
8
182-тар­мақ
МемСТ 31251
Сырт жа­ғы­нан сырт­қы қа­быр­ға­лар. Өрт қа­уіп­ті­лі­гіне сы­нау әді­сте­рі
9
26-тар­мақ
МемСТ 12.3.046
Ең­бек қа­уіп­сіз­ді­гі стан­дарт­та­ры­ның жүй­е­сі. Ав­то­мат­ты өрт сөн­ді­ру қон­дыр­ғы­ла­ры. Жал­пы тех­ни­ка­лық та­лап­тар
10
27-тар­мақ
ҚР СТ 1487
Өрт тех­ни­ка­сы. Өрт сөн­дір­гіш­тер. Пай­да­ла­ну­ға қой­ы­ла­тын та­лап­тар
11
356-367-тар­мақ­тар
ҚР СТ 1712
Өрт сөн­ді­ру тех­ни­ка­сы. Өрт­ке қар­сы су­мен жаб­дық­тау құ­рал­да­ры. Өрт сөн­ді­ру шү­мек­те­рі­нің қақ­пақ­та­ры. Өрт қа­уіп­сіз­ді­гі­нің тех­ни­ка­лық та­лап­та­ры. сы­нау әді­сте­рі
12
158-159, 162, 174-175, 404-тар­мақ­тар
ҚР СТ 2110
Құ­ры­лыс кон­струк­ци­я­ла­ры. Өрт­ке қар­сы есік­тер мен қақ­па­лар. Тү­тін-газ өт­кіз­бей­т­ін­ді­гін сы­нау әді­сте­рі.
ҚР СТ 2219
Жа­рық өт­кіз­гіш эле­мент­тер­дің бо­луы­мен ой­ық­тар­ды тол­ты­ру кон­струк­ци­я­ла­ры. От­қа тө­зім­ді­лік­ке сы­нау әді­сте­рі
ҚР СТ 2884
Құ­ры­лыс кон­струк­ци­я­ла­ры. Ме­талл қап­та­ма­лы па­нель­дер­ден кон­струк­ци­я­лар. От­қа тө­зім­ді­лік­ке және өрт қа­уіп­ті­лі­гіне сы­нау әді­сте­рі
13
205, 278-тар­мақ­тар
ҚР СТ 2218
Ме­талл құ­ры­лыс кон­струк­ци­я­ла­ры. Сырт­қы ста­ци­о­нар­лық өрт сөн­ді­ру са­ты­ла­ры және жа­бын қор­ша­у­ла­ры. Жал­пы тех­ни­ка­лық шар­ттар
14
254-255-тар­мақ­тар
ҚР СТ МемСТ Р 12.4.026
Сиг­нал­дық тү­стер, қа­уіп­сіз­дік бел­гі­ле­рі мен сиг­нал­дық бел­гі­ле­улер. Жал­пы тех­ни­ка­лық шар­ттар және қол­да­ну тәр­ті­бі
ҚР СТ 1174
Объ­ек­ті­лер­ді қор­ғау­ға ар­нал­ған өрт тех­ни­ка­сы. Негіз­гі түр­ле­рі. Ор­на­ла­сты­ру және қыз­мет көр­се­ту
15
131-тар­мақ
ҚР СТ 1490
Тұр­мыстық мақ­сат­та­ғы пи­ро­тех­ни­ка­лық бұй­ым­дар. Өрт қа­уіп­сіз­ді­гі та­лап­та­ры. Сы­нау әді­сте­рі
16
336-339-тар­мақ­тар
МемСТ 12.1.030
Ең­бек қа­уіп­сіз­ді­гі стан­дарт­та­ры­ның жүй­е­сі. Электр қа­уіп­сіз­ді­гі. Қор­ға­ғыш жер­ге қо­су. Нөл­деу
17
84-91-тар­мақ­тар
ҚР СТ 2800
Өрт тех­ни­ка­сы. Же­ра­с­ты өрт сөн­ді­ру гид­рант­та­ры. Жал­пы тех­ни­ка­лық шар­ттар
18
292-304-тар­мақ­тар
ҚР СТ Р МемСТ МЭК 50571.17
Ғи­ма­рат­тар­дың элек­тр­қон­дыр­ғы­ла­ры. 4-бө­лім. Қа­уіп­сіз­дік­ті қам­та­ма­сыз ету жө­нін­де­гі та­лап­тар. 48-та­рау. Сырт­қы шар­ттар­дан қор­ғау ша­ра­ла­рын таң­дау. 482-бө­лім. Өрт­тен қор­ғау
ГОСТ 12.1.013
Ең­бек қа­уіп­сіз­ді­гі стан­дарт­та­ры­ның жүй­е­сі. Құ­ры­лыс. Электр қа­уіп­сіз­ді­гі 288. Жал­пы та­лап­тар
МемСТ 12.​2.​007.​0
Ең­бек қа­уіп­сіз­ді­гі стан­дарт­та­ры­ның жүй­е­сі. Электр тех­ни­ка­лық бұй­ым­дар. Жал­пы қа­уіп­сіз­дік та­лап­та­ры
19
373-379-тар­мақ­тар
ҚР СТ 1904
Құ­ры­лыс және өң­деу ма­те­ри­ал­да­ры. Ас­па­лы тө­бе­лер. От­қа тө­зім­ді­лі­гін сы­нау әді­сі
ҚР СТ 1039
Де­ко­ра­тив­ті-өң­деу және қап­тау ма­те­ри­ал­да­ры. Өн­ді­ру және қол­да­ну ке­зін­де­гі өрт қа­уіп­сіз­ді­гі та­лап­та­ры
МемСТ 30244
Құ­ры­лыс ма­те­ри­ал­да­ры. Жа­ну­ға сы­нау әді­сте­рі
МемСТ 30402
Құ­ры­лыс ма­те­ри­ал­да­ры. Тұ­та­ну­ға сы­нау әді­сте­рі
МемСТ 30444
Құ­ры­лыс ма­те­ри­ал­да­ры. Жа­лын­ның та­ра­луы­на сы­нау әді­сте­рі
20
273-274, 387-390-тар­мақ­тар
ҚР СТ 615-1
Өрт қор­ғау құ­рал­да­ры және затта­ры. 1-бө­лім. Ағаш және оның негі­зін­де жа­сал­ған ма­те­ри­ал­дар­ға ар­нал­ған өрт қор­ғау құ­рал­да­ры. Жал­пы тех­ни­ка­лық шар­ттар
ҚР СТ 615-2
Өрт қор­ғау құ­рал­да­ры және затта­ры. 2-бө­лім. Бо­лат құ­ры­лым­дар­ға ар­нал­ған өрт қор­ғау құ­рал­да­ры. Жал­пы тех­ни­ка­лық шар­ттар
ҚР СТ 1797
Элек­тр­лі ка­бел­дік же­лі­лер­ге ар­нал­ған от­таy қор­ғау жа­бын­да­ры.
Жал­пы тех­ни­ка­лық та­лап­тар. Сы­нау әді­сте­рі
21
392-1-тар­мақ
ҚР СТ 3017
Өрт­ке қар­сы бө­гет­тер ой­ық­та­рын тол­ты­ру. Ка­бель жол­да­ры мен ши­на­сым жол­да­ры. От­қа тө­зім­ді­лі­гін сы­нау әді­сте­рі
22
399-407-тар­мақ­тар
ҚР СТ 1895
Ар­найы тү­тін­нен қор­ғау құ­рал­да­ры. Жел­дет­кіш­тер. От­қа тө­зім­ді­лік­ке сы­нау
23
404-тар­мақ
ҚР СТ 3018
Ғи­ма­рат­тар мен құ­ры­лы­стар­дың тү­тін­ге қар­сы қор­ға­ныс жүй­е­сі. Тү­тін­ге қар­сы экран­дар. От­қа тө­зім­ді­лік­ке сы­нау әді­сі
24
Осы Тех­ни­ка­лық ре­гла­мент­ке
1-қо­сым­ша
МемСТ 12.1.046
Ең­бек қа­уіп­сіз­ді­гі стан­дарт­та­ры­ның жүй­е­сі . Жан­ғыш то­заң­дар­дың өрт-жа­ры­лыс қа­уіп­сіз­ді­гі. Жал­пы та­лап­тар
МемСТ 12.1.044
Заттар мен ма­те­ри­ал­дар­дың өрт-жа­ры­лыс қа­уіп­ті­лі­гі. Көр­сет­кіш­тер но­мен­кла­ту­ра­сы және олар­ды анық­тау әді­сте­рі
МемСТ 50810
То­қы­ма ма­те­ри­ал­дар­дың өрт қа­уіп­сіз­ді­гі. Де­ко­ра­тив­тік ма­та­лар. Жа­ну­ға сы­нау әді­сте­рі және жік­теу
».

Қолданыстағы