Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил осуществления органами государственных доходов контроля за соблюдением запретов и ограничений в отношении отдельных видов товаров, перемещаемых через Государственную границу Республики Казахстан, не совпадающую с таможенной границей Евразийского экономического союза

Бұйрық · № 654 · қабылданған 28.06.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-132853/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил осуществления органами государственных доходов контроля за соблюдением запретов и ограничений в отношении отдельных видов товаров, перемещаемых через Государственную границу Республики Казахстан, не совпадающую с таможенной границей Евразийского экономического союза Қолданыста Бұйрық ·№ 654 ·28.06.2019
28.06.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.06.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил осуществления органами государственных доходов контроля за соблюдением запретов и ограничений в отношении отдельных видов товаров, перемещаемых через Государственную границу Республики Казахстан, не совпадающую с таможенной границей Евразийского экономического союза

Қолданыста Бұйрық ·№ 654 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил осуществления органами государственных доходов контроля за соблюдением запретов и ограничений в отношении отдельных видов товаров, перемещаемых через Государственную границу Республики Казахстан, не совпадающую с таможенной границей Евразийского экономического союза
Атауы (қаз.)
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін жекелеген тауар түрлеріне қатысты тыйымдар мен шектеулердің сақталуын бақылауды мемлекеттік кірістер органдарының жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
654
Қабылданған күні
28.06.2019
Көрсетілген редакция
28.06.2019 132853_412937.kaz
Соңғы өзгеріс
28.06.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018954
ЭКБ идентификаторы
132853
Редакция идентификаторы
132853_412937
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:18

0 Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін жекелеген тауар түрлеріне қатысты тыйымдар мен шектеулердің сақталуын бақылауды мемлекеттік кірістер органдарының жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 7-5-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін жекелеген тауар түрлеріне қатысты тыйымдар мен шектеулердің сақталуын бақылауды мемлекеттік кірістер органдарының жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет–ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1),2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткенсоң қолданысқа енгізіледі.

0 Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін жекелеген тауар түрлеріне қатысты тыйымдар мен шектеулердің сақталуын бақылауды мемлекеттік кірістер органдарының жүзеге асыру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы
«28» маусымдағы
№ 654 бұйрығымен
бекітілген
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келмейтін
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін
жекелеген тауар түрлеріне қатысты тыйымдар мен шектеулердің сақталуын
бақылауды мемлекеттік кірістер органдарының жүзеге асыру қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін жекелеген тауар түрлеріне қатысты тыйымдар мен шектеулердің сақталуын бақылауды мемлекеттік кірістер органдарының жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі–Қағидалар) «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының (бұдан әрі–Заң) 7-5-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленген және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы (бұдан әрі–Мемлекеттік шекара) арқылы өткізілетін жекелеген тауар түрлеріне қатысты тыйымдар мен шектеулердің сақталуын бақылауды мемлекеттік кірістер органдарының іс-қимыл тәртібін айқындайды.

2 2. Мемлекеттiк шекарадағы автомобиль өткізу пункттерінде бақылауды аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдары (бұдан әрi–уәкiлеттi лауазымды адамдар) өздерінің лауазымдық (функционалдық) мiндеттерiне сәйкес жүзеге асырады.

3

3. Бақылауды жүргізу кезінде уәкілетті лауазымды адамдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 тамыздағы № 833 қаулысымен бекітілген, 2003 жылғы 18 қыркүйекте Ялта қаласында жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің халықаралық автомобиль жүк тасымалдары саласындағы өзара iс-қимылы туралы келісімнің 8-бабында көзделген тауар-көлiк жүк құжатын (CMR) және оларда көрсетілген мәліметтерді тексеруге негізделген құжаттарды және мәліметтерді тексеруді жүзеге асырады.

4 4. Мемлекеттік шекара арқылы:

1 1) Заңның 18-бабына сәйкес тыйым салулар және сандық шектеулер енгізілген тауарларға қатысты;

2 2) тауар-көлiк жүк құжаты (CMR) болмаған жағдайда өткізуге жол берілмейді.

2 2-тарау. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін жекелеген тауар түрлеріне қатысты тыйымдар мен шектеулердің сақталуын бақылауды мемлекеттік кірістер органдарының жүзеге асыру тәртібі

5 5. Мемлекеттік шекараға тауарлар мен көлік құралдары келген кезде тасымалдаушы немесе Мемелекеттік шекара арқылы тауарларды өткізуді жүзеге асыратын тұлға уәкілетті лауазымды адамға тауар-көлiк жүк құжатты (CMR) табыс етеді.

6

6. Тасымалдаушы немесе Мемелекеттік шекара арқылы тауарларды өткізуді жүзеге асыратын тұлға тауар-көлiк жүк құжатты (CMR) ұсынбаған жағдайда уәкілетті лауазымды адам мұндай тасымалдаушыны немесе Мемелекеттік шекара арқылы тауарларды өткізуді жүзеге асыратын тұлғаны Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жауапкершілікке тарту бойынша шараларды қабылдайды.

7 7. Уәкілетті лауазымды адам Мемлекеттік шекара арқылы тыйым салынған тауарлардың өткізілуіне байланысты тауар-көлiк жүк құжатты (CMR) және олардағы мәліметтерді тексереді.

8

8. Тауар-көлiк жүк құжатта (CMR) тыйым салынған тауарлар туралы мәлімет болаған жағдайда, уәкілетті лауазымды адам тауар-көлiк жүк құжатта (CMR) кез-келген бос орынға шешім қабылданған күнді көрсете отырып, «Әкетуге тыйым салынады» («Әкелуге тыйым салынады») деген белгіні қою арқылы мұндай тауарларды Қазақстан Республикасынан (Қазақстан Республикасына) әкетуге (әкелуге) тыйым салу туралы шешім қабылдайды, ол уәкілетті лауазымды адамның қолымен куәландырылады.
Бұл ретте уәкілетті лауазымды адам тауар-көлiк жүк құжаттағы (CMR) мәліметтерді осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз және электронды түрде Тыйым салынған тауарларды әкетуге (әкелуге) әрекет ету фактілерін тіркеу журналына енгізеді.

9 9. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген іс-әрекеттер аяқталғаннан кейін уәкілетті лауазымды адам тасымалдаушыға немесе Мемелекеттік шекара арқылы тауарларды өткізуді жүзеге асыратын тұлға тауар-көлiк жүк құжатты (CMR) қайтарады.

1 Еуразиялық экономикалық

одақтың кедендік шекарасымен
тұспа-тұс келмейтін Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік
шекарасы арқылы өткізілетін
жекелеген тауар түрлеріне
қатысты тыйымдар мен
шектеулердің сақталуын
бақылауды мемлекеттік
кірістер органдарының
жүзеге асыру
қағидаларына қосымша
нысан
р/с №
Қа­зақ­стан­ Рес­пуб­ли­ка­сы­ны­ң Мем­ле­кет­тік ше­ка­ра­сын­ ке­сі­п өт­кен ­күн
Ав­то­кө­лік­ құ­ра­лы­ның/тір­ке­ме­нің ­мем­ле­кет­тік тір­ке­у нө­мі­рі­нің­ бел­гі­сі
Жүк­жө­нел­ту­ші
Жү­ка­лушы
Та­у­ар­ға іле­с­пе құ­жат
Ата­уы
Са­лық­ тө­ле­у­ші­нің­ сәй­кестен­ді­ру­ нө­мі­рі, (БСН, ЖСН)
Ата­уы
Са­лық ­тө­ле­у­ші­нің сәй­кестен­ді­ру ­нө­мі­рі, (БСН, ЖСН)
Се­ри­я­сы, нө­мі­рі
кү­ні
1
2
3
4
5
6
7
8
9
кестенің жалғысы
Та­у­ар­ды­ң а­та­уы
СЭҚ ТН та­у­ар ко­ды (бол ған­кез­де)
Та­у­ар­ды­ң өл­шем ­бір­лі­гі (тон­на, да­на, литр)
Та­у­ар­ды­ң­ мөл­ше­рі
Та­у­ар­дың құ­ны
Ес­керт­пе
10
11
12
13
14
15
Ескертпе: аббревиатуралардыашып жазу:
1) р/с–реттік саны;
2) БСН–бизнес-сәйкестендірунөмірі;
ЖСН–жекесәйкестендірунөмірі;
3) СЭҚ ТН–Сыртқыэкономикалыққызметтіңтауар номенклатурасы.

Қолданыстағы