Кіру
Құжат мәтініне өту

Об утверждении правил перечисления и норматива отчислений на обеспечение безопасности полетов гражданской авиации

Бұйрық · № 447 · қабылданған 27.06.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-132870/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
Об утверждении правил перечисления и норматива отчислений на обеспечение безопасности полетов гражданской авиации Күшін жойған Бұйрық ·№ 447 ·27.06.2019
01.07.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении правил перечисления и норматива отчислений на обеспечение безопасности полетов гражданской авиации

Күшін жойған Бұйрық ·№ 447 · 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении правил перечисления и норматива отчислений на обеспечение безопасности полетов гражданской авиации
Атауы (қаз.)
Азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған аударымдарды аудару қағидалары мен олардың нормативін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
447
Қабылданған күні
27.06.2019
Көрсетілген редакция
01.07.2023 132870_638821.kaz
Соңғы өзгеріс
01.07.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018928
ЭКБ идентификаторы
132870
Редакция идентификаторы
132870_638821
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:21

0 Азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін

қамтамасыз етуге арналған аударымдарды аудару
қағидалары мен олардың нормативін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңы 16-11-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған аударымдарды аудару қағидалары мен олардың нормативі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

8 Азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған аударымдарды аудару қағидалары мен олардың нормативі

Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің
2019 жылғы «____» ______
№ ___
бұйрығымен бекітілген
Азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған аударымдарды аудару қағидалары мен олардың нормативі

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған аударымдарды аудару қағидалары мен олардың нормативі (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-11-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және Азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған аударымдарды аудару қағидалары мен олардың нормативтерінің тәртібін айқындайды.

2-тарау. Азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған аударымдарды аудару тәртібі

2. Азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін жүйелі қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуды іске асыру қамтамасыз ету мақсатында азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі – Аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші) азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған аударымдарды жүзеге асырады.
Аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші аударымдарды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға оның билігінде қалған таза кірісінің бір бөлігінен жүзеге асырады.

3. Азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған аударымдар сомасын аударымдар нормативі нысанында азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

4. Азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған аударымдар тоқсан басталғанға дейін бес күнтізбелік күн бұрын ішінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның банк шотына тоқсан сайын аударылуға тиіс.

5. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған аударымдар аударылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға ақша аудару туралы растама беруге міндетті.

3-тарау. Азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған аударымдар нормативі

6. Азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған аударым нормативін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның даму жоспарының негізінде айқындалады.

7. Азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған аударым нормативі аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің иелігінде қалған таза кіріс бөлігінің он пайызынан кем емес соманы құрайды, бірақ болашақ кезеңдердің кірісі деп танылатын азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге аударымдардың пайдаланылмаған сомасының қалдығын ескере отырып, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның даму жоспарында көрсетілген сомадан артық емес.

Қолданыстағы