Об установлении единых ставок фиксированного налога по городу Кызылорда
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении единых ставок фиксированного налога по городу Кызылорда
- Атауы (қаз.)
- Қызылорда қаласы аумағында тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 240-43/5
- Қабылданған күні
- 19.06.2019
- Көрсетілген редакция
- 04.05.2020 132936_460444.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.05.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19LA006830
- ЭКБ идентификаторы
- 132936
- Редакция идентификаторы
- 132936_460444
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:28
0 Қызылорда қаласы аумағында тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 546-бабының 3-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15-тармақшасына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылорда қаласы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. «Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2015 жылғы 16 сәуірдегі №42/3 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4985 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 мамырда «Ақмешім ақшамы», «Кызылорда таймс» газеттерінде, 2015 жылы 4 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қызылорда облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Қызылорда қаласы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы»
республикалық мемлекеттік
мекемесімен
4 Қызылорда қалалық мәслихатының
2019 жылғы 19 маусымдағы
№240-43/5 шешіміне қосымша
Қызылорда қаласы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері
№
Салық салу объектісінің атауы
Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіштермен)
1
2
3
1
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
3
2
Біреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
5
3
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер
2
4
Ойын жолы
13
5
Карт
2
6
Бильярд үстелі
10
7
Уәкілетті ұйымның Қызылорда қаласы аумағында орналасқан айырбастау пункті
25