Құжат мәтініне өту

Об образовании избирательных участков по городу Курчатов

Өзге акт · № 1 · қабылданған 12.06.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-132946/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об образовании избирательных участков по городу Курчатов Қолданыста Өзге акт ·№ 1 ·12.06.2019
29.03.2024 редакциясы
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об образовании избирательных участков по городу Курчатов

Қолданыста Өзге акт ·№ 1 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об образовании избирательных участков по городу Курчатов
Атауы (қаз.)
Курчатов қаласы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1
Қабылданған күні
12.06.2019
Көрсетілген редакция
29.03.2024 132946_716418.kaz
Соңғы өзгеріс
29.03.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19VC006015
ЭКБ идентификаторы
132946
Редакция идентификаторы
132946_716418
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:33

0 Курчатов қаласы бойынша сайлау

учаскелерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 23-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37- бабына сәйкес, Курчатов қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Осы шешімге қосымша Курчатов қаласының аумағында сайлау учаскелері құрылсын.

2 2. Курчатов қаласы әкімінің шешімінің күші жойылды деп танылсын:

1

1) «Курчатов қаласы бойынша сайлау учаскелерінің құрылуы туралы» 2015 жылғы 17 тамыздағы № 9 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4142 нөмерімен тіркелген, 2015 жылғы 01 қазанда «7 дней» газетінде, 2015 жылғы 15 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

3 3. «Курчатов қаласының әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің Эталондық бықылау банкіне мемлекеттік және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрде оның көшірмелерінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы шешімнің мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде аталған қаулының көшірмесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, конкурстық негізінде осындай құқық алған мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолдау;

4 4) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Курчатов қаласы әкімінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

5 5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Курчатов қаласының әкім аппаратының басшысы Н. Т. Қошқарбаевқа жүктелсін.

6 6. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

11 Курчатов қаласындағы сайлау учаскелері

Курчатов қаласы әкімінің
2019 жылғы 12 маусымдағы
№ 1 шешіміне
қосымша
Курчатов қаласындағы сайлау учаскелері
Сайлау учаскесінің орталығы: «Абай облысы Курчатов қаласының қалалық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның ғимараты, Тәуелсіздік көшесі, 2.
Шекаралары: Железнодорожная (толығымен), Самал (толығымен), Құнанбай (толығымен), Курчатов (толығымен), Достық (толығымен), Победы (толығымен), Спортивная (толығымен), Теплоэнергетиков (толығымен), Тәуелсіздік 1Г, 5, 17 көшелері.
Сайлау учаскесінің орталығы: «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Абай облысы полиция департаментінің Курчатов қаласының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Абай көшесі, № 12.
Шекаралары: уақытша ұстау изоляторының аумағы.
Сайлау учаскесінің орталығы: Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «№ 2 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Тәуелсіздік көшесі, №10.
Шекаралары: Абай 15, 17, 19, 20, 22, 24, Алексеенко (толығымен) көшелері.
Сайлау учаскесінің орталығы: Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «№ 2 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Тәуелсіздік көшесі, №10.
Шекаралары: Абай 26, 27, 28, 30, Иртышская (толығымен), Школьная (толығымен) көшелері.
Сайлау учаскесінің орталығы: Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «№ 2 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Тәуелсіздік көшесі, №10.
Шекаралары: Тәуелсіздік 19, 21, 23, 25, 31, Рожанович (толығымен) көшелері.
Сайлау учаскесінің орталығы: Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «№ 3 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Олимпийская көшесі, № 3.
Шекаралары: Абай 31, Олимпийская 2, 4, 7, 9, 10, 15, 16 көшелері.
Сайлау учаскесінің орталығы: Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «№ 3 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Олимпийская көшесі, № 3.
Шекаралары: Абай 21, 34, Олимпийская 17, 18, 20, 20А, 21 көшелері.
Сайлау учаскесінің орталығы: Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «№ 3 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Олимпийская көшесі, № 3.
Шекаралары: Абай 25, 36, Олимпийская 23, 25, 27, 28 көшелері.
Сайлау учаскесінің орталығы: Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «Журавушка» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты, Олимпийская көшесі, № 30.
Шекаралары: Абай 47, Олимпийская 29, 31, 32, 33, 34, 36, 37, 38, 39 көшелері.
Сайлау учаскесінің орталығы: Абай облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Курчатов қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Тәуелсіздік көшесі, № 12.
Шекаралары: Абай 38, 44, Тәуелсіздік 33, 35, 37 көшелері.
Сайлау учаскесінің орталығы: Абай облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Курчатов қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Тәуелсіздік көшесі, № 12.
Шекаралары: Абай 45, 46, Тәуелсіздік 41, 45, 47, 49, 51 көшелері.
Сайлау учаскесінің орталығы: Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «№ 4 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Абай көшесі, № 50.
Шекаралары: Абай 43, 49, 51, Олимпийская 40, Көктем (толығымен), Степная (толығымен) көшелері.

Қолданыстағы