Об установлении ограничительных мероприятий на улице К.Айкынбекова населенном пункте Нурлы жол сельского округа Куркелес Сарыагашского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ограничительных мероприятий на улице К.Айкынбекова населенном пункте Нурлы жол сельского округа Куркелес Сарыагашского района
- Атауы (қаз.)
- Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округі Нұрлы жол елді мекені Қ.Айқынбеков көшесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 66
- Қабылданған күні
- 28.06.2019
- Көрсетілген редакция
- 11.09.2019 132952_420928.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.09.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19UKV05108
- ЭКБ идентификаторы
- 132952
- Редакция идентификаторы
- 132952_420928
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:19
0 Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округі Нұрлы жол елді мекені Қ.Айқынбеков көшесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Түркістан облыстық аумақтық инспекциясы Сарыағаш аудандық аумақтық инспекциясы басшысының міндетін уақытша атқарушының 2019 жылғы 14 маусымдағы №02-05/245 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округі, Нұрлы жол елді мекені, Қ.Айқынбеков көшесі №87 мекен жайдағы үйде тұратын Е.Исаевтың иті құтыру ауруымен ауруына байланысты Қ.Айқынбеков көшесінде шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2 2. «Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1 1) осы шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;