Құжат мәтініне өту

Об ограничениях в период повышенной пожарной опасности на территории государственного лесного фонда Западно–Казахстанской области

Қаулы · № 155 · қабылданған 28.06.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-132970/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об ограничениях в период повышенной пожарной опасности на территории государственного лесного фонда Западно–Казахстанской области Қолданыста Қаулы ·№ 155 ·28.06.2019
28.06.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.06.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об ограничениях в период повышенной пожарной опасности на территории государственного лесного фонда Западно–Казахстанской области

Қолданыста Қаулы ·№ 155 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об ограничениях в период повышенной пожарной опасности на территории государственного лесного фонда Западно–Казахстанской области
Атауы (қаз.)
Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік орман қоры аумағында жоғары өрт қаупі кезеңіндегі шектеулер туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
155
Қабылданған күні
28.06.2019
Көрсетілген редакция
28.06.2019 132970_412621.kaz
Соңғы өзгеріс
28.06.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19Z0005742
ЭКБ идентификаторы
132970
Редакция идентификаторы
132970_412621
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:18

0 Батыс Қазақстан облысы

мемлекеттік орман қоры
аумағында жоғары өрт қаупі
кезеңіндегі шектеулер туралы
2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексін және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, өрт қаупі кезеңі басталуына байланысты Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Жоғары өрт қаупі кезеңінде жеке тұлғалардың орманда болуына және оған көлік құралдарымен кіруіне, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік орман қоры аумағында жұмыстың белгілі бір түрлерін жүргізуге шектеу қойылсын.

2 2. «Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып:

1 1) орман алабында жоғары өрт қаупі туралы уақтылы хабардар ету;

2 2) мемлекеттік орман қоры аумағына кіреберістегі негізгі жолдарда күзет орындарын орнату бойынша тиісті шаралар қабылдау ұсынылсын.

3

3. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 28 тамыздағы №222 «Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік орман қоры аумағында жоғары өрт қаупі кезеңіндегі шектеулер туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3013 тіркелген, 2008 жылғы 13 қыркүйекте «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4

4. «Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Р.С. Шауенов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары М.М. Сатқановқа жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы