Құжат мәтініне өту

Об определении системы мер социальной поддержки медицинских и фармацевтических работников, направленных для работы в сельскую местность Атырауской области

Өзге акт · № 330-VI · қабылданған 21.06.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-132986/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об определении системы мер социальной поддержки медицинских и фармацевтических работников, направленных для работы в сельскую местность Атырауской области Күшін жойған Өзге акт ·№ 330-VI ·21.06.2019
21.09.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.09.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении системы мер социальной поддержки медицинских и фармацевтических работников, направленных для работы в сельскую местность Атырауской области

Күшін жойған Өзге акт ·№ 330-VI · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении системы мер социальной поддержки медицинских и фармацевтических работников, направленных для работы в сельскую местность Атырауской области
Атауы (қаз.)
Атырау облысының ауылдық жерге жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау шараларының жүйесiн айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
330-VI
Қабылданған күні
21.06.2019
Көрсетілген редакция
21.09.2020 132986_484187.kaz
Соңғы өзгеріс
21.09.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19T0004435
ЭКБ идентификаторы
132986
Редакция идентификаторы
132986_484187
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:26

0 Атырау облысының ауылдық жерге жұмысқа жiберiлген медицина және

фармацевтика қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау шараларының жүйесiн айқындау туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9-бабы 1 тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және ѳзін-ѳзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаӊтардағы Заӊыныӊ 6-бабына сәйкес, VІ шақырылған Атырау облыстық мәслихаты кезекті XXXIІ сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Атырау облысыныӊ ауылдық жерге жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау шараларының жүйесi айқындалсын:

ауылдық жерге жұмыс істеу үшін жіберілетін медицина және фармацевтика қызметкерлеріне бір жолғы төлем түрінде 1 000 000 (бір миллион) теңге мөлшерінде әлеуметтік қолдау арқылы белгілеу.

2 2. Атырау облысыныӊ ауылдық жерге жұмысқа жіберілетін медицина және фармацевтика қызметкерлерiне әлеуметтiк қолдау көрсетудiң Қағидасы осы шешiмiнiң қосымшасына сәйкес бекітілсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атырау облыстық мәслихатының әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрайымына (Ә. Беккужиева) жүктелсін.

4 4. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ѳткен соӊ қолданысқа енгiзiледi.

5 Атырау облысының ауылдық жерге жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiне әлеуметтiк қолдау көрсету қағидасы

Атырау облыстық мәслихатының
2019 жылғы «21» маусымдағы
№ 330-VI шешіміне қосымша
Атырау облысының ауылдық жерге жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiне әлеуметтiк қолдау көрсету қағидасы

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Атырау облысының ауылдық жерге жұмыс істеуге жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы ауылдық жерге жұмыс істеуге жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау шараларын қабылдау, сондай-ақ қаржыландыру және әлеуметтік қолдау көрсету шеңберінде төлемдер тәртібін айқындайды.

2 2. Негiзгi ұғымдар:

1 1) әлеуметтiк қолдау көрсету жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) – «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

2 2) жұмыс берушi – медицина және фармацевтика қызметкерiмен жеке еңбек шартын жасасқан тиісті бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау ұйымы;

3

3) ауылдық жерге жұмысқа жіберілген медициналық және фармацевтикалық қызметкерлер (бұдан әрі-қызметкерлер) – кәсіптік жоғары немесе орта арнайы медициналық және фармацевтикалық білімі бар, медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын, уәкілетті органмен ауылдық жерге жұмысқа жіберілген жеке тұлғалар.

3 3. Қызметкерлерге әлеуметтік қолдау (бұдан әрі-әлеуметтік қолдау) ауылдық жерге кемінде бес жыл мерзімге жіберілетін мамандарға әлеуметтік кепілдік ретінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын біржолғы көмек болып табылады.

4 4. Әлеуметтік қолдау алу құқығына жұмыс берушімен еңбек шартын жасасқан күннен бастап алғашқы бес жылда еңбек міндеттемесін нақты орындайтын жас маман немесе шақырылған қызметкер ие.

Осы бес жылдық кезеңге қызметкердiң жалақысы сақталмайтын демалыста, бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалысы, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақпен расталған екi айдан артық уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі кiрмейдi.

5 5. Әлеуметтік қолдау Атырау қаласының аумағындағы ауылдық округтерде тұратын және жұмыс iстейтiн медицина және фармацевтика қызметкерлерiне көрсетiлмейдi және Қазақстан Руспубликасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмысын өтеуден босатылатын адамдарға қолданылмайды.

6 6. Қызметкерге әлеуметтiк қолдау көрсету облыстық бюджет қаражатының есебiнен жүзеге асырылады және қызметкермен еңбек шарты жасалғаннан кейін оның өтініші негізінде екінші деңгейлі банкте ашылған оның дербес шотына аудару арқылы төленеді.

2 2. Әлеуметтiк қолдау шараларын қабылдау тәртiбi

7 7. Уәкiлеттi органның жолдамасы бойынша жұмыс берушi Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес қызметкермен еңбек шартын жасасады.

8 8. Уәкiлеттi орган қызметкердi өндiрiстiк қажеттiлiкке байланысты ауылдық жерде орналасқан медициналық және фармацевтикалық ұйымдардың арасында ауыстыру туралы шешiм қабылдаған жағдайда, қызметкердiң әлеуметтiк көмек алу құқығы сақталады.

Мұндай жағдайда басқа ауылдық жерде орналасқан медициналық және фармацевтикалық ұйымға ауысқаны үшін әлеуметтік қолдау қайта көрсетілмейді.

9

9. Қызметкердің не жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты уақытынан бұрын бұзылған жағдайда, жұмыс беруші Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға жазбаша өтініш беру арқылы бұрын аударылған бюджет қаражатын облыстық бюджет кірісіне қайтару жөнінде шаралар қабылдайды.

10 10. Жұмыс берушi қызметкердiң әлеуметтiк қолдау алу құқығынан айырылған сәттен бастап (еңбек шартын бұзған жағдайда) 10 жұмыс күннен кешiктiрмей бұл туралы уәкiлеттi органды хабардар етеді.

11 11. Осы тәртіптің орындалуын бақылауды уәкiлеттi орган iске асырады.

Қолданыстағы