Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах административно-территориального устройства района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области

Қаулы · № 172 · қабылданған 21.06.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-133012/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О некоторых вопросах административно-территориального устройства района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области Қолданыста Қаулы ·№ 172 ·21.06.2019
21.06.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.06.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах административно-территориального устройства района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области

Қолданыста Қаулы ·№ 172 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах административно-территориального устройства района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области
Атауы (қаз.)
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
172
Қабылданған күні
21.06.2019
Көрсетілген редакция
21.06.2019 133012_412677.kaz
Соңғы өзгеріс
21.06.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19S0005461
ЭКБ идентификаторы
133012
Редакция идентификаторы
133012_412677
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:25

0 Солтүстік Қазақстан облысы

Мағжан Жұмабаев ауданының
әкімшілік-аумақтық құрылысының
кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабы 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 7-бабының 4-тармағына және 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Мағжан Жұмабаев ауданының жергілікті өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Александров, Золотонив, Писарев, Қарағанды ауылдық округтері таратылсын.

2 2. Возвышен ауылдық округінің шекарасы, оның құрамына таратылатын Александров ауылдық округінің жалпы ауданы 29003 гектар аумағын, соның ішінде Александров ауылы мен Алуа ауылын қоса отырып, осы бірлескен қаулы мен шешімнің 1-қосымшасына сәйкес өзгертілсін.

Жалпы ауданы 61604 гектар Возвышен ауылдық округінің шекарасы белгіленсін.

3 3. Молодогвардейское ауылдық округінің шекарасы, оның құрамына таратылатын Золотонив ауылдық округінің жалпы ауданы 36000 гектар

аумағын, соның ішінде Золотонив ауылын қоса отырып, осы бірлескен қаулы мен шешімнің 2-қосымшасына сәйкес өзгертілсін.
Жалпы ауданы 66360 гектар Молодогвардейское ауылдық округінің шекарасы белгіленсін.

4 4. Бастомар ауылдық округінің шекарасы, оның құрамына таратылатын Писарев ауылдық округінің жалпы ауданы 29643 гектар аумағын, соның ішінде Писарев ауылы мен Веселовка ауылын қоса отырып, осы бірлескен қаулы мен шешімнің 3-қосымшасына сәйкес өзгертілсін.

Жалпы ауданы 53319 гектар Бастомар ауылдық округінің шекарасы белгіленсін.

5 5. Ноғайбай би ауылдық округінің шекарасы, оның құрамына таратылатын Қарағанды ауылдық округінің жалпы ауданы 29857 гектар аумағын, соның ішінде Қарағанды ауылын қоса отырып, осы бірлескен қаулы мен шешімнің 4-қосымшасына сәйкес өзгертілсін.

Жалпы ауданы 56434 гектар Ноғайбай би ауылдық округінің шекарасы белгіленсін.

6 6. Солтүстік Қазақстан облысының облыстық және аудандық атқарушы органдары ауданның және облыстың әкімшілік-аумақтық бірлігінің есептік деректеріне тиісті өзгерістер енгізсін.

7 7. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» және «Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тіліндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiне қосу үшін жіберуді ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiне қосу үшін жіберуді;

3 3) осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімін ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.

8 8. Осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімінің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына және облыстық мәслихат аппаратының басшысына жүктелсін.

9 9. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

13 Возвышен ауылдық округі шекараларының схемалық картасы (масштаб 1: 250000)

Бірлескен Солтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2019 жылғы 21 маусымдағы
№ 172 қаулысына және Солтүстік
Қазақстан облысы мәслихатының
2019 жылғы 21 маусымдағы № 34/6
шешіміне 1 қосымша
Возвышен ауылдық округі шекараларының схемалық картасы
(масштаб 1: 250000)
Возвышен ауылдық округінің ауданы 61604 гектар,
оның ішінде Александров ауылдық округінің жерлері 29003 гектар

14 Молодогвардейское ауылдық округі шекараларының схемалық картасы (масштаб 1: 250000)

Бірлескен Солтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2019 жылғы 21 маусымдағы
№ 172 қаулысына және Солтүстік
Қазақстан облысы мәслихатының
2019 жылғы 21 маусымдағы № 34/6
шешіміне 2 қосымша
Молодогвардейское ауылдық округі шекараларының схемалық картасы
(масштаб 1: 250000)
Молодогвардейское ауылдық округінің ауданы 66360 гектар,
оның ішінде Золотонив ауылдық округінің жерлері 36000 гектар

15 Бастомар ауылдық округі шакараларының схемалық картасы (масштаб 1: 250000)

Бірлескен Солтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2019 жылғы 21 маусымдағы
№ 172 қаулысына және Солтүстік
Қазақстан облысы мәслихатының
2019 жылғы 21 маусымдағы № 34/6
шешіміне 3 қосымша
Бастомар ауылдық округі шакараларының схемалық картасы
(масштаб 1: 250000)
Бастомар ауылдық округінің ауданы 53319 гектар,
оның ішінде Писарев ауылдық округінің жерлері 29643 гектар

16 Ноғайбай би ауылдық округі шекараларының схемалық картасы (масштаб 1: 250000)

Бірлескен Солтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2019 жылғы 21 маусымдағы
№ 172 қаулысына және Солтүстік
Қазақстан облысы мәслихатының
2019 жылғы 21 маусымдағы № 34/6
шешіміне 4 қосымша
Ноғайбай би ауылдық округі шекараларының схемалық картасы
(масштаб 1: 250000)
Ноғайбай би ауылдық округінің ауданы 56434 гектар,
оның ішінде Қарағанды ауылдық округінің жерлері 29857 гектар

Қолданыстағы