Об изменении границ города Сарыагаш и сельских округов Капланбек, Дарбаза, Куркелес Сарыагашского района Туркестанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об изменении границ города Сарыагаш и сельских округов Капланбек, Дарбаза, Куркелес Сарыагашского района Туркестанской области
- Атауы (қаз.)
- Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы Сарыағаш қаласының және Қапланбек, Дарбаза, Құркелес ауылдық округтерінің шекараларын өзгерту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 38/413-VI
- Қабылданған күні
- 13.06.2019
- Көрсетілген редакция
- 13.06.2019 133018_413186.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.06.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19U0005105
- ЭКБ идентификаторы
- 133018
- Редакция идентификаторы
- 133018_413186
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:32
0 Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы Сарыағаш қаласының және Қапланбек, Дарбаза, Құркелес ауылдық округтерінің шекараларын өзгерту туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес, Түркістан облысы Сарыағаш ауданының әкімдігі мен мәслихатының бірлескен ұсынысын ескере отырып, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1
1. Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы Сарыағаш қаласының әкімшілік шекарасына Қапланбек ауылдық округінен 905,52 гектар, Дарбаза ауылдық округінен 236,87 гектар, Құркелес ауылдық округінен 66,01 гектар жалпы көлемі 1208,4 гектар жер бөліктерінің қосылуымен Сарыағаш қаласының және Қапланбек, Дарбаза, Құркелес ауылдық округтерінің шекаралары өзгертілсін.
2 2. «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бірлескен қаулы мен шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бірлескен қаулы мен шешімді мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3) осы бірлескен қаулы мен шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қ.Қ.Айтмұхаметов
Ә.Е.Тұрғымбеков
Ж.Е.Аманбаев
М.И.Мырзалиев
М.Н.Отарбаев
Е.Ә.Садыр
А.Б.Тасыбаев
А.А.Абдуллаев