О предоставлении жителям города Нур-Султан бесплатного проезда на лечение за пределы города за счет бюджетных средств
Күшін жойған
Өзге акт
·№ 397/52-VI
·
11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении жителям города Нур-Султан бесплатного проезда на лечение за пределы города за счет бюджетных средств
- Атауы (қаз.)
- Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына қала шегінен тыс емделу үшін бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүруді ұсыну туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 397/52-VI
- Қабылданған күні
- 27.06.2019
- Көрсетілген редакция
- 29.09.2021 133024_540864.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.09.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19A0001233
- ЭКБ идентификаторы
- 133024
- Редакция идентификаторы
- 133024_540864
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:22
0 Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына қала шегінен тыс емделу үшін бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүруді ұсыну туралы
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. «Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесімен бюджет қаражаты есебінен қала шегінен тыс жоғары технологиялық медициналық көмек алуға жолданған Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына Қазақстан Республикасының шегінде тегін жол жүру ұсынылсын.
2 2. Науқас және оны алып жүруші тұлғаның екі жаққа жол жүру құнын төлеу, қаланың бюджет қаражаты есебінен әуе, теміржол және халықаралық автомобиль көлігімен жүргені үшін, «Тальго» жолаушылар пойызының купе вагоны билетінің орташа құнынан аспайтын көлемде жүргізілсін.
3
3. Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 12 мамырдағы №450/62-IV «Астана қаласының тұрғындарына қала шегінен тыс емделуге бюджеттік қаражаттар есебінен тегін жол жүруін ұсыну туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 675 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 25 маусымда «Вечерняя Астана» және «Астана ақшамы» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.