Об утверждении ставок платы за негативное воздействие на окружающую среду по городу Астане
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении ставок платы за негативное воздействие на окружающую среду по городу Астане
- Атауы (қаз.)
- Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 395/52-VI
- Қабылданған күні
- 27.06.2019
- Көрсетілген редакция
- 30.06.2026 133026_829866.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.06.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19A0001235
- ЭКБ идентификаторы
- 133026
- Редакция идентификаторы
- 133026_829866
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:22
0 Астана қаласы бойынша қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы кодексі 576-бабы 8-тармағын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Астана қаласы бойынша қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы ставкалары осы шешімге қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Астана қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы ставкалары туралы» Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 30 наурыздағы № 322/45-IV шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 623 нөмірімен тіркелген, 2010 жылдың 1 мамырында «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Астана қаласы бойынша қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы ставкалары
Астана қаласы мәслихатының
2019 жылғы 27 маусымдағы
№ 395/52-VI шешіміне
қосымша
Астана қаласы бойынша қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін
төлемақы ставкалары
1. Қозғалмалы көздерден атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары мыналарды құрайды:
Р/с
№
Отын түрі
Пайдаланған отынның 1 тоннасы үшін ставка (айлық есептік көрсеткіш)
1.
Этилденбеген бензин
0,66
2.
Дизель отыны
0,9
3.
Сұйытылған, сығылған газ
0,35
4.
Керосин
0,48
2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы кодексі 576-бабының 2, 3, 5, 6-тармақтарына сәйкес төлемақы ставкалары өзгеріссіз қабылдансын.
____________________________