Құжат мәтініне өту

Об утверждении Критериев для организаций, осуществляющих подготовку и переподготовку владельцев и пользователей гражданского и служебного оружия

Бұйрық · № 584 · қабылданған 27.06.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-133065/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Критериев для организаций, осуществляющих подготовку и переподготовку владельцев и пользователей гражданского и служебного оружия Қолданыста Бұйрық ·№ 584 ·27.06.2019
27.06.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Критериев для организаций, осуществляющих подготовку и переподготовку владельцев и пользователей гражданского и служебного оружия

Қолданыста Бұйрық ·№ 584 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Критериев для организаций, осуществляющих подготовку и переподготовку владельцев и пользователей гражданского и служебного оружия
Атауы (қаз.)
Азаматтық және қызметтiк қарудың иелері мен пайдаланушыларын даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыратын ұйымдар үшін өлшемшарттарды бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
584
Қабылданған күні
27.06.2019
Көрсетілген редакция
27.06.2019 133065_413095.kaz
Соңғы өзгеріс
27.06.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018924
ЭКБ идентификаторы
133065
Редакция идентификаторы
133065_413095
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:21

0 Азаматтық және қызметтiк қарудың иелері мен пайдаланушыларын даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыратын ұйымдар үшін өлшемшарттарды бекіту туралы

«Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-тармағы 8-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Азаматтық және қызметтiк қарудың иелері мен пайдаланушыларын даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыратын ұйымдар үшін өлшемшарттар бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігі

0 Азаматтық және қызметтiк қарудың иелері мен пайдаланушыларын даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыратын ұйымдар үшін өлшемшарттар

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2019 жылғы «___» ________
№_____ бұйрығымен
бекітілген
Азаматтық және қызметтiк қарудың иелері мен пайдаланушыларын даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыратын ұйымдар үшін өлшемшарттар

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Азаматтық және қызметтiк қару иелері мен пайдаланушыларын, сондай-ақ азаматтық және қызметтiк қаруды сатып алуға, сақтауға, сақтауға және алып жүруге рұқсат алуға үміткер адамдарды даярлау және қайта даярлау Азаматтық және қызметтiк қарудың иелері мен пайдаланушыларын арнайы даярлау және қайта даярлау орталықтарында, сондай-ақ Жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарында, дене шынықтыру және спорт саласында орындалатын жарғылық міндеттерге сәйкес спорттың атыс түрлері бойынша (оқ ату, стендтік, практикалық) аккредиттелген Республикалық федерация құрамындағы спорттық ұйымдарда (бұдан әрі – Орталық) жүргізіледі.

2 2. Азаматтық және қызметтiк қарудың иелері мен пайдаланушыларын даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыратын ұйымдар үшін өлшемшарттар

2 2. Орталықтар азаматтық және қызметтiк қарудың иелері мен пайдаланушыларын даярлауды және қайта даярлауды мына өлшемшарттарға сәйкес келген кезде:

1 1) атыс даярлығы бойынша сабақтар өткізуге арналған меншік не жалға алу құқығындағы атыс тирлері бар болған;

2 2) сабақтар өткізу үшін меншік не жалға алу құқығындағы үй-жайлар бар болған;

3 3) атыс даярлығы бойынша практикалық сабақтарды жүргізу үшін азаматтық және қызметтiк қару айналымына бақылау жасау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген қарулану нормасына сәйкес сатып алынған азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары бар болған;

4 4) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сақтау үшін аумақтық полиция органынан алынған қаруды сақтауға рұқсаты болған кезде меншік немесе жалға алынған арнайы жабдықталған үй-жай (қару-жарақ бөлмесі) бар болған кезде жүзеге асырады;

5 5) оқыту процесіне жоғары білімі, тиісті теориялық, практикалық білімдері және өзінің кәсіби құзыреті саласында оқыту дағдылары бар және азаматтық және қызметтік қару айналымы саласында жұмыс тәжірибесі бар мамандар (нұсқаушылар) тартылады;

6 6) азаматтық және қызметтiк қару айналымына бақылау жасау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен азаматтық және қызметтiк қарудың иелері мен пайдаланушыларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі оқу бағдарламалары мен жоспарлары бар болған;

7

7) полиция органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөліністеріне «нақты уақыт» режимінде деректерді беру мүмкіндігімен, оқудан өткен адамдардың (үміткерлердің, қару иелері мен пайдаланушыларының) автоматтандырылған электрондық деректер базасымен компьютерлік құрал-жабдық бар болған кезде жүзеге асырады;

3 3. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы талаптарына сәйкес келмеген, қару ұстауға медициналық қарсы көрсетілімдер болған адамдар атыс даярлығы бойынша сабақтар өткізуге жол берілмейді.

4 4. Осы өлшемшарттардың 2 және 3-тармақтарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда Орталықтың қызметін тоқтату мәселесі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 49-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

Қолданыстағы