Құжат мәтініне өту

О снятии ограничительных мероприятий

Өзге акт · № 20 · қабылданған 28.06.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-133079/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О снятии ограничительных мероприятий Қолданыста Өзге акт ·№ 20 ·28.06.2019
28.06.2019 редакциясы
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.06.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О снятии ограничительных мероприятий

Қолданыста Өзге акт ·№ 20 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О снятии ограничительных мероприятий
Атауы (қаз.)
Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
20
Қабылданған күні
28.06.2019
Көрсетілген редакция
28.06.2019 133079_412656.kaz
Соңғы өзгеріс
28.06.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19NTH08563
ЭКБ идентификаторы
133079
Редакция идентификаторы
133079_412656
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:18

0 Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Федоров аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 576 ұсынысы негізінде, Костряков ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қостанай облысы Федоров ауданы Костряков ауылдық округі Курское ауылында орналасқан Шнурко Александр Анатольевичтің шаруа қожалығы аумағындағы ірі қара мал құтыруының эпизоотиялық ошағына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

2

2. Костряков ауылдық округі әкімінің «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» 2018 жылғы 9 қарашадағы № 11 (2018 жылғы 21 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8106 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3 3) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Федоров ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5 5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Федоров
аудандық аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________ М. Б. Нуркин
«28» маусым 2019 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Қоғамдық денсаулық сақтау
комитетінің Қостанай облысы
Қоғамдық денсаулық сақтау
департаментінің Федоров
аудандық қоғамдық
денсаулық сақтау басқармасы»
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_________________ Е. К. Джагалтаев
«28» маусым 2019 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
«Федоров ауданы әкімдігінің
ветеринария бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_________________ У. А. Успанов
«28» маусым 2019 жыл

Қолданыстағы