Об едином организаторе государственных закупок
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об едином организаторе государственных закупок
- Атауы (қаз.)
- Мемлекеттік сатып алуды біріңғай ұйымдастырушы туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 274
- Қабылданған күні
- 27.06.2019
- Көрсетілген редакция
- 19.07.2019 133105_414874.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.07.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19VQ006049
- ЭКБ идентификаторы
- 133105
- Редакция идентификаторы
- 133105_414874
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:22
0 Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңының 37–бабының 1, 2–тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының
8-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 28-2 тармағының
1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы
29 желтоқсандағы № 1127 «Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін анықтау туралы» бұйрығының 3 қосымшасына сәйкес, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Тапсырыс берушілер үшін «Шығыс Қазақстан облысы «Ұлан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Ұлан ауданы аумағында мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы болып белгіленсін.
2 2. Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы ұйымдастыратын және өткізетін тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
3 3. «Ұлан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (А. Ақышов) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде, қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Ұлан ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары
А. Хосчановқа жүктелсін.