Құжат мәтініне өту

О делении территории Осакаровского района Карагандинской области на зоны

Қаулы · № 40/01 · қабылданған 02.07.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-133117/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О делении территории Осакаровского района Карагандинской области на зоны Күшін жойған Қаулы ·№ 40/01 ·02.07.2019
19.12.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.12.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О делении территории Осакаровского района Карагандинской области на зоны

Күшін жойған Қаулы ·№ 40/01 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О делении территории Осакаровского района Карагандинской области на зоны
Атауы (қаз.)
Қарағанды облысы Осакаров ауданының аумағын аймақтарға бөлу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
40/01
Қабылданған күні
02.07.2019
Көрсетілген редакция
19.12.2019 133117_432466.kaz
Соңғы өзгеріс
19.12.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19K0005405
ЭКБ идентификаторы
133117
Редакция идентификаторы
133117_432466
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:17

0 Қарағанды облысы Осакаров ауданының

аумағын аймақтарға бөлу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңдарына, «Аумақты аймақтарға бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 767 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6027 болып тіркелді) сәйкес, «Родников ауылдық округінің Қарасу ауылы аумағында карантин белгілеу туралы» Қарағанды облысы Осакаров ауданы Родников ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 1 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5391 болып тіркелді) негізінде және Қарағанды облысы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 25 маусымдағы № 02-05/810 ұсынысында айқындалған Ньюкасл құс ауруының пайда болу ауқымын есепке ала отырып, Ньюкасл құс ауруының әкелінуін және таралуын болдырмау, эпизоотиялық ошақты жою жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және жүргізу мақсатында, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қарағанды облысы Осакаров ауданының аумағы мынадай құрылым бойынша аймақтарға бөлінсін:

1 1) қолайсыз аймақ – Родников ауылдық округі Қарасу ауылының аумағын қамтитын эпизоотиялық ошақтан 3 километр радиустағы аймақ;

2 2) буферлік аймақ – Родников ауылдық округі Родниковское ауылының аумағын қамтитын қолайсыз аймақ шекарасынан 12 километр радиустағы аймақ;

3 3) бақылау аймағы – Жансары ауылдық округі Аманқоңыр ауылының аумағын қамтитын буферлік аймақ шекарасынан 32 километр радиустағы аймақ;

4 4) қолайлы аймаққа – Осакаров ауданының қолайсыз, буферлік аймақтың және бақылау аймағының шегінен тыс жатқан аумақтар қолайлы аймаққа жатқызылсын.

2

2. «Қарағанды облысының ветеринария басқармасы», «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемелері (келісім бойынша) және Осакаров ауданының әкімдігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.

4 4. «Қарағанды облысы Осакаров ауданының аумағын аймақтарға бөлу туралы» қаулысы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы