Құжат мәтініне өту

Об утверждении ставок платы за лесные пользования на участках государственного лесного фонда и норм сбора физическими лицами для собственных нужд лесных ресурсов на территории государственного лесного фонда Северо-Казахстанской области

Өзге акт · № 34/8 · қабылданған 21.06.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-133119/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об утверждении ставок платы за лесные пользования на участках государственного лесного фонда и норм сбора физическими лицами для собственных нужд лесных ресурсов на территории государственного лесного фонда Северо-Казахстанской области Қолданыста Өзге акт ·№ 34/8 ·21.06.2019
21.06.2019 редакциясы
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.06.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении ставок платы за лесные пользования на участках государственного лесного фонда и норм сбора физическими лицами для собственных нужд лесных ресурсов на территории государственного лесного фонда Северо-Казахстанской области

Қолданыста Өзге акт ·№ 34/8 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении ставок платы за лесные пользования на участках государственного лесного фонда и норм сбора физическими лицами для собственных нужд лесных ресурсов на территории государственного лесного фонда Северо-Казахстанской области
Атауы (қаз.)
Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелерін және жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында орман ресурстарын өз мұқтажы үшін жинау нормаларын бекіті туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
34/8
Қабылданған күні
21.06.2019
Көрсетілген редакция
21.06.2019 133119_413132.kaz
Соңғы өзгеріс
21.06.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19S0005465
ЭКБ идентификаторы
133119
Редакция идентификаторы
133119_413132
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:25

0 Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелерін және жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында орман ресурстарын өз мұқтажы үшін жинау нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 14-бабы 2) тармақшасына және 42-бабы 3-тармағына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 587-бабы 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 5-тармағына және 7-бабы 4-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының мөлшерлемелерін (түбiрiмен босатылатын сүрек үшiн белгiленетiн мөлшерлемелерді қоспағанда) осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. Солтүстік Қазақстан облысы жеке тұлғаларының мемлекеттiк орман қоры аумағында жабайы өскен жемiстерді, саңырауқұлақтарды, жидектерді, дәрiлiк шикiзатты және өзге де орман ресурстарын өз мұқтажы үшін жинауының нормалары осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

3

3. «Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында орман пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелерін және жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында өз мұқтажы үшін орман ресурстарын жинау нормалары туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 20/18 шешімінің (2018 жылғы 3 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4689 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.

4 4. «Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы мәслихат шешімін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы шешімді мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тіліндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;

3 3) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

5 5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының мөлшерлемелері (түбiрiмен босатылатын сүрек үшiн белгiленетiн мөлшерлемелерді қоспағанда)

Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының
2019 жылғы 21 маусымдағы № 34/8
шешіміне 1 қосымша
Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының мөлшерлемелері (түбiрiмен босатылатын сүрек үшiн белгiленетiн мөлшерлемелерді қоспағанда)
№ р/с
Орман пайдалану түрлері
Орман пайдаланудың мерзімдері
Ресурс түрінің бірлігі
үшін төлемақы мөлшерлемелерінің айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде
1. Шайыр мен сүрек сөлдерін дайындау
1.1
Шайыр дайындау
Ұзақ мерзімді, алынатын
1 гектар үшін 1,18 айлық есептік көрсеткіш
1.2
Шайыр дайындау
Ұзақ мерзімді, алынатын
1 центнер үшін 0,39 айлық есептік көрсеткіш
1.3
Ағаш шырынын дайындау
Ұзақ мерзімді, алынатын
1 гектар үшін 0,59 айлық есептік көрсеткіш
1.4
Ағаш шырынын дайындау
Ұзақ мерзімді, алынатын
1 центнер үшін 0,31 айлық есептік көрсеткіш
№ р/с
Ағаш және бұ­та тұқым­ды­ла­ры­ның ата­уы
Ор­ман пай­да­ла­ну­дың мер­зім­де­рі
Ресурс түрінің бірлігі үшін төлемақы мөлшерлемелері
Қа­бық­тар, 1 тон­на үшін ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш
Бұ­тақ­тар, 1 тон­на үшін ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш
То­мар­лар, 1 тон­на үшін ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш
Та­мыр­лар, 1 тон­на үшін
ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш
Жа­пы­рақ­тар, 1 тон­на үшін ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш
Бүр­шік­тер,
1 ки­ло­грамм үшін ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш
2. Екінші дәрежелі сүрек ресурстарын дайындау
2.1
Қа­ра­ғай
Ұзақ мер­зім­ді, алы­на­тын
0,027
0,055
0,0137
0,082
0,041
0,027
2.2
Қай­ың
Ұзақ мер­зім­ді, алы­на­тын
0,021
0,042
0,0104
0,062
0,031
0,021
2.3
Көк­те­рек, ағаш тек­тес тал, те­рек
Ұзақ мер­зім­ді, алы­на­тын
0,014
0,029
0,0072
0,043
0,0215
0,014
2.4
Бұ­та тек­тес тал
Ұзақ мерзімді, алынатын
0,016
0,031
0,0078
0,047
0,023
0,016
2.5
Ше­гір­шін, үй­ең­кі
Ұзақ мерзімді, алынатын
0,018
0,036
0,0091
0,055
0,027
0,018
3. Жанама орман пайдалану
Жабайы өскен жемістерді, жидектер мен саңырауқұлақтарды дайындау және жинау
Салмақ бірлігі үшін айлық есептік көрсеткішімен төлемақы мөлшерлемелерінің мөлшері
3.1
Саңырауқұлақтар
Қысқа мерзімді, алынатын
1 килограмм үшін 0,024 айлық есептік көрсеткіш
3.2
Жидектер
Қысқа мерзімді, алынатын
1 килограмм үшін 0,032 айлық есептік көрсеткіш
Дәрілік өсімдіктер және техникалық шикізатты жинау
3.3
Шөптер
Қысқа мерзімді, алынатын
1 килограмм үшін 0,005 айлық есептік көрсеткіш
3.4
Гүлдер
Қысқа мерзімді, алынатын
1 килограмм үшін 0,005 айлық есептік көрсеткіш
3.5
Жапырақтар, сабақтар мен өскіндер
Қысқа мерзімді, алынатын
1 килограмм үшін 0,005 айлық есептік көрсеткіш
3.6
Жемістер мен жидектер
Қысқа мерзімді, алынатын
1 килограмм үшін 0,005 айлық есептік көрсеткіш
3.7
Тамырлар
Қысқа мерзімді, алынатын
1 килограмм үшін 0,003 айлық есептік көрсеткіш
3.8
Бүршіктер
Қысқа мерзімді, алынатын
1 килограмм үшін 0,003 айлық есептік көрсеткіш
Жанама орман пайдаланудың жекелеген түрлері
3.9
Мүктер
Қысқа мерзімді, алынатын
1 центнер үшін 0,024 айлық есептік көрсеткіш
3.10
Орман жамылғысы мен түскен жапырақтар
Қысқа мерзімді, алынатын
1 тонна үшін 0,277 айлық есептік көрсеткіш
3.11
Қамыс
Қысқа мерзімді, алынатын
1 центнер үшін 0,016 айлық есептік көрсеткіш
3.12
Бау шаруашылығы, бақша шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру
Қысқа мерзімді, алынбайтын
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 503-бабына сәйкес есептелетін жер салығы мөлшерлемесі бойынша 1 гектарға
3.13
Аң шаруашылығы және марал шаруашылығы
Қысқа мерзімді, алынбайтын
1 гектар үшін 0,939 айлық есептік көрсеткіш
3.14
Мемлекеттік орман қоры учаскелеріне бір омартаны орналастыру
Қысқа мерзімді, алынбайтын
1 омарта үшін 0,745 айлық есептік көрсеткіш
3.15
Шөп шабу алқаптарының жағдайы сапалы топтар бойынша шөп шабу-жақсы
Ұзақ мерзімді, алынбайтын
1 гектар үшін 0,894 айлық есептік көрсеткіш
3.16
Шөп шабу алқаптарының жағдайы сапалы топтар бойынша шөп шабу-қанағаттанарлық
Ұзақ мерзімді, алынбайтын
1 гектар үшін 0,670 айлық есептік көрсеткіш
3.17
Шөп шабу алқаптарының жағдайы сапалы топтар бойынша шөп шабу-қанағаттанғысыз
Ұзақ мерзімді, алынбайтын
1 гектар үшін 0,521 айлық есептік көрсеткіш
1 гектар жерге жылына 1 бас мал жаю
3.18
Ірі қара мал
Ұзақ мерзімді, алынбайтын
1 бас үшін 1,251 айлық есептік көрсеткіш
3.19
Жылқы
Ұзақ мерзімді, алынбайтын
1 бас үшін 1,251 айлық есептік көрсеткіш
3.20
Ірі қара мал төлі
Ұзақ мерзімді, алынбайтын
1 бас үшін 0,625 айлық есептік көрсеткіш
3.21
Ешкі
Ұзақ мерзімді, алынбайтын
1 бас үшін 1,095 айлық есептік көрсеткіш
3.22
Қой
Ұзақ мерзімді, алынбайтын
1 бас үшін 0,313 айлық есептік көрсеткіш
4. Мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығы мұқтаждықтары, ғылыми-зерттеу, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдалану
4.1
Аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін
Ұзақ мерзімді, алынбайтын
1 гектар үшін 0,74 айлық есептік көрсеткіш
4.2
Ғылыми-зерттеу және сауықтыру мақсаттары үшін
Ұзақ мерзімді, алынбайтын
1 гектар үшін 0,37 айлық есептік көрсеткіш
4.3
Рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін
Ұзақ мерзімді, алынбайтын
1 гектар үшін 0,94 айлық есептік көрсеткіш
4.4
Ғылыми-зерттеу, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін
Қысқа мерзімді, алынбайтын
күніне 1 адам-күн үшін 0,1 айлық есептік көрсеткіш

10 Солтүстік Қазақстан облысы жеке тұлғаларының мемлекеттiк орман қоры аумағында өз мұқтажы үшін жабайы жемiстерді, саңырауқұлақтарды, жидектерді, дәрiлiк өсімдік шикiзаттын және өзге де жанама орман ресурстарын жинауының нормалары

Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының
2019 жылғы 21 маусымдағы № 34/8
шешіміне 2 қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы жеке тұлғаларының мемлекеттiк орман қоры аумағында өз мұқтажы үшін жабайы жемiстерді, саңырауқұлақтарды, жидектерді, дәрiлiк өсімдік шикiзаттын және өзге де жанама орман ресурстарын жинауының нормалары

р/с
Орман пайдалану және ресурс түрлері
Жеке тұлғалардың өз мұқтажы үшін жинау нормалары, 1 адамға шаққанда
1
Жемістер мен жидектер
10 килограмм
2
Саңырауқұлақтар
50 килограмм
3
Шөптер
10 килограмм
4
Гүлдер
10 килограмм
5
Жапырақтар, сабақтар мен өскендер
10 килограмм
6
Тамырлар, тамыр сабақ, түйнектер
10 килограмм
7
Бүршіктер
10 килограмм
8
Мүктер
10 килограмм
9
Орман жамылғысы мен түскен жапырақтар
100 килограмм
10
Қамыс
800 килограмм

Қолданыстағы