Об определении единого организатора государственных закупок
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении единого организатора государственных закупок
- Атауы (қаз.)
- Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 273
- Қабылданған күні
- 09.07.2019
- Көрсетілген редакция
- 11.10.2019 133128_425147.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.10.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19VI006068
- ЭКБ идентификаторы
- 133128
- Редакция идентификаторы
- 133128_425147
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:13
0 Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын
айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекетік сатып алу туралы» Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 28-2-тармағының 3) тармақшасына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12590 болып тіркелді), Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1127 «Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін анықтау туралы» бұйрығының 4 қосымшасына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18120 болып тіркелді) сәйкес, Глубокое ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Глубокое ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып айқындалсын.
2 2. «Глубокое ауданының әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;