Об утверждении формы, предназначенной для сбора административных данных, представляемой местными исполнительными органами по проведению паспортизации (инвентаризации) и адаптации объектов социальной и транспортной инфраструктуры
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении формы, предназначенной для сбора административных данных, представляемой местными исполнительными органами по проведению паспортизации (инвентаризации) и адаптации объектов социальной и транспортной инфраструктуры
- Атауы (қаз.)
- Жергілікті атқарушы органдар ұсынған әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне паспорттау (түгендеу) және бейімдеу жүргізу бойынша әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 355
- Қабылданған күні
- 04.07.2019
- Көрсетілген редакция
- 30.09.2022 133131_596104.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.09.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900018994
- ЭКБ идентификаторы
- 133131
- Редакция идентификаторы
- 133131_596104
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:14
0 Жергілікті атқарушы органдар ұсынған әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне паспорттау (түгендеу) және бейімдеу жүргізу бойынша әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанды бекіту туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне паспорттау (түгендеу) және бейімдеу жүргізу бойынша жұмысы туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін қағаз және электрондық түрде «Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;
3 3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4 4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитеті
1 Жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне паспорттау (түгендеу) және бейімдеу жүргізу бойынша жұмысы туралы мәліметтер
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2019 жылғы 4 шілдедегі
№ 355 бұйрығына
қосымша
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан
Жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне паспорттау (түгендеу) және бейімдеу жүргізу бойынша жұмысы туралы мәліметтер
Мәліметтер қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті
Әкімшілік деректер нысаны
https://www.gov.kz/memleket/entities/lspm/documents/1?lang=ru интернет-ресурсында орналасқан
Әкімшілік деректер нысанының атауы: Жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне паспорттау (түгендеу) және бейімдеу жүргізу бойынша жұмысы туралы мәліметтер
Әкімшілік деректер нысанының индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 1-ПАСТИ
Кезеңділік: тоқсан сайын
Есепті кезең: 20__ жылғы ______ тоқсан
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органы.
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне қарай
Өңірдің атауы
2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 20___ жылғы ___ __________ дейін барлығы өсу ретімен
Барлығы
ӘАОЖ (Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші) бойынша орналасқан жерінің коды
Әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің жалпы саны
паспорттау (түгендеу)
бейімдеу
Әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің жалпы санынан мүгедектер үшін қолжетімділікпен қамтамасыз етілген объектілердің үлесі, % ((5баған-6баған.)+7баған.) /5бағанға.*100
оның ішінде паспорттауға жататын
оның ішінде паспортталған
оның ішінде бейімдеуге жататын
оның ішінде бейімделген
1
2
3
4
5
6
7
8
2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 20___ жылғы ___ __________ дейін барлығы өсу ретімен
мемлекеттік басқару
денсаулық сақтау
паспорттау (түгендеу)
бейімдеу
паспорттау (түгендеу)
бейімдеу
оның ішінде паспорттауға жататын
оның ішінде паспортталған
оның ішінде бейімдеуге жататын
оның ішінде бейімделген
оның ішінде паспорттауға жататын
оның ішінде паспортталған
оның ішінде бейімдеуге жататын
оның ішінде бейімделген
9
10
11
12
13
14
15
16
халықты әлеуметтік қорғау
білім беру
сайлау учаскелері
паспорттау (түгендеу)
бейімдеу
паспорттау (түгендеу)
бейімдеу
паспорттау (түгендеу)
оның ішінде паспорттауға жататын
оның ішінде паспортталған
оның ішінде бейімдеуге жататын
оның ішінде бейімделген
оның ішінде паспорттауға жататын
оның ішінде паспортталған
оның ішінде бейімдеуге жататын
оның ішінде бейімделген
оның ішінде паспорттауға жататын
оның ішінде паспортталған
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
сайлау учаскелері
мәдениет
дене шынықтыру және спорт
бейімдеу
паспорттау (түгендеу)
бейімдеу
паспорттау (түгендеу)
бейімдеу
оның ішінде бейімдеуге жататын
оның ішінде бейімделген
оның ішінде паспорттауға жататын
оның ішіндегі паспортталған
оның ішінде бейімдеуге жататын
оның ішінде бейімделген
оның ішінде паспорттауға жататын
оның ішінде паспортталған
оның ішінде бейімдеуге жататын
оның ішінде бейімделген
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
көліктік қызмет көрсету
басқа
паспорттау (түгендеу)
бейімдеу
паспорттау (түгендеу
бейімдеу
оның ішінде паспорттауға жататын
оның ішінде паспортталған
оның ішінде бейімдеуге жататын
оның ішінде бейімделген
оның ішінде паспорттауға жататын
оның ішінде паспортталған
оның ішінде бейімдеуге жататын
оның ішінде бейімделген
37
38
39
40
41
42
43
44
20_ жылға (ағымдағы жылға) объектілерді паспорттау мен бейімдеу жоспары
паспорттау (түгендеу
бейімдеу
Көрсетілген кезеңде бейімдеуге жоспарланған объектілердің ішінен бейімделгендерінің үлесі, % 54баған/ 50 бағанға* 100
бейімдеуге жататын
оның ішінде бейімделгендер
оның ішінде паспорттауға жататын
оның ішінде паспортталған
нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы
жергілікті бюджет шеңберінде
субъектілер есебінен
БАРЛЫҒЫ
нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы
жергілікті бюджет шеңберінде
субъектілер есебінен
БАРЛЫҒЫ
45
46
47
48
49
50
51
52
53
54
55
Басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________
(қолы)
Күні 20__ жылғы «__» ____________
*Ескертпе: әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
1-1 «Жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне паспорттау (түгендеу) және бейімдеу жүргізу бойынша жұмысы туралы мәліметтер» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме (1-ПАСТИ, тоқсан сайын)
«Жергілікті атқарушы органдар
ұсынған әлеуметтік және көлік
инфрақұрылымы объектілеріне
паспорттау (түгендеу) және
бейімдеу жұмысы туралымәліметтер»
әкімшілік деректерін жинауға арналған
нысанға қосымша
«Жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне паспорттау (түгендеу) және бейімдеу жүргізу бойынша жұмысы туралы мәліметтер» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме (1-ПАСТИ, тоқсан сайын)
1 1. Осы түсіндірме жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне паспорттау (түгендеу) және бейімдеу жүргізу бойынша жұмысы туралы есептің нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай ұсынымды қамтиды.
2 2. Осы нысанды жүргізудің негізгі міндеті жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне паспорттау (түгендеу) және бейімдеу жүргізу бойынша жұмысына мониторингті жүзеге асыру болып табылады.
3
3. «Жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне паспорттау (түгендеу) және бейімдеу жүргізу бойынша жұмысы бойынша мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органы (бұдан әрі – облыстық басқарма, қалалық басқарма) толтырады және тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне қарай Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетіне ұсынады.