Құжат мәтініне өту

О снятии карантина

Өзге акт · № 10 · қабылданған 27.06.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-133195/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О снятии карантина Қолданыста Өзге акт ·№ 10 ·27.06.2019
27.06.2019 редакциясы
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О снятии карантина

Қолданыста Өзге акт ·№ 10 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О снятии карантина
Атауы (қаз.)
Карантинді тоқтату туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
10
Қабылданған күні
27.06.2019
Көрсетілген редакция
27.06.2019 133195_413257.kaz
Соңғы өзгеріс
27.06.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19NJ008579
ЭКБ идентификаторы
133195
Редакция идентификаторы
133195_413257
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:21

0 Карантинді тоқтату туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жітіқара аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 24 мамырдағы № 01-20/190 ұсынысы негізінде Жітіқара ауданы Жітіқара қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қостанай облысы Жітіқара ауданы Жітіқара қаласының аумағында орналасқан «Ибраев С.Д.» шаруа қожалығының аумағынан ірі қара мал қарасаны бойынша карантин тоқтатылсын.

2

2. Жітіқара ауданы Жітіқара қаласы әкімінің «Карантин белгілеу туралы» 2019 жылғы 4 мамырдағы № 5 шешімінің (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 14 мамырда жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8412 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3 3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5 5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, 2019 жылғы 1 маусымнан бастап туындаған қатынастарға өз әрекетін таратады.

Қолданыстағы