Об установлении ограничительных мероприятий на территории улицы М.Ауезов в города Жетысай Жетысайского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ограничительных мероприятий на территории улицы М.Ауезов в города Жетысай Жетысайского района
- Атауы (қаз.)
- Жетісай ауданының Жетісай қаласы М.Әуезов көшесінің аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 178
- Қабылданған күні
- 01.07.2019
- Көрсетілген редакция
- 05.09.2019 133200_422213.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.09.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19UGA05114
- ЭКБ идентификаторы
- 133200
- Редакция идентификаторы
- 133200_422213
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:17
0 Жетісай ауданының
Жетісай қаласы М.Әуезов
көшесінің аумағына шектеу
іс-шараларын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мақтарал аудандық аумақтық инспекция басшысының 2019 жылғы 17 маусымдағы №02-03/278 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Жетісай қаласы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Е.Муратовтың жеке тұрғын үй ауласынан табылған ит өлексесінің құтырық ауруымен ауруына байланысты Жетісай ауданының Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесінің аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2 2. Жетісай ауданының «Жетісай қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күнішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында Қазақстан Республикасы нормативтік - құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;