Құжат мәтініне өту

Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Махамбетском районе

Қаулы · № 172 · қабылданған 05.07.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-133213/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Махамбетском районе Қолданыста Қаулы ·№ 172 ·05.07.2019
05.07.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.07.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Махамбетском районе

Қолданыста Қаулы ·№ 172 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Махамбетском районе
Атауы (қаз.)
Махамбет ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
172
Қабылданған күні
05.07.2019
Көрсетілген редакция
05.07.2019 133213_413341.kaz
Соңғы өзгеріс
05.07.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19TC004445
ЭКБ идентификаторы
133213
Редакция идентификаторы
133213_413341
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:14

0 Махамбет ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы

«Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3 бабы 2 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Махамбет ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Махамбет ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау «Махамбет ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысына (Н. Қалиевқа) жүктелсін.

3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Махамбет ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

Махамбет ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «5» шілде № 172
қаулысына қосымша
Махамбет ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

1 1-тарау. Көтермелеудің түрлері

1 1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу шаралары мыналар:

1 1) алғыс жариялау;

2 2) грамотамен марапаттау;

3 3) ақшалай сыйақы беру.

2 2-тарау. Көтермелеудің тәртібі

2 2. Осы тәртіп Махамбет ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеуді ұйымдастырудың мәселелерін реттейді.

3 3. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Махамбет ауданы әкімінің шешімімен құрылған комиссия (бұдан әрі – комиссия) қарайды.

4 4. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Атырау облысы полиция департаменті Махамбет ауданы полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесімен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсыныс комиссияның қарауына енгізіледі.

5 5. Комиссиямен қабылданған хаттамалық шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.

6 6. Ақшалай сыйақыны төлеу «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Атырау облысының полиция департаменті» мемлекеттік мекемесімен облыстық бюджет есебінен жүргізіледі.

7 7. Ақшалай сыйақыны төлеу үшін «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Атырау облысы полиция департаменті Махамбет ауданы полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының комиссия қабылдаған шешіміне сәйкес қосымша бұйрығы шығарылады.

8 8. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға көтермелеу шаралары «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Атырау облысы полиция департаменті Махамбет ауданы полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесімен салтанатты жиында жүзеге асырылады.

3 3-тарау. Ақшалай сыйақының мөлшері

9

9. Ақшалай сыйақының мөлшері көтермеленетін азаматтардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін, сонымен қатар олармен немесе олардың қатысуымен құқыққа қарсы әрекет нәтижесінде келтірілуі мүмкін залалдың алдын алған көлемін есепке ала отырып комиссиямен белгіленеді және 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайды.

Қолданыстағы