Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов и методики расчета тарифа на сбор, вывоз и захоронение твердых бытовых отходов по Исатайскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов и методики расчета тарифа на сбор, вывоз и захоронение твердых бытовых отходов по Исатайскому району
- Атауы (қаз.)
- Исатай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 252-VI
- Қабылданған күні
- 02.07.2019
- Көрсетілген редакция
- 27.04.2021 133214_521859.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19TD004444
- ЭКБ идентификаторы
- 133214
- Редакция идентификаторы
- 133214_521859
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:17
0 Исатай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық Кодексінің 19-1 бабының 1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 10030 санымен тіркелді) және «Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 14285 санымен тіркелді) сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Исатай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары № 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. Исатай ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтері № 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3
3. «Исатай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» Исатай ауданы мәслихатының 2016 жылғы 04 қарашадағы № 56-VI шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3692 санымен тіркелген, 2016 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика, кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (А. Рахметов) жүктелсін.
5 5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Исатай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
Аудандық мәслихаттың 2019
жылғы «2» шілдедегі № 252-VI
шешіміне № 1 қосымша
Исатай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№
Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер
Есептік бірлік
Жылдық нормасы 1есептік бірлікке, м3
1
Жайлы үйлер
1 тұрғын
0,65
Жайлы емес үйлер
1 тұрғын
0,75
2
Қонақүйлер,санаторийлер,демалысүйлері
1 орын
1,29
3
Балабақшалар, бөбекжайлар
1 орын
0,47
4
Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері
1 қызметкер
1,42
5
Емханалар,
1 келіп кету
0,0007
6
Ауруханалар,өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері
1 төсек-орын
1,70
7
Мектептер және өзге де оқу орындары
1 оқушы
0,14
8
Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері
1 отыратын орын
1,03
9
Мұражайлар
Жалпыалаңы 1 м2
0,05
10
Стадиондар, спорт алаңдары
жоба бойынша 1 орын
0,02
11
Спорт, би жәнеойынзалдары
жалпыалаңы 1 м2
0,02
12
Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер
саудаалаңы 1 м2
1,39
13
Базарлар, саудапавильондары, дүңгіршектер, сөрелер
саудаорны 1 м2
0,23
14
Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету
жалпыалаңы 1 м2
0,13
15
Вокзалдар, автовокзалдар
жалпыалаңы 1 м2
0,22
16
Дәріханалар
саудаалаңы 1 м2
0,14
17
Автотұрақтар, автомобильдіжууорындары, АЖС, гараждар
1 машина-орын
2,35
18
Автомобиль шеберханалары
1 жұмысшы
1,3
19
Шаштараздар, косметикалықсалондар
1 жұмыс орны
1,4
20
Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі
жалпыалаңы 1 м2
0,33
21
Моншалар, сауналар
Жалпыалаңы 1 м2
0,30
7 Исатай ауданы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, әкетуге және жоюға арналған тарифтері
«2» шілдедегі 2019 жылғы
№ 252-VI аудандық мәслихаттың
шешіміне 2 қосымша
Исатай ауданы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, әкетуге және жоюға арналған тарифтері
№
Атауы
Есеп бірлігі
Құны, тенге
1
Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, әкетуге арналған тарифтер
1.1
Жайлы үйлер
1 тұрғын
87
1.2
Жайлы емес үйлер
1 тұрғын
100
1.3
Заңды тұлғалар (жеке кәсіпкерлер үшін)
1 текше метр
1755
1.4
Заңды тұлғалар (кәсіпорындар үшін)
1 текше метр
1755
1.5
Заңды тұлғалар (бюджеттік мекемелер үшін)
1 текше метр
1755
2
Қатты тұрмыстық қалдықтарды көмуге, жоюға арналған тарифтер
2.1
Жеке тұлғалар
1 текше метр
363
2.2
Заңды тұлғалар
1 текше метр
517