О переименовании некоторых улиц села Красноармейка Красноармейского сельского округа Павлодарского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании некоторых улиц села Красноармейка Красноармейского сельского округа Павлодарского района
- Атауы (қаз.)
- Павлодар ауданы Красноармейка ауылдық округінің Красноармейка ауылындағы кейбір көшелерін қайта атау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 10
- Қабылданған күні
- 11.07.2019
- Көрсетілген редакция
- 11.07.2019 133228_413915.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.07.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19PKJ06478
- ЭКБ идентификаторы
- 133228
- Редакция идентификаторы
- 133228_413915
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:11
0 Павлодар ауданы Красноармейка ауылдық
округінің Красноармейка ауылындағы кейбір
көшелерін қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Красноармейка ауылдық округі Красноармейка ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2018 жылғы 9 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Красноармейка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Павлодар ауданының Красноармейка ауылдық округі Красноармейка ауылының келесі көшелері:
«Западная» көшесі «Бастау» көшесі болып;
«Строительная» көшесі «Астана» көшесі болып;
«Садовая» көшесі «Жасыл ел» көшесі болып;
«Заготзерновская» көшесі «Ақ бидай» көшесі болып;
«Элеваторская» көшесі «Мереке» көшесі болып;
«Школьная» көшесі «Ұстаздар» көшесі болып;
«Механизаторская» көшесі «Еңбекші» көшесі болып;
«Калинина» көшесі «Жұмабек Тәшенов» көшесі болып қайта аталсын.