Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил определения и использования стандартных решений, подлежащих многократному использованию при создании и развитии объектов информатизации «электронного правительства»

Бұйрық · № 145/НҚ · қабылданған 29.06.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 03.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-133239/on/2026-09-03/
Басып шығарылды 2026-09-03 · adilet.kz
Об утверждении Правил определения и использования стандартных решений, подлежащих многократному использованию при создании и развитии объектов информатизации «электронного правительства» Күшін жойған Бұйрық ·№ 145/НҚ ·29.06.2019
12.07.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
03.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил определения и использования стандартных решений, подлежащих многократному использованию при создании и развитии объектов информатизации «электронного правительства»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 145/НҚ · 03.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил определения и использования стандартных решений, подлежащих многократному использованию при создании и развитии объектов информатизации «электронного правительства»
Атауы (қаз.)
«Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде көп рет пайдалануға жататын стандартты шешімдерді айқындау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
145/НҚ
Қабылданған күні
29.06.2019
Көрсетілген редакция
12.07.2024 133239_711211.kaz
Соңғы өзгеріс
12.07.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018981
ЭКБ идентификаторы
133239
Редакция идентификаторы
133239_711211
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:17

0 «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде көп рет пайдалануға жататын стандартты шешімдерді айқындау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы

«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 54) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде көп рет пайдалануға жататын стандартты шешімдерді айқындау және пайдалану қағидалары бекітілсін.

2 2. Мыналардың:

1

1) «Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін және сервистік бағдарламалық өнімдерді құру немесе дамыту кезінде стандартты шешімдер ретінде көп рет пайдалануға жататын ақпараттық жүйелердің (немесе олардың бөліктерінің) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 125 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13325 болып тіркелген, 2016 жылғы 10 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

2

2) «Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру және дамыту кезінде стандартты шешімдер ретінде көп рет пайдалануға жататын ақпараттық жүйелердің (немесе олардың бөліктерінің) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 125 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 2 наурыздағы № 66 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16624 болып тіркелген, 2018 жылғы 12 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрландыру департаменті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

4

4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

0 «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде көп рет пайдалануға жататын стандартты шешімдерді айқындау және пайдалану қағидалары

Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің
2019 жылғы «29» маусымдағы
№ 145/НҚ бұйрығымен
бекітілген
«Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін
құру және дамыту кезінде көп рет пайдалануға жататын стандартты шешімдерді айқындау және пайдалану қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде көп рет пайдалануға жататын стандартты шешімдерді айқындау және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабы 54) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде көп рет пайдалануға жататын стандартты шешімдерді айқындаудың және пайдаланудың тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1

1) «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталы (бұдан әрі – архитектуралық портал) – ақпараттандыру саласындағы мониторинг, талдау және жоспарлау үшін мемлекеттік органдардың одан әрі пайдалануы мақсатында «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуды, сақтауды және жүйелеуді жүзеге асыруға, «электрондық үкіметтің» архитектурасына арналған ақпараттандыру объектісі;

2

2) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері – мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар, мемлекеттік органдардың бағдарламалық қамтылымы, мемлекеттік органның интернет-ресурсы, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілері, оның ішінде өзге де тұлғалардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға, мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруға және мемлекеттік қызметтер көрсетуге арналған ақпараттандыру объектілері;

3

3) «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторы (бұдан әрі – сервистік интегратор) – «электрондық үкіметтің» архитектурасын дамытуды әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі функциялар, сондай-ақ осы Заңда көзделген өзге де функциялар жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлға;

4 4) стандартты шешім – «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде көп рет пайдалануға жататын бағдарламалық өнім немесе ақпараттық жүйе (немесе оның бөлігі).

2 2-тарау. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде көп рет пайдалануға жататын стандартты шешімдерді айқындаудың тәртібі

3 3. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде көп рет пайдалануға жататын стандартты шешімдерді айқындау (бұдан әрі – стандартты шешімдер) мынадай:

1 1) стандартты шешімдерді құру экономикалық орынды болып табылатын біртекті ақпараттандыру объектілерінің болуын анықтау;

2 2) қолданысы мен жалпы талаптар аясы біріктірілетін, анағұрлым ұтымды жеке (типтік емес) жобалық шешімдерді анықталған белгілері бойынша біркелкілікке келтіруге негізделген типтеу мақсатында жүзеге асырылады.

4 4. Стандартты шешімдер мынадай:

1 1) бағдарламалық қамтылымды, бастапқы бағдарламалық кодтарды, репозиторийлерде орналастырылған «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің лицензиялық бағдарламалық қамтылымынның баптау кешенін;

2 2) «электрондық үкіметтің» архитектурасын қалыптастыру және дамыту шеңберінде «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері арқылы жүзеге асырылады;

3

3) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері және «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында орналастырылған «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамаларының электрондық көшірмелері туралы мәліметтерді сервистік интегратордың талдауы негізінде айқындалады.

5 5. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісі немесе оның бөлігі мынадай:

1 1) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісі өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген;

2 2) техникалық құжаттамалары болған;

3 3) ашық бастапқы бағдарламалық кодтың, бағдарламалық өнімнің және бағдарламалық қамтамтылымы болған жағдайларға сәйкес келген кезінде олар «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде пайдалануға арналған стандартты шешімдер болып табылады.

«Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде қолданылатын стандартты шешімдер типтері осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес бөлінеді және «электрондық үкімет» архитектуралық порталында орналастырылады.

3 3-тарау. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамытуда көп рет пайдалануға жататын стандартты шешімдерді пайдалану тәртібі

6

6. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде стандартты шешімдерді қолдану мүмкіндігі туралы сервистік интегратордың берген қорытындысына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның шешімі негізінде орталық атқарушы органдар және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, сондай-ақ ақпараттандыру саласындағы жергілікті атқарушы органдар, «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде стандартты шешімдерді қолдануды жүзеге асырады.

7

7. Сервистік интегратор «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаға, инвестициялық ұсынысқа сараптама жүргізу шеңберінде «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде стандартты шешімдерді пайдалану мүмкіндігі туралы қорытынды береді.

8 8. Уәкілетті орган сервистік интегратордың қорытындысы негізінде 10 (он) жұмыс күні ішінде «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде стандартты шешімдерді пайдалану туралы шешім қабылдайды.

9

9. Орталық атқарушы органдар және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде стандартты шешімдерді пайдалануды уәкілетті органның шешімі негізінде жүзеге асырады.

1 Стандартты шешімдердің типтері

«Электрондық үкіметтің»
ақпараттандыру объектілерін құру
және дамыту кезінде көп рет пайдалануға жататын стандартты шешімдерді айқындау және пайдалану қағидаларына қосымша
Стандартты шешімдердің типтері
Стан­дарт­ты ше­шім­дер­дің тип­те­рі
Жо­ба­лау объ­ек­ті­ле­рі­нің мы­сал­да­ры
Ақ­па­ратт­тық қам­та­ма­сыз ету бой­ын­ша
Де­рекқор­лар және олар­ды ұй­ым­да­сты­ру, тех­ни­ка­лық-эко­но­ми­ка­лық және нор­ма­тив­тік-анық­та­ма­лық ақ­па­рат­тар сы­нып­та­уы­шта­ры, ұсы­ну ны­сан­да­ры және де­ректер жүй­е­сін­де­гі (оның ішін­де, құ­жат­тар, ви­део­грам­ма­лар, мас­сив­тер) де­рекқор­ды ұй­ым­да­сты­ру және де­ректер­мен ал­ма­су хат­та­ма­ла­ры
Бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым бой­ын­ша
«Элек­трон­дық үкі­мет­тің» ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­ле­рі­нің жал­пы (опе­ра­ци­я­лық жүйе, тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту бағ­дар­ла­ма­ла­ры, қо­сал­қы бағ­дар­ла­ма­лар) және ар­на­у­лы (нақ­ты ақ­па­рат­тық жүй­е­ні құ­ру ке­зін­де әзір­лен­ген бағ­дар­ла­ма­лар­дың жиын­тығы) бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым бағ­дар­ла­ма­ла­ры
Тех­ни­ка­лық қам­та­ма­сыз ету бой­ын­ша
Ен­гі­зу­ді, дай­ын­да­уды, түр­лен­ді­ру­ді, өң­де­уді, сақ­та­уды, тір­ке­уді, шы­ға­ру­ды, бей­не­ле­уді, ақ­па­рат­тар бе­ру­ді қам­та­ма­сыз ете­тін құ­рал­дар ке­шен­де­рі және бас­қа­ру­шы әсер­лер­ді іс­ке асы­ру құ­рал­да­ры
Ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық қам­та­ма­сыз ету бой­ын­ша
Бө­лім­ше­лер­дің «элек­трон­дық үкі­мет­тің» ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­ле­рі пер­со­на­лын бас­қа­ру, іс-қи­мыл және өза­ра іс-қи­мы­лы функ­ци­я­ла­рын ай­қын­дай­тын ре­гла­мент­тер
Линг­ви­сти­ка­лық қам­та­ма­сыз ету бой­ын­ша
Те­за­у­ру­стар мен си­паттау тіл­де­рі және де­ректер­ді ма­ни­пу­ля­ци­я­лау
Ма­те­ма­ти­ка­лық қам­та­ма­сыз ету бой­ын­ша
Бас­қа­ру мін­дет­те­рін ше­шу әді­сте­рі, мо­дель­дер мен ал­го­ритмдер
Мін­дет­тер қо­ю­ға
«Элек­трон­дық үкі­мет­тің» ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­ле­рі­нің мін­дет­те­рін (мін­дет­тер ке­ше­нін ) қою
Функ­ци­я­ла­ры бой­ын­ша
«Элек­трон­дық үкі­мет­тің» ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­ле­рі­нің функ­ци­о­нал­дық бел­гі­ле­рі бой­ын­ша бө­лін­ген кі­ші жүй­е­сі, «элек­трон­дық үкі­мет­тің» ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­ле­рі­нің функ­ци­я­сы, «элек­трон­дық үкі­мет­тің» ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­ле­рі­нің мін­дет­те­рі, «элек­трон­дық үкі­мет­тің» ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­ле­рі­нің функ­ци­я­ла­ры мен мін­дет­те­рі­нің ке­шен­де­рі

Қолданыстағы