Об утверждении критериев оценки степени рисков и проверочных листов в области регулирования рынка зерна Қолданыста
Басқа 0
Астық нарығын реттеу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5 және 6-тармақтарына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес астық нарығын реттеу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
Тармақша 2
Тармақша 3
3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес астық қабылдау кәсіпорындары үшін астық нарығын реттеу саласындағы тексеру парағы;
Тармақша 3-1
3-1) осы бірлескен бұйрыққа 3-1-қосымшаға сәйкес астық қабылдау кәсіпорындары үшін астық нарығын реттеу саласындағы тексеру парағы;
3-2) осы бірлескен бұйрыққа 3-2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар үшін астық нарығын реттеу саласындағы тексеру парағы;
3-3) осы бірлескен бұйрыққа 3-3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар үшін астық нарығын реттеу саласындағы тексеру парағы;
Тармақша 4
Тармақша 5
Тармақша 6
Тармақша 7
Тармақ 2
2. Мыналардың:
Тармақша 1
1) «Астық нарығын реттеу, мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 15-3/1134 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 813 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12654 болып тіркелген, 2016 жылғы 3 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
Тармақша 2
2) «Астық нарығын реттеу, мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 15-3/1134 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 813 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 263 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 290 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13932 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға берілуін;
Тармақша 4
4) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 5
5) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасы Құқықтық
статистика және арнайы есепке
алу жөніндегі комитеті
Басқа 1. Астық нарығын реттеу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2019 жылғы 10 шілдедегі
№ 259 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 12 шілдедегі
№ 63 бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Астық нарығын реттеу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Астық нарығын реттеу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 141-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) бекітілген Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларына және «Тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) сәйкес, «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес берілген лицензиялар бойынша біліктілік талаптарына сәйкестікке (бұдан әрі – біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру) тексерулер және бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізу кезінде астық нарығын реттеу саласындағы бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелеріне жатқызу және бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) бақылау субъектілері - астықты өндірумен, сақтаумен, тасымалдаумен, өңдеумен және өткізумен байланысты қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар (астық қабылдау кәсіпорындары), сондай-ақ астық қабылдау кәсіпорындарына бақылауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар;
Тармақша 2
2) балл – тәуекелді есептеудің сандық өлшемі;
Тармақша 3
3) болмашы бұзушылық – астық саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды астық нарығы саласындағы құжаттаманы дұрыс жүргізбеу бөлігінде бұзу, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу жөніндегі талаптарын, астықты сақтау шарттарын және астық қолхаттарын беру, айналысқа жіберу және өтеу шарттарын бұзуы;
Тармақша 4
4) деректерді қалыпқа келтіру – әртүрлі шәкілдерде өлшенген мәндерді шартты түрде жалпы шәкілге келтіруді көздейтін статистикалық рәсім;
Тармақша 5
5) елеулі бұзушылық – астық саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды астықты қысқы сақтау жағдайына ауыстыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу бөлігінде бұзу, технологиялық жабдықтардың сәйкессіздігі, астық нарығы саласындағы ақпарат пен құжаттаманың ұсынылмауы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияны беру және тоқтату бойынша және астық қабылдау кәсіпорындары жыл сайынғы тексеру шеңберінде жаңа егіннің астығын қабылдауға қойылатын біліктілік талаптарын бұзу;
Тармақша 6
6) өрескел бұзушылық – «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде көзделген әкімшілік жауапкершілікке әкеліп соқтыратын Қазақстан Республикасының астық нарығын реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарды астықтың сандық-сапалық сақталуының нашарлауына, оның ішінде астықтың жоғалу және бүліну фактілеріне, астықты сақтау шарттарының сақталмауына, астық қабылдау кәсіпорындарының олар шығарған астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындамауына алып келуі мүмкін бұзушылықтар бөлігінде бұзу, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың астық қабылдау кәсіпорнында уақытша басқару жағдайында астық қабылдау кәсіпорнынан астық көлігінің кез келген түрімен жөнелтуге тыйым салу жөніндегі талаптарын бұзу;
Тармақша 7
7) тәуекел – бақылау субъектісінің қызметі нәтижесінде оның зардаптарының ауырлығын ескере отырып, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;
Тармақша 8
8) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – тиісті қызмет салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең төменгі ықтимал дәрежесі мақсатында бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылауды және (немесе) біліктілік талаптарына сәйкестігін тексерулерді кейіннен жүзеге асыру үшін бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекел дәрежелері бойынша бөлу арқылы қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын азайтуға бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін өзгертуге бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау және (немесе) осындай бақылау субъектісін (объектісін) бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылаудан және (немесе) біліктілік талаптарына сәйкестігін тексерулерден босату процесі;
Тармақша 9
9) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – органикалық өнім өндіру саласындағы бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын және бақылаудың жекелеген бақылау субъектісіне (объектісіне) тікелей тәуелді болмайтын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
Тармақша 10
10) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары – бақылау субъектісінің тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты, бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;
Тармақша 11
11) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
Тармақша 12
12) тексеру парағы – бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптар тізбесі;
Тармақша 13
13) іріктеме жиынтық (іріктеме) – Кодекстің 143-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік бақылаудың нақты саласында бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын, бағаланатын субъектілердің (объектілердің) тізбесі.
Тарау 2. 2-тарау. Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру және профилактикалық бақылау жүргізу кезінде тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру тәртібі
2-тарау. Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру және профилактикалық бақылау жүргізу кезінде тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру тәртібі
Тармақ 3
3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылауды және (немесе) біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару мақсаттары үшін бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру және профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті және субъективті өлшемшарттарын айқындау арқылы қалыптастырылады (шешімдерді мультиөлшемшартты талдау).
Бірінші кезеңде объективті өлшемшарттар бойынша бақылау субъектілері (объектілері):
Тармақша 1
1) астық өндірумен, сақтаумен, тасымалдаумен, қайта өңдеумен және өткізумен байланысты қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар (астық қабылдау кәсіпорындары) тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатады;
Тармақша 2
2) астық қабылдау кәсіпорындарына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар тәуекелдің орташа дәрежесіне жатады.
Тәуекелдің орташа және жоғары дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Екінші кезеңде субъективті өлшемшарттар бойынша бақылау субъектілері (объектілері):
Тармақша 1
1) астық өндірумен, сақтаумен, тасымалдаумен, қайта өңдеумен және өткізумен байланысты қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар (астық қабылдау кәсіпорындары) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ге дейін қоса алғанда болғанда жоғары тәуекел дәрежесіне жатады.
Тармақша 2
2) астық қабылдау кәсіпорындарына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 31-ден 70-ке дейін қоса алғанда болғанда орташа тәуекел дәрежесіне жатады.
Тармақ 5
5. Ықтимал тәуекел мен проблеманың маңыздылығына, бұзушылықтың біржолғы немесе жүйелі сипатына, әрбір ақпарат көзі бойынша бұрын қабылданған шешімдерді талдауға байланысты бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын талаптар өрескел, елеулі және болмашы бұзушылық дәрежелеріне сәйкес келеді.
Астықты өндірумен, сақтаумен, тасымалдаумен, қайта өңдеумен және өткізумен байланысты қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар (астық қабылдау кәсіпорындары) үшін астық нарығын реттеу саласындағы талаптардың бұзылу дәрежесі осы Өлшемшарттарға 1-қосымшаға сәйкес айқындалады.
Астық қабылдау кәсіпорындарына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар үшін астық нарығын реттеу саласындағы талаптардың бұзылу дәрежесі осы Өлшемшарттарға 1-1-қосымшаға сәйкес айқындалады.
Біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру үшін астық нарығын реттеу саласындағы талаптардың бұзылу дәрежесі осы Өлшемшарттарға 2-қосымшаға сәйкес айқындалады.
Тармақ 6
6. Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру және профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау арқылы қалыптастырылады.
Тармақ 1. 1-параграф. Объективті өлшемшарттар
1-параграф. Объективті өлшемшарттар
Тармақ 7
7. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі жоғары бақылау субъектілеріне (объектілеріне) астықты өндіру, сақтау, тасымалдау, өңдеу және сатуға байланысты қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлғалар (астық қабылдау кәсіпорындары) жатады.
Тармақ 7-1
7-1. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі орташа бақылау субъектісіне (объектісіне) Қазақстан Республикасының астық нарығын реттеу саласындағы заңнамасының сақталуын және субъектілердің қызметін бақылауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар жатады.
Тармақ 2. 2-параграф. Субъективті өлшемшарттар
2-параграф. Субъективті өлшемшарттар
Тармақ 8
8. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мынадай кезеңдерді қолдана отырып жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) дерекқорды қалыптастыру және ақпарат жинау;
Тармақша 2
2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау.
Тармақ 9
9. Дерекқорды қалыптастыру және ақпарат жинау бақылау субъектілерін (объектілерін) анықтау үшін қажет.
Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізу үшін субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:
Тармақша 1
1) алдыңғы текерулер мен бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бара отырып жүргізілген профилактикалық бақылаудың нәтижелері;
Тармақша 2
2) бақылау субъектілері астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік цифрлық тізіліміне ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингтеу нәтижелері.
Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін бағалау үшін біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру үшін бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты алдыңғы тексерулердің нәтижелері пайдаланылады.
Тармақ 10
10. Қолда бар ақпарат көздерінің негізінде талдауға және бағалауға жататын субъективті өлшемшарттар бойынша деректер қалыптастырылады.
Субъективті өлшемшарттарды талдау және бағалау ең жоғары әлеуетті тәуекелі бар бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) талаптарға сәйкестігін тексеруді және профилактикалық бақылауды шоғырландыруға мүмкіндік береді.
Бұл ретте талдау және бағалау кезінде бақылаудың нақты субъектісіне (объектісіне) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері не Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 178-бабының 1-тармағына сәйкес талап қою мерзімі өткен деректер қолданылмайды.
Алдыңғы бара отырып жүргізілген профилактикалық бақылаудың және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексерудің қорытындылары бойынша берілген бұзушылықтарды толық көлемде жойған бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылаудың кезекті кезеңіне кестелер мен тізімдерді қалыптастыру кезінде оларды енгізуге жол берілмейді.
Тармақ 11
11. Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығын және осы Өлшемшарттардың 3-тарауында айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу тәртібіне сәйкес субъективті өлшемшарттар көрсеткішінің маңыздылығын негізге ала отырып, субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 100 балға дейінгі шәкіл бойынша есептеледі.
Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығы және субъективті өлшемшарттар көрсеткіштерінің маңыздылығы осы Өлшемшарттарға 3-қосымшаға сәйкес астық нарығын реттеу саласындағы субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесіне сәйкес белгіленеді.
Тармақ 3. 3-параграф. Тәуекелдерді басқару
3-параграф. Тәуекелдерді басқару
Тармақ 12
12. Бақылаудың адал субъектілерін көтермелеу және бақылауды бұзушыларға шоғырландыру қағидатын іске асыру мақсатында бақылау субъектілері (объектілері) субъективті өлшемшарттарды қолдану арқылы осы Өлшемшарттардың 19 және 20-тармақтарында айқындалатын кезеңге бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып жүргізілетін профилактикалық бақылаудан және (немесе) біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруден босатылады.
Тармақ 13
13. Тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің нақты дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс-шараларын жүргізу кестелерін немесе тізімдерін қалыптастыратын цифрлық жүйелерді пайдалана отырып жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық байқау қорытындыларына, сондай-ақ ақпараттық құралдарға негізделеді.
Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың цифрлық жүйесі болмаған кезде бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау және (немесе) біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру жүзеге асырылатын бақылау субъектілері (объектілері) санының ең төменгі жол берілетін шегі астық нарығын реттеу саласындағы осындай бақылау субъектілерінің жалпы санының бес пайызынан аспауы тиіс.
Тарау 3. 3-тарау. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткішін есептеу тәртібі
3-тарау. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткішін есептеу тәртібі
Тармақ 14
14. Бақылау субъектісін осы Өлшемшарттың 3 және 4-тармақтарына сәйкес тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесі көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.
Мемлекеттік орган осы Өлшемшарттардың 9-тармағына сәйкес көздерден субъективті өлшемшарттар бойынша ақпарат жинайды және дерекқор қалыптастырады.
Тармақ 15
15. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (R) есептеу алдыңғы тексерулер мен бақылау (SP) субъектілеріне (объектілеріне) бара отырып профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша осы Өлшемшарттардың (SC) 11-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттарға сәйкес бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін қорытындылау жолымен, деректер мәндерін 0-ден 100 балға дейінгі диапозонға қалыпқа келтіре отырып, автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады.
Rарал = SP + SC,
мұнда:
Rарал – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші;
SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші;
SC – осы Өлшемшарттардың 11-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші.
Есептеу астық нарығын реттеу саласындағы бақылаудың субъектісінің (объектісінің) біртекті тобының әрбір бақылау субъектісі (объектісі) бойынша жүргізіледі. Бұл ретте мемлекеттік бақылаудың бір саласының бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын, бағаланатын бақылау субъектілерінің (объектілерінің) тізбесі деректерді кейіннен қалыпқа келтіру үшін іріктеу жиынтығын (іріктемені) құрайды.
Тармақ 16
16. Алдыңғы тексерулер мен бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бара отырып профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша алынған деректер бойынша 0-ден 100-ге дейінгі балмен бағаланатын бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші қалыптастырылады.
Осы Өлшемшарттардың 9-тармағында көрсетілген ақпарат көздерінің кез келгені бойынша бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне 100 балл тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру немесе бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізіледі.
Өрескел бұзушылықтар анықталмаған кезде бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткішпен есептеледі.
Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін анықтау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
SPз = (SP2 х 100/SP1) х 0,7,
мұнда:
SP3 – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
SP1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;
SP2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны.
Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3,
мұнда:
SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;
SР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;
SР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны.
Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (SР) 0-ден 100 балға дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:
SР = SРз + SРн,
мұнда:
SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші;
SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.
Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.
Тармақ 17
17. Осы Өлшемшарттардың 11-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу 0-ден 100 балға дейінгі шәкіл бойынша жүргізіледі және мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
xi – субъективті өлшемшарт көрсеткіші;
wi –субъективті өлшем көрсеткішінің үлес салмағы xi;
n – көрсеткіштер саны.
Осы Өлшемшарттарлың 11-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.
Тармақ 18
18. R көрсеткіші бойынша субъектілер (объектілер) бойынша есептелген мәндер 0-ден 100 балға дейінгі диапазонға қалыпқа келтіріледі. Деректерді қалыпқа келтіру әрбір іріктемелі жиынтық (іріктеме) бойынша мынадай формула әдісін пайдалана отырып жүзеге асырылады:
R – жекелеген бақылау субъектісінің (объектісінің) субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (қорытынды);
Rmax – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең жоғарғы ықтимал мән (шәкілдің жоғарғы шекарасы);
Rmin – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең төменгі ықтимал мән (шәкілдің төменгі шекарасы);
Rарал – осы Өлшемшарттардың 15-тармағына сәйкес есептелген субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші.
Тармақ 19
19. Тәуекелдің дәрежесі жоғары бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру жүргізу еселілігі жылына бір реттен жиілетпей айқындалады.
Тармақ 20
20. Бақылау субъектісіне бара отырып профилактикалық бақылау жүргізудің жиілігі субъективті өлшемшарттар бойынша алынатын мәліметтерге жүргізілетін талдау мен бағалаудың нәтижелері бойынша айқындалады, бірақ жылына екі реттен жиі болмау керек.
Тармақ 21
21. Біліктілік талаптарына сәйкестікті тексеру Кодекстің 144-бабының 2-тармағына сәйкес реттеуші мемлекеттік орган бекіткен біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру графигі негізінде жүргізіледі.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау Кодекстің 144-2-бабының 4-тармағына сәйкес қалыптастырылатын бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімдері негізінде жүргізіледі.
Басқа 1.1. Астық нарығын реттеу саласындағы талаптардың бұзылу дәрежесі
Астық нарығын реттеу
саласындағы тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
1-қосымша
Астық нарығын реттеу саласындағы талаптардың бұзылу дәрежесі
№
Өлшемшарттардың атауы
Бұзушылық дәрежесі
1
Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік цифрлық тізілімінің деректеріне сәйкес астықтың сақталуын қамтамасыз ету
өрескел
2
Астық қабылдау кәсіпорындарына келіп түсетін астықты ресімдеу:
1) автомобиль таразыларында жүктер өлшеудi тiркеу журналының болуы;
2) вагон таразыларында жүктер өлшеудi тiркеу журналының болуы;
3) зертханалық талдаулар нәтижелерiн тiркеу журналының болуы;
4) орташа тәулiктiк сынамасы бойынша сапасын айқындай отырып, автомобиль көлігімен қабылданған астыққа арналған жүкқұжаттар тiзiлiмiнің болуы;
5) темiр жол көлiгiмен қабылданған астыққа арналған жүкқұжаттар тiзiлiмi;
6) астық сақтау орындарындағы астық пен ыдыстың қозғалысы туралы есептің болуы
өрескел
3
Астықты тазартуға, кептіруге арналған актінің болуы
өрескел
4
Астықты тиеп-жөнелтуді ресімдеу:
1) астықты тиеп-жөнелтуге арналған бұйрықтардың болуы;
2) темiр жол көлiгiмен тиеп-жөнелтілген астық тiзiлiмiнің болуы;
3) автомобиль көлiгімен тиеп-жөнелтiлген астық жүкқұжаттары тiзiлiмiнің болуы;
4) есеп айырысу актісінің болуы;
5) астық сақтау аумағының iшiнде астықтың орнын ауыстыруға арналған жүкқұжаттың болуы
өрескел
5
Астықты сандық-сапалық есепке алу кітабының болуы
болмашы
6
Астықты сақтауға арналған шарттың болуы
елеулі
7
Астық қабылдау кәсіпорнының астық иелерінен астық қабылдау күнінен бастап астық қолхаттарын шығаруға арналған бұйрықты тіркеудің үш күндік мерзімінің (астық қабылдау кәсіпорны астық иелерінен астық қабылдау күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей астық қолхаттарын шығаруға арналған бұйрықты тіркейді) сақталуы
елеулі
8
Астық қолхаттарын және олардың бөліктерін ұстаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандырудың болуы не астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауды кепілдендіру жүйесіне қатысу
елеулі
9
Астыққа арналған тауарлық-көлік жүкқұжаттарының болуы
елеулі
10
Орташа тәулiктiк сынама бойынша сапасын айқындай отырып, автомобиль көлігімен қабылданған астыққа арналған жүкқұжаттар тiзiлiмдерiнің болуы
елеулі
11
Сақтауда тұрған астықты бақылау журналының болуы
болмашы
12
Астық қабылдау кәсіпорнының жылдық қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есептің болуы
елеулі
13
Астық сақтау орны (астық қабылдау пункті) алаңының 10%-ы мөлшерінде резервте қойма сыйымдылығының, элеваторларда сүрлем сыйымдылығы үстіндегі тасымалдауыштың әрқайсысына кемінде бір бос сүрлем сыйымдылығының болуы
елеулі
14
Астық қабылдау кәсіпорындарының жүктелуі туралы ақпараттың ұсынылмауы
елеулі
15
Сатып алынған, жазылған, өтелген, бүлінген және таза астық қолхаттары бланкілері туралы ақпараттың ұсынылмауы
елеулі
16
Астық қабылдау кәсіпорнына жаңа түсімнен сақтауға келіп түскен астықтың саны мен сапасы туралы ақпараттың ұсынылмауы
елеулі
Басқа 1.1-1. Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау үшін жергілікті атқарушы органдар үшін астық нарығын реттеу саласындағы талаптардың бұзылу дәрежесі
Астық нарығын реттеу
саласындағы тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
1-1-қосымша
Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау үшін жергілікті атқарушы органдар үшін астық нарығын реттеу саласындағы талаптардың бұзылу дәрежесі
№
Өлшемшарттардың атауы
Бұзушылық дәрежесі
1
2
3
1
Астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу жөніндегі талаптарды, астықты сақтау шарттарын, астық қолхаттарын беру, айналысқа жіберу және өтеу шарттарын сақтау
болмашы
2
Астық қабылдау кәсіпорнында уақытша басқару жағдайында астықты астық қабылдау кәсіпорнынан көліктің кез-келген түрімен тиеп-жөнелтуге тыйым салу жөніндегі талаптарды сақтау
елеулі
3
Фактілер анықталған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде нан қабылдау кәсіпорнын уақытша басқару енгізілген туралы сотқа өтініш беру
елеулі
4
Астық нарығына қатысушыларда астықтың нақты болуы мен сапасын және оның есептік деректерге сәйкестігін тексеру туралы растайтын құжаттың болуы
болмашы
5
Үш күн мерзімде астық қолхаттарын ұстаушыларға астық қабыладу кәсіпорнын уақытша басқару жөніндегі комиссияның құрамына енгізу үшін кандидатураларды ұсыну туралы хабарлама жіберу
елеулі
Басқа 1.2. Бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізу үшін астық нарығын реттеу саласындағы талаптардың бұзылу дәрежесі
Астық нарығын реттеу
саласындағы тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
2-қосымша
Бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізу үшін астық нарығын реттеу саласындағы талаптардың бұзылу дәрежесі
№
Өлшемшарттардың атауы
Бұзушылық дәрежесі
Астықты өндірумен, сақтаумен, тасымалдаумен, өңдеумен және өткізумен байланысты қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар (астық қабылдау кәсіпорындары)
1
Меншік құқығындағы астық сақтау қоймасының (элеватордың, астық қабылдау пунктінің) болуы
елеулі
2
Технологиялық жабдықтар: астық тазалау машиналарының, астық кептіру жабдығының, таразы жабдығының (белгіленген тәртіппен салыстырып тексерілген), тиеу-түсіру құрылғыларының, көтергіш-көлік жабдығының, жылжымалы көлік жабдығының, белсенді желдету жабдығының, астық сақтауға арналған сыйымдылықтардың, сақтау кезінде астықтың температурасын және ылғалдылығын бақылауға арналған жабдықтың болуы
өрескел
3
Өткізу режимінің, аумақтың қоршалуының, асфальтталған және (немесе) бетондалған алаңдардың болуы
елеулі
4
Өлшемдердің жай-күйін бағалаудан өткен, зертханалық жабдықпен және аспаптармен (ылғал өлшегіштермен, кептіру шкафтарымен, зертханалық таразылармен, дәнді ұнтақтауға арналған диірмендермен, елеуіштер жиынтықтарымен, сынама іріктегіштермен, пуркалармен, ақуыз құрамын, дән маңызының құрамы мен сапасын, құлау санын анықтауға арналған құрылғылармен, астықтың залалдануын анықтауға арналған оптикалық аспаптармен); астық үлгілерін сақтауға арналған сөрелермен жарақталған, астық сапасын анықтауға арналған өндірістік-технологиялық зертхананың болуы
болмашы
5
Тиiстi бiлiмi (техникалық басшылар үшiн – жоғары техникалық, технологиялық немесе агрономиялық бiлiмі, мамандар үшiн – орта білімнен кейінгі (техникалық, технологиялық немесе агрономиялық) бiлiмі) бар техникалық басшылар мен мамандардың бiлiктi құрамының болуы
елеулі
6
Интернет желісіне қолжетімділіктің болуы
елеулі
Астық қабылдау кәсіпорындарына бақылауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар
1
Астық қолхаттарын шығарумен байланысты қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру бойынша растайтын құжаттардың болуы:
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін заңды тұлғаның өтініші;
2) астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтердің электрондық нысаны;
3) лицензия беру үшін лицензиялық алым.
болмашы
2
Астық қабылдау кәсіпорнының біліктілік талаптарына сәйкестігін және жыл сайынғы тексеру шеңберінде жаңа егіннің астығын қабылдауға дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі растайтын құжаттардың болуы:
1) технологиялық жабдықтың бар жоғы туралы мәліметтер;
2) өткізу режимінің, аумақты қоршаудың, асфальтталған және (немесе) бетон алаңдарының бар жоғы туралы мәліметтер;
3) өлшеу құралдарының типін бекіту туралы, өлшеу құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы және өлшеу құралдарын тексеру туралы сертификаттардың болуы туралы мәліметтер;
4) астықтың сапасын ақаусыз жабдықтармен және аспаптармен айқындау үшін өндірістік-технологиялық зертхананың жарақтандырылуы туралы мәліметтер;
5) техникалық басшылар мен мамандардың білікті құрамының болуы туралы мәліметтер;
6) интернет желісіне қол жеткізу туралы мәліметтер.
болмашы
3
Тұтас алғанда немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлігінде алты айға дейінгі мерзімге астық қолхаттарын шығара отырып қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру жөніндегі растайтын құжаттардың болуы.
болмашы
Басқа 1.3. Астық нарығын реттеу саласындағы субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі
Астық нарығын реттеу
саласындағы тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
3-қосымша
Астық нарығын реттеу саласындағы субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі
Р/с №
Субъективті өлшемшарт көрсеткіші
Субъективті өлшемшарт көрсеткіші бойынша ақпарат көзі
Маңыздылығы бойынша үлес салмағы, балл (барлығы 100 балға дейін болуы тиіс), wi
Шарттар/мәндер, xi
1-шарты /мәні
2-шарты/мәні
1
2
3
4
5
6
Астықты өндіруге, сақтауға, тасымалдауға, қайта өңдеуге және өткізуге байланысты қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға (астық қабылдау кәсіпорындарына) қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес астық нарығын реттеу саласындағы тәуекел дәрежесін айқындау үшін субъективті өлшемшарттардың тізбесі
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау үшін
1.
Астық қабылдау кәсіпорындарының жүктелуі туралы ақпараттың ұсынылмауы
Бақылау субъектілері астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік цифрлық тізіліміне ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері
10
ақпаратты уақтылы ұсыну
ақпаратты ұсынбау
0 %
100 %
2.
Сатып алынған, жазылған, өтелген, бүлінген және таза астық қолхаттары бланкілері туралы ақпараттың ұсынылмауы
Бақылау субъектілері астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік цифрлық тізіліміне ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері
10
ақпаратты уақтылы ұсыну
ақпаратты ұсынбау
0 %
100 %
3.
Астық қабылдау кәсіпорнына жаңа түсімнен сақтауға келіп түскен астықтың саны мен сапасы туралы ақпараттың ұсынылмауы
Бақылау субъектілері астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік цифрлық тізіліміне ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері
10
ақпаратты уақтылы ұсыну
ақпаратты ұсынбау
0
100 %
Басқа 2. Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2019 жылғы 10 шілдедегі
№ 259 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 12 шілдедегі
№ 63 бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары
Басқа 3. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-баптарына сәйкес астық қабылдау кәсіпорындарына қатысты астық нарығын реттеу саласындағы тексеру парағы
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің 2019 жылғы
10 шілдедегі № 259 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 12 шілдедегі № 63
бірлескен бұйрығына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-баптарына сәйкес астық қабылдау кәсіпорындарына қатысты астық нарығын реттеу саласындағы тексеру парағы
Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы _____________________________________________________________
Тексеруді/бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық
бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган_____________________________
__________________________________________________________________
Тексеруді/бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық
бақылауды тағайындау туралы акт _____________________________________
__________________________________________________________ (№, күні)
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы _____________________________
___________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) бизнес-сәйкестендіру коды ____________
____________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы ________________________________________
№
Талаптар тізбесі
Талаптарға сәйкес келеді
Талаптарға сәйкес келмейді
1
2
3
4
1
Астық қабылдау кәсіпорындарының жүктелуі туралы ақпараттың ұсынылмауы
2
Сатып алынған, жазылған, өтелген, бүлінген және таза астық қолхаттары бланкілері туралы ақпараттың ұсынылмауы
3
Астық қабылдау кәсіпорнына жаңа түсімнен сақтауға келіп түскен астықтың саны мен сапасы туралы ақпараттың ұсынылмауы
4
Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік цифрлық тізілімінің деректеріне сәйкес астықтың сақталуын қамтамасыз ету
5
Астық қабылдау кәсіпорындарына келіп түсетін астықты ресімдеу:
1) автомобиль таразыларында жүктер өлшеудi тiркеу журналының болуы;
2) вагон таразыларында жүктер өлшеудi тiркеу журналының болуы;
3) зертханалық талдаулар нәтижелерiн тiркеу журналының болуы;
4) орташа тәулiктiк сынамасы бойынша сапасын айқындай отырып, автомобиль көлігімен қабылданған астыққа арналған жүкқұжаттар тiзiлiмiнің болуы;
5) темiр жол көлiгiмен қабылданған астыққа арналған жүкқұжаттар тiзiлiмi;
6) астық сақтау орындарындағы астық пен ыдыстың қозғалысы туралы есептің болуы
6
Астықты тазартуға, кептіруге арналған актінің болуы
7
Астықты тиеп-жөнелтуді ресімдеу:
1) астықты тиеп-жөнелтуге арналған бұйрықтардың болуы;
2) темiр жол көлiгiмен тиеп-жөнелтілген астық тiзiлiмiнің болуы;
3) автомобиль көлiгімен тиеп-жөнелтiлген астық жүкқұжаттары тiзiлiмiнің болуы;
4) есеп айырысу актісінің болуы;
5) астық сақтау аумағының iшiнде астықтың орнын ауыстыруға арналған жүкқұжаттың болуы
8
Астықты сандық-сапалық есепке алу кітабының болуы
9
Астықты сақтауға арналған шарттың болуы
10
Астық қабылдау кәсіпорнының астық иелерінен астық қабылдау күнінен бастап астық қолхаттарын шығаруға арналған бұйрықты тіркеудің үш күндік мерзімінің (астық қабылдау кәсіпорны астық иелерінен астық қабылдау күнінен бастап үш жұмыс күннен кешіктірмей астық қолхаттарын шығаруға арналған бұйрықты тіркейді) сақталуы
11
Астық қолхаттарын және олардың бөліктерін ұстаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандырудың болуы не астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауды кепілдендіру жүйесіне қатысу
12
Астыққа арналған тауарлық-көлік жүкқұжаттарының болуы
13
Орташа тәулiктiк сынама бойынша сапасын айқындай отырып, автомобиль көлігімен қабылданған астыққа арналған жүкқұжаттар тiзiлiмдерiнің болуы
14
Сақтауда тұрған астықты бақылау журналының болуы
15
Астық қабылдау кәсіпорнының жылдық қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есептің болуы
16
Астық сақтау орны (астық қабылдау пункті) алаңының 10%-ы мөлшерінде резервте қойма сыйымдылығының, элеваторларда сүрлем сыйымдылығы үстіндегі тасымалдауыштың әрқайсысына кемінде бір бос сүрлем сыйымдылығының болуы
Лауазымды адам (дар) ________________________________________________
________________ _____________________ _______________________________
лауазымы қолы аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
Бақылау субъектісінің басшысы ________________________________________
________________ _____________________ _______________________________
лауазымы қолы аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
Басқа 3-1. Астық қабылдау кәсіпорындары үшін астық нарығын реттеу саласындағы тексеру парағы
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің 2019 жылғы
10 шілдедегі № 259 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 12 шілдедегі
№ 63 бірлескен бұйрығына
3-1-қосымша
Астық қабылдау кәсіпорындары үшін астық нарығын реттеу саласындағы тексеру парағы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган
__________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт_________________________________
__________________________________________________________________
№, күні
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы_________________________
__________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) бизнес-сәйкестендіру коды
__________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы__________________________________
№
Талаптар тізбесі
Талаптарға сәйкес келеді
Талаптарға сәйкес келмейді
1
2
3
4
1
Меншік құқығындағы астық сақтау орнының (элеватордың, астық қабылдау пунктінің) болуы
2
Технологиялық жабдықтар: астық тазалау машиналарының, астық кептіру жабдығының, таразы жабдығының (белгіленген тәртіппен салыстырып тексерілген), тиеу-түсіру құрылғыларының, көтергіш-көлік жабдығының, жылжымалы көлік жабдығының, белсенді желдету жабдығының, астық сақтауға арналған сыйымдылықтардың, сақтау кезінде астықтың температурасын және ылғалдылығын бақылауға арналған жабдықтың болуы
3
Өткізу режимінің, аумақтың қоршалуының, асфальтталған және (немесе) бетондалған алаңдардың болуы
4
Өлшемдердің жай-күйін бағалаудан өткен, зертханалық жабдықпен және аспаптармен (ылғал өлшегіштермен, кептіру шкафтарымен, зертханалық таразылармен, дәнді ұнтақтауға арналған диірмендермен, елеуіштер жиынтықтарымен, сынама іріктегіштермен, пуркалармен, ақуыз құрамын, дән маңызының құрамы мен сапасын, құлау санын анықтауға арналған құрылғылармен, астықтың залалдануын анықтауға арналған оптикалық аспаптармен); астық үлгілерін сақтауға арналған сөрелермен жарақталған өндірістік-технологиялық зертхананың болуы
5
Тиiстi бiлiмi бар (техникалық басшылар үшiн – жоғары техникалық, технологиялық немесе агрономиялық бiлiмі, мамандар үшiн – орта білімнен кейінгі (техникалық, технологиялық немесе агрономиялық) бiлiмі) техникалық басшылар мен мамандардың бiлiктi құрамының болуы
6
Интернет желісіне қолжетімділіктің болуы
Лауазымды адам (дар) __________________________________________
____________ ______________ ________________________________________
лауазымы қолы аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
Бақылау субъектісінің басшысы__________________________________
_____________ ____________ ________________________________________
лауазымы қолы аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
Басқа 3-2. Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар үшін астық нарығын реттеу саласындағы тексеру парағы
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2019 жылғы 10 шілдедегі
№ 259 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 12 шілдедегі
№ 63 бірлескен бұйрығына
3-2-қосымша
Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар үшін астық нарығын реттеу саласындағы тексеру парағы
________________________________________________________________
бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
_____________________________________________________________________
Тексеруді/бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық
бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган
_____________________________________________________________________
Тексеруді/бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық
бақылауды тағайындау туралы акт
_____________________________________________________________________
№, күні
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы____________________
_____________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) бизнес сәйкестендіру нөмірі
_____________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы
_____________________________________________________________________
№
Талаптар тізбесі
Талаптарға сәйкес келеді
Талаптарға сәйкес келмейді
1
2
3
4
1
Астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу жөніндегі талаптарды; астықты сақтау шарттарын; астық қолхаттарын беру, айналысқа жіберу және өтеу шарттарын сақтау
2
Астық қабылдау кәсіпорнында уақытша басқару жағдайында астық қабылдау кәсіпорнынан астық көлігінің кез келген түрімен жөнелтуге тыйым салу жөніндегі талапты сақтау
3
Фактілер анықталған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде сотқа астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу туралы өтініш беру
4
Астық нарығына қатысушыларда астықтың нақты болуы мен сапасын және оның есептік деректерге сәйкестігін тексеру туралы растайтын құжаттың болуы
5
Үш күн мерзімде астық қолхаттарын ұстаушыларға астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқару жөніндегі комиссияның құрамына енгізу үшін кандидатураларды ұсыну туралы хабарлама жіберу
Лауазымды адам (дар) _____________________________________________
____________ ______________ ______________________________________
лауазымы қолы аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
Бақылау субъектісінің басшысы _____________________________________
_____________ ____________ _______________________________________
лауазымы қолы аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Басқа 3-3. Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар үшін астық нарығын реттеу саласындағы тексеру парағы
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің 2019 жылғы
10 шілдедегі № 259 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 12 шілдедегі
№ 63 бірлескен бұйрығына
3-3-қосымша
Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар үшін астық нарығын реттеу саласындағы тексеру парағы
_____________________________________________________________________
бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган
_____________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт ___________________________________
№, күні
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы ___________________________
_____________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) бизнес сәйкестендіру нөмірі
_____________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы
_____________________________________________________________________
№
Талаптар тізбесі
Талаптарға сәйкес келеді
Талаптарға сәйкес келмейді
1
2
3
4
1
Қызмет алушының астық қолхаттарын беру арқылы қоймалық қызмет көрсету қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытындының болуы
2
Астық қабылдау кәсіпорнының біліктілік талаптарына сәйкестігін және жыл сайынғы тексеру шеңберінде жаңа егіннің астығын қабылдауға дайындығын қамтамасыз ету:
1) технологиялық жабдықтың болуы туралы мәліметтер;
2) өткізу режимінің, аумақты қоршаудың болуы туралы мәліметтер,
асфальтталған
және (немесе) бетон алаңдары;
3) өлшеу құралдарының түрін бекіту туралы сертификаттардың болуы туралы мәліметтер,
өлшеу құралдарын метрологиялық аттестаттау және өлшеу құралдарын тексеру туралы;
4) өндірістік-технологиялық зертхананың жарақтандырылуы туралы мәліметтер
астықтың сапасын ақаусыз жабдықтармен және аспаптармен анықтау үшін;
5) техникалық басшылардың білікті құрамының болуы туралы мәліметтер және
мамандар;
6) интернет желісіне қол жеткізу туралы мәліметтер.
3
Тұтас алғанда немесе жекелеген операцияларды алты айға дейінгі мерзімге жүзеге асыру бөлігінде астық қолхаттарын шығара отырып қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру жөніндегі талаптарды сақтау
Лауазымды адам (дар) ______________________________________________
____________ ______________ _______________________________________
лауазымы қолы аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
Бақылау субъектісінің басшысы ______________________________________
_____________ ____________ _______________________________________
лауазымы қолы аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Басқа 4. Астық нарығын реттеу саласындағы тексеру парағы
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2019 жылғы 10 шілдедегі
№ 259 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 12 шілдедегі
№ 63 бірлескен бұйрығына
4-қосымша
Астық нарығын реттеу саласындағы тексеру парағы
Басқа 5. Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы тексеру парағы
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2019 жылғы 10 шілдедегі
№ 259 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 12 шілдедегі
№ 63 бірлескен бұйрығына
5-қосымша
Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы тексеру парағы
Басқа 6. Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы тексеру парағы
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2019 жылғы 10 шілдедегі
№ 259 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 12 шілдедегі
№ 63 бірлескен бұйрығына
6-қосымша
Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы тексеру парағы
Басқа 7. Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы тексеру парағы
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2019 жылғы 10 шілдедегі
№ 259 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 12 шілдедегі
№ 63 бірлескен бұйрығына
7-қосымша
Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы тексеру парағы