Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня международных и республиканских спортивных соревнований, победители которых допускаются к обучению в форме экстерната в организациях образования, реализующих образовательные программы технического и профессионального, послесреднего образования по специальностям физической культуры и спорта

Бұйрық · № 194 · қабылданған 10.07.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-133273/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении перечня международных и республиканских спортивных соревнований, победители которых допускаются к обучению в форме экстерната в организациях образования, реализующих образовательные программы технического и профессионального, послесреднего образования по специальностям физической культуры и спорта Қолданыста Бұйрық ·№ 194 ·10.07.2019
10.07.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.07.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня международных и республиканских спортивных соревнований, победители которых допускаются к обучению в форме экстерната в организациях образования, реализующих образовательные программы технического и профессионального, послесреднего образования по специальностям физической культуры и спорта

Қолданыста Бұйрық ·№ 194 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня международных и республиканских спортивных соревнований, победители которых допускаются к обучению в форме экстерната в организациях образования, реализующих образовательные программы технического и профессионального, послесреднего образования по специальностям физической культуры и спорта
Атауы (қаз.)
Жеңімпаздары дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат етілетін халықаралық және республикалық спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
194
Қабылданған күні
10.07.2019
Көрсетілген редакция
10.07.2019 133273_414168.kaz
Соңғы өзгеріс
10.07.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900019022
ЭКБ идентификаторы
133273
Редакция идентификаторы
133273_414168
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:12

0 Жеңімпаздары дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат етілетін халықаралық және республикалық спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы

«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының
2014 жылғы 3 шілдедегі Заңының 7-бабының 50-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Қоса беріліп отырған жеңімпаздары дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат етілетін халықаралық және республикалық спорттық жарыстардың тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет - ресурсында орналастыруды;

4 4) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9 Жеңімпаздары дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат етілетін халықаралық және республикалық спорттық жарыстардың тізбесі

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2019 жылғы 10 шілдедегі
№ 194 бұйрығымен бекітілген
Жеңімпаздары дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат етілетін халықаралық және республикалық спорттық жарыстардың тізбесі
Халықаралық спорттық жарыстар:

1 1. Олимпиада ойындары.

2 2. Азия ойындары.

3 3. Дүниежүзілік Универсиада.

4 4. Жасөспірімдердің Олимпиада ойындары.

5 5. Жасөспірімдердің Азия ойындары.

6 6. Спорт түрлерінен әлем чемпионаты.

7 7. Студенттер арасындағы әлем чемпионаты.

8 8. Азия чемпионаты.

9 9. Әлем кубогы.

10 10. Азия кубогы.

Республикалық спорттық жарыстар:

1 1. Қазақстан Республикасының Спартакиадасы.

2 2. Қазақстан Республикасының Жастар спорт ойындары.

3 3. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты.

Қолданыстағы