О мерах по усилению противопожарной безопасности объектов хозяйствования и населенных пунктов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О мерах по усилению противопожарной безопасности объектов хозяйствования и населенных пунктов
- Атауы (қаз.)
- Шаруашылық объектілері мен елді қауіпсіздігін күшейті жөніндегі шаралар туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 180
- Қабылданған күні
- 10.08.1997
- Көрсетілген редакция
- 10.08.1997 1333_249078.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.08.1997
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V97P000019_
- ЭКБ идентификаторы
- 1333
- Редакция идентификаторы
- 1333_249078
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:59
0 Шаруашылық объектілері мен елді қауіпсіздігін күшейті жөніндегі шаралар туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімінің 2004 жылғы 29 қазаңдағы № 25 шешімімен.
Өрт қауіпсіздігіне жасалған талдау облыста өлеулі материалдық шығын келтіріп отырған өрт санының көбейіп отырғанын көрсетіп отыр. 1996 жылы 14712 өрт тіркеліп, оның шығыны 38673 мың теңге болса, үстіміздегі жылдың өткен кезенінде 787 өрт шығып, 111675 мың теңгенің шығыны келтірілді, 1996 жылы өрт кезінде 41 адам апат болса, ағымдағы жылдың 7 айында 39 адам апат болды.
Мүндай жағдай жекелеген басшылардың өрт қауіпсіздігі ережелері мен ерттен сақтану шараларына немқұрайды көзқарасының салдарынан мүмкін болып отыр. Кейбір кәсіпорындар мен ұйымдарда ведомстволық өртке қарсы құрылымдар таратылып , өрт қауіпсіздігі жөніндегі инженердің лауазымы қысқартылған (картон-рубероид зауыты, үй жихазы фабрикасы, «Көлікқұрылыс» АҚ Мойылды санаториі).
Облыстың өртке қарсы қызмет гарнизондарында 54 өрт машинасы жабдықталған (болуы керек 118). Олар өрт-техникалық жабдықтарымен және арналуы киім-кешекпен жеткіліксіз қамтамасыз етілген.
Қазақстан Республикасының 1996 жылғы қарашаның 22-дегі «Өрт қауіпсіздігі туралы» Заңына сәйкес , өрттен қорғауды жақсарту және өртпен күресті тиімділедіру мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Мемлекеттік қызмет бөлімшелері өртті тегін сендіруді жүзеге асыратын объектілердің тізбесі бекітілсін, олар:
- ауруханалар, емханалық бөлімшілер мен басқа да денсаулық сақтау мекемелері;
- мектептер, мектеп-интернаттар, оқу орындары;
- мектепке дейінгі балалар мекемелері;
- кинотеатрлар, театрлар, кітапханалар, мұражайлар, көрмелер;
- қарттар, мүгедектер үйлері;
- балалар үйлері;
- ІІМ, ХҚК, ҚМ, МӨҚБ, органдарының, ТЖ жөніндегі басқарманың хұқық қорғау объектілері;
- спорт құрылымдары;
- әкімшілік-қоғамдық мекемелер;
- жергілікті және республикалық бюджеттің есебіндегі басқа да кәсіпорындар мен мекемелер;
2. Қалалар мен аудандардың әкімдері меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындардың, ұйымдардың басшыларымен бірлесе отырып, 1997 жылғы қыркүйектің 10-на дейін Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі туралы» Заңы 25-бабының өртке қарсы қызмет бөлімшелерін белгіленген нормаларға сәйкес құру және ұстау немесе Мемлекеттік өртке қарсы қызмет көрсетуге келісім-шарттар жасасуға қатысты бөлімінің орындалуын қамтамасыз ететін болсын.