Құжат мәтініне өту

Об упразднении Комитета дорожной полиции Министерства внутренних дел Республики Казахстан

Қаулы · № 1116 · қабылданған 10.10.2002
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-13331/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об упразднении Комитета дорожной полиции Министерства внутренних дел Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 1116 ·10.10.2002
05.08.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.08.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об упразднении Комитета дорожной полиции Министерства внутренних дел Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 1116 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об упразднении Комитета дорожной полиции Министерства внутренних дел Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнің Жол полициясы комитетiн тарату туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1116
Қабылданған күні
10.10.2002
Көрсетілген редакция
05.08.2013 AI13331_4.kaz
Соңғы өзгеріс
05.08.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P020001116_
ЭКБ идентификаторы
13331
Редакция идентификаторы
AI13331_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 22:47

0 Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнің Жол полициясы комитетiн тарату туралы

"Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 24-бабына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1 1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Жол полициясы комитетi (бұдан әрi - Комитет) оның мүлiктi басқару жөнiндегi функциялары мен өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне берiле отырып таратылсын.

2 2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Жол полициясы комитетiнiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Жол қозғалысы қауiпсiздiгiнiң ғылыми-өндiрiстiк орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны таратылсын.

3 3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) Комитеттiң таратылуын жүзеге асырсын;

2 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4 4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

5 5. Мыналардың:

1 1) "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Жол полициясы комитетiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 8 маусымдағы N 777 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 21, 262-құжат) 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8-тармақтарының;

2 2) "Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылық және мелиоративтiк техниканың есебiн жүргiзу, оны мемлекеттiк тiркеу және техникалық жай-күйiн тексеру мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 30 шілдедегi N 846 қаулысының 1-тармағы 2) тармақшасының күшi жойылды деп танылсын.

6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қолданыстағы