Об установлении ограничительных мероприятий в крестьянском хозяйстве «Андас» Алтыншокинского сельского округа Урджарского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ограничительных мероприятий в крестьянском хозяйстве «Андас» Алтыншокинского сельского округа Урджарского района
- Атауы (қаз.)
- Үржар ауданы Алтыншоқы ауылдық округіне қарасты «Андас» шаруа қожалығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 17
- Қабылданған күні
- 16.07.2019
- Көрсетілген редакция
- 15.08.2019 133330_418021.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.08.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19VRE06076
- ЭКБ идентификаторы
- 133330
- Редакция идентификаторы
- 133330_418021
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:09
0 Үржар ауданы Алтыншоқы ауылдық округіне қарасты
«Андас» шаруа қожалығына шектеу іс-шараларын
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» туралы Заңының 35-бабының 2-тармақшасына «Қазақстан Республикасының 2002 жылы 10 шілдедегі Ветеринария» туралы Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2019 жылғы 10 шілдедегі № 175 ұсынысы негізінде Алтыншоқы ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Үржар ауданы Алтыншоқы ауылдық округіне қарасты «Андас» шаруа қожалығының ірі қара малдары арасында қарасан індетінің шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2
2. «Үржар ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) «Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Үржар ауданының орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитарлық іс шараларды жүргізу ұсынылсын.
3 3. «Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Алтыншоқы ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электорондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Ресубликасы нормативтік құқықтық актілерінің этолондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жолдансын;