Кіру
Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территории Теренкольского сельского округа района Тереңкөл

Ереже · № 2/47 · қабылданған 15.07.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-133386/on/2026-09-15/
Басып шығарылды 2026-09-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территории Теренкольского сельского округа района Тереңкөл Күшін жойған Ереже ·№ 2/47 ·15.07.2019
10.10.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территории Теренкольского сельского округа района Тереңкөл

Күшін жойған Ереже ·№ 2/47 · 15.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территории Теренкольского сельского округа района Тереңкөл
Атауы (қаз.)
Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
2/47
Қабылданған күні
15.07.2019
Көрсетілген редакция
10.10.2023 133386_694240.kaz
Соңғы өзгеріс
10.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19PH006483
ЭКБ идентификаторы
133386
Редакция идентификаторы
133386_694240
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:10

0 Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 4 тамыздағы «Павлодар облысының Качир, Лебяжі аудандарын қайта атау туралы» № 724 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес, Тереңкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса беріліп отырған Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары бекітілсін.

2. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы тұрғындарының жалпы санынан 1 (бір) % мөлшерінде бекітілсін.

3. Качир аудандық мәслихатының 2014 жылғы 26 қыркүйектегі «Качир ауданы Тереңкөл ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы» № 8/33 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4083 тіркелген, 2014 жылғы 14 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тереңкөл аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала мен заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары

Тереңкөл аудандық мәслихатының
2019 жылғы «15» шілдедегі
№ 2/47 шешімімен
бекітілген
Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округінің аумағында
бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің
Қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес әзірленді және Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округі аумағындағы ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2. Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округі аумағында ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

3. Бөлек жиынды Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округінің әкімі шақырады.

Тереңкөл ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

5. Ауылдар шегінде бөлек жиынды Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

6. Бөлек жиынды ашудын алдында Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округінің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

7. Бөлек жиынды Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Тереңкөл аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.

Қолданыстағы