Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня документов для допуска лиц к осуществлению вспомогательных видов деятельности

Бұйрық · № 471 · қабылданған 02.07.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-133391/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении перечня документов для допуска лиц к осуществлению вспомогательных видов деятельности Қолданыста Бұйрық ·№ 471 ·02.07.2019
02.07.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.07.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня документов для допуска лиц к осуществлению вспомогательных видов деятельности

Қолданыста Бұйрық ·№ 471 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня документов для допуска лиц к осуществлению вспомогательных видов деятельности
Атауы (қаз.)
Қызметтің қосалқы түрін жүзеге асыруға тұлғаларға рұқсат беру үшін құжаттар тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
471
Қабылданған күні
02.07.2019
Көрсетілген редакция
02.07.2019 133391_415093.kaz
Соңғы өзгеріс
02.07.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018985
ЭКБ идентификаторы
133391
Редакция идентификаторы
133391_415093
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:16

0 Қызметтің қосалқы түрін жүзеге асыруға тұлғаларға рұқсат

беру үшін құжаттар тізбесін бекіту туралы
«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар» 2019 жылғы
3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қызметтің қосалқы түрін жүзеге асыруға тұлғаларға рұқсат беру үшін қоса беріліп отырған құжаттар тізбесі бекітілсін.

2 2. Мыналардың:

1

1) «Арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметтің қосалқы түрін жүзеге асыратын тұлға ретінде рұқсат алу үшін өтінімге қоса берілетін құжаттар тізбесін бекіту туралы» 2015 жылғы 27 ақпандағы № 221 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы
10 сәуірдегі № 10675 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

2

2) «Арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметтің қосалқы түрін жүзеге асыратын тұлға ретінде рұқсат алу үшін өтінімге қоса берілетін құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 221 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1286 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылы
1 ақпанда № 12963 болып тіркелген, 2016 жылы 12 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

11 Қызметтің қосалқы түрін жүзеге асыруға тұлғаларға рұқсат беру үшін құжаттар тізбесі

Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы « »
№ бұйрығымен
бекітілген
Қызметтің қосалқы түрін жүзеге асыруға тұлғаларға рұқсат беру үшін құжаттар
тізбесі
Арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметтің қосалқы түрін жүзеге асыратын тұлға ретінде рұқсат алу үшін өтінімге заңды тұлға немесе дара кәсіпкер мынадай құжаттарды қоса береді:
заңды тұлға үшін – салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларды бір мезгілде ұсына отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы жарғының және куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі.
Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
дара кәсіпкер үшін – салыстыру үшін түпнұсқаларын бірмезгілде ұсына отырып, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
салыстыру үшін түпнұсқаларын бірмезгілде ұсына отырып, мердiгерлiк жұмыстардың және/немесе қызметтердің жекелеген түрлерін орындауға арнайы экономикалық аймақтың қатысушысымен жасалған шарттың көшірмесі;
заңды тұлға үшін – салыстыру үшін түпнұсқаларын бірмезгілде ұсына отырып, бірінші басшының жеке куәлігінің көшірмесі;
дара кәсіпкер үшін – салыстыру үшін түпнұсқаларын бірмезгілде ұсына отырып, жеке куәлігінің көшірмесі.

Қолданыстағы