Об утверждении Порядка использования средств резервного фонда акима области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Порядка использования средств резервного фонда акима области
- Атауы (қаз.)
- Облыс әкімі резервтік қорының қаржысын пайдалану тәртібін бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 121
- Қабылданған күні
- 15.06.1997
- Көрсетілген редакция
- 15.06.1997 1334_318674.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.06.1997
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V97P000020_
- ЭКБ идентификаторы
- 1334
- Редакция идентификаторы
- 1334_318674
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 02:04
0 Облыс әкімі резервтік қорының қаржысын пайдалану тәртібін бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімінің 29.10.2004 № 25 шешімімен.
Облыс әкімі резервтік қорының қаржысын тиімді және мақсатты пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ күтпеген жағдайларды шұғыл қаржыландыру үшін
ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Облыс әкімі резервтік қорының қаржысын пайдаланудың тіркеліп отырған тәртібі бекітілсін.
2. Аудандар мен қалалардың әкімдеріне тиісті бюджеттердің резервтік қорының қаржыларын пайдалану тәртібін дайындап бекіту ұсынылсын.
3 Облыс әкімі резервтік корының қаржысын пайдалану тәртібі
Облыс әкімінің 1997 жылғы
«16 маусымдағы» № 121
шешімімен бекітілген
Облыс әкімі резервтік корының қаржысын пайдалану тәртібі
1. Осы Тәртіп облыс әкімі резервтік қорының (әрі қарай резервтік қор) қаржысын облыстық Мәслихаттың сессиясы бекіткен тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюлжет сомаларының шеңберінде бөлу және пайдалану механизмін белгілейді.
2. Резервтік қор Қазақстан Республикасы 1996 жылғы желтоксанның 24-дегі "Бюджеттік жүйе туралы" 3аңының 14-бабына сәйкес тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджеттің құрамында бір жолғы сипаттағы күтпеген шығындарды, табиги және техно-гендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою шығындарын қаржыландыруға құрылады.
Резервтік қорда табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі шараларды қаржыландыру қаржысының мөлшері жеке жолмен керсетіледі.
3. Резервтік қордан қаржы белгіленген тәртіпте облыс әкімінің өкімінде қаржыны алушы, қаржының мөлшері мен пайдалану мақсаты бюджеттік жіктелуге сәйкес керсетіліп бөлінеді.
4. Резервтік қордың қаржысы белгілі мақсаттарда жұмсалады
және облыс әкімінің қаржы бөлу туралы өкімінде көрсетілмеген
мақсатта жұмсалмайды.
Әкімнің резервтік қордан қаржы бөлу туралы өкімдерінің күші қаржы жылы аяқталғаннан кейін жойылады. Пайдалынылмаған қаржыныц қалдықтары қайтарылады.
5. Заң тұлғалардың және аудандар (қалалар) әкімідерінің резервтік қордан қаржы бөлу туралы өтініштерін облыстық қаржы басқарма мүдделі департаменттермен, басқармалармен, бөлімдермен және басқа мемлекеттік органдармен келісілген негізделген есептеулер болған жағдайда ғана қарайды.
Облыстық қаржы басқармасы мәселені оң шешсе белгіленген тәртіп бойынша облыс әкімінің қарауына қаржы бөліну туралы әкімнің жобасын ұсынады.
Резервтік қордан төтенше жағдайларды жоюға қаржы бөліңу мәселесін төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқарма қарайды.
Қажет болса, облыстық қаржы басқармасымен келісіп, белгіленген тәртіпте облыс әкіміне төтенше жағдайларды жоюға қаржы бөлу туралы өкімнің жобасын ұсынады. Негізделген материалдар мен олардың тізбесін ұсыну тәртібін төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқарма белгілейді.
6. Облыстың аудандары мен қалаларына резервтік қордан қаржы бөлу мәселелері жергілікті атқару органдары резервтік қорларының қаржылары қаржылай көмекке жетпесе, аудандар мен қалалар әкімдерінің өтініштері бойынша шешіледі.
Мұндайда жергілікті бюджеттердің пайдаланған қаржыларының бар-жоғы және мөлшері туралы хабарламалар міндетті түрде тапсырылады.
7. Резерзтік қордан қаржы төмендегі жағдайда бөлінбейді:
- бюджеттен тыс мақсатты қорлар есебінен қаржыландырылатын ұйымдарға/облыстық Мәслихаттың сессиясы облыстық бюджет туралы көзделген жағдайлардан басқа;
- қоғамдық және шығармашылық бірлестіктерге, ұйымдарға, мемлекеттік қатысу үлесі 50 проценттен аз шаруашылық субъектілерге, сондай-ақ облыстық бюджетте көзделген шығындарға.
8. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі шараларға резервтік қорынан қаржы төтенше жағдайларда қаупі төнсе немесе оның көлемді болуынан жергілікті және атқарушы органдар өздерінін қаржылары есебінен мәселені шеше алмаған жағдайда бөлінеді.
9. Төтенше жағдайларды жойғанда резервтік қордан қаржы:
- төтенше жағдайдан зардап шеккендерге материалдық көмек көрсетуге;
- зардап шеккендерге уақытша мекен орындарын орнату және ұстауға , оларды тамақтандыруға;
- шұғыл шара қолданатын апаттық-құтқару және апаттық қалпына келтіру бөлімшелерін техникалық құтқару құрылдарымен жабдық-жарақтармен қосымша жабдықтауға;
- құтқару және апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын өткізу шығындарын өтеуге;
- төтенше жағдай болған аумаққа күш-құрал апаруды қамтамасыз ету шығындарын өтеуге;
- төтенше жағдайларды жоюмен байланысты басқа шараларға;
- төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі кезек күттірмейтін, өмірлік маңызды шаралар өткізуге тиісті жергілікті атқарушы органдардың қаржысы жетпегенде, ерекшелік жағдайларда бөлінеді.
10. Төтенше жағдайларды жою, сондай-ақ олардың алдын алу
жөніндегі ұзақ мерзімді шараларды жүзеге асыру шығындарының
қажетті мөлшерін жергілікті атқарушы органдары облыстық қаржы
басқармасына тиісті жылға жасалатын бюджеттік мәлімдеменің
құрамында береді, олар белгіленген тәртіпте қаралады.