Құжат мәтініне өту

Об изменении границ населенных пунктов по Сарыагашскому району

Қаулы · № 39-379-VI · қабылданған 25.06.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-133445/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об изменении границ населенных пунктов по Сарыагашскому району Қолданыста Қаулы ·№ 39-379-VI ·25.06.2019
14.10.2020 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.10.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об изменении границ населенных пунктов по Сарыагашскому району

Қолданыста Қаулы ·№ 39-379-VI · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об изменении границ населенных пунктов по Сарыагашскому району
Атауы (қаз.)
Сарыағаш ауданы бойынша елді мекендердің шекараларын өзгерту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
39-379-VI
Қабылданған күні
25.06.2019
Көрсетілген редакция
14.10.2020 133445_489670.kaz
Соңғы өзгеріс
14.10.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19UK005143
ЭКБ идентификаторы
133445
Редакция идентификаторы
133445_489670
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:23

0 Сарыағаш ауданы бойынша елді мекендердің шекараларын өзгерту туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108 бабының 1, 5-тармақтарына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 3) тармақшасына сәйкес, Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімі мен сәулет және қала құрылысы бөлімінің бірлескен ұсынысына сәйкес, елді мекендердің шекаралары өзгертілсін:

1 1) 141,75 гектар жер учаскесі Тегісшіл ауылдық округі Таскескен елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 493,71 гектар;

2 2) 78,96 гектар жер учаскесі Құркелес ауылдық округі Береке елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 138,34 гектар;

3 3) 9,54 гектар жер учаскесі Құркелес ауылдық округі Жаңа арық елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 115,72 гектар;

4 4) 163,56 гектар жер учаскесі Құркелес ауылдық округі Еңкес елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 432,37 гектар;

5 5) 170,41 гектар жер учаскесі Құркелес ауылдық округі Ақ үй елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 318,57 гектар;

6 6) 57,9 гектар жер учаскесі Әлімтау ауылдық округі Әлімтау елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 3187,2 гектар.

2 2. «Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бірлескен қаулы мен шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бірлескен қаулы мен шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3 3) ресми жарияланғаннан кейін осы бірлескен қаулы және шешімді Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы