О создании государственного природного заказника местного значения «Озерный»
Қолданыста
Қаулы
·№ 271
·
22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О создании государственного природного заказника местного значения «Озерный»
- Атауы (қаз.)
- Жергілікті маңызы бар «Озерный» мемлекеттік табиғи қаумалын құру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 271
- Қабылданған күні
- 18.07.2019
- Көрсетілген редакция
- 18.07.2019 133451_414600.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.07.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19C0006290
- ЭКБ идентификаторы
- 133451
- Редакция идентификаторы
- 133451_414600
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:07
0 Жергілікті маңызы бар «Озерный» мемлекеттік табиғи қаумалын құру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардан жерлерін алып қоймастан Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданы аумағында жергілікті маңызы бар, жалпы алаңы 154 048,43 гектар «Озерный» мемлекеттік табиғи қаумалы (бұдан әрі – Қаумал) құрылсын.
2 2. Қаумал «Қарабұтақ орман шаруашылығы» мемлекеттік мекемесінің қарамағына берілсін.
3 3. «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін;
3 3) осы қаулыны Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман шаруашылығы және жануарлар
дүниесі комитеті