Об утверждении регламента государственной услуги
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении регламента государственной услуги
- Атауы (қаз.)
- Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-7/316
- Қабылданған күні
- 12.07.2019
- Көрсетілген редакция
- 21.02.2020 133471_445608.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19B0007286
- ЭКБ идентификаторы
- 133471
- Редакция идентификаторы
- 133471_445608
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:11
0 Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған «Он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының шешімін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Е. Мысырәлімоваға жүктелсін.
3 3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 «Он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының шешімін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Ақмола облысы әкімдігінің
2019 жылғы 12 шілдедегі
№ А-7/316 қаулысымен
бекітілген
«Он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының шешімін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1 1. Жалпы ережелер
1
1. «Он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының шешімін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
3
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11184 болып тіркелген) бекітілген «Он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының шешімін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының шешімі немесе Стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4 4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1 1) кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды және өтінішті тіркеуді жүзеге асырады - 20 минут;
2 2) басшы құжаттарды қарайды, жауапты орындаушыны анықтайды – 2 сағат;
3 3) жауапты орындаушы құжаттарды қарайды және шешім немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды – 8 жұмыс күні;
4 4) басшы шешімге немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды – 1 жұмыс күні;
5 5) кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға шешімді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты береді – 1 жұмыс күні.
6 6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі:
1 1) құжаттарды қабылдау және тіркеу;
2 2) жауапты орындаушыны анықтау;
3 3) шешімді немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау;
4 4) шешімге немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою;
5 5) шешімді немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты беру.
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1 1) кеңсе;
2 2) жауапты орындаушы;
3 3) басшы.
8 8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
1 1) кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды және өтінішті тіркеуді жүзеге асырады - 20 минут;
2 2) басшы құжаттарды қарайды, жауапты орындаушыны анықтайды – 2 сағат;
3 3) жауапты орындаушы құжаттарды қарайды және шешім немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды – 8 жұмыс күні;
4 4) басшы шешімге немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды – 1 жұмыс күні;
5 5) кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға шешімді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты береді – 1 жұмыс күні.
Мемлекеттік қызметті көрсеті процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшілерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекетінің, рәсімдер (әрекеттер) кезеңділігінің толық сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
«Он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының шешімін беру» мемлекеттік көрсетілітін қызмет регламентіне қосымша