Құжат мәтініне өту

О создании государственного природного заказника местного значения «Жуалы-Карашат»

Қаулы · № 158 · қабылданған 19.07.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-133516/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О создании государственного природного заказника местного значения «Жуалы-Карашат» Қолданыста Қаулы ·№ 158 ·19.07.2019
19.07.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.07.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О создании государственного природного заказника местного значения «Жуалы-Карашат»

Қолданыста Қаулы ·№ 158 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О создании государственного природного заказника местного значения «Жуалы-Карашат»
Атауы (қаз.)
Жергілікті маңызы бар «Жуалы-Қарашат» мемлекеттік табиғи қаумалын құру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
158
Қабылданған күні
19.07.2019
Қолданысқа енгізілген күні
10.08.2019
Көрсетілген редакция
19.07.2019 133516_414799.kaz
Соңғы өзгеріс
19.07.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19G0004282
ЭКБ идентификаторы
133516
Редакция идентификаторы
133516_414799
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:06

0 Жергілікті маңызы бар «Жуалы-Қарашат» мемлекеттік табиғи

қаумалын құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Жуалы, Жамбыл және Талас аудандарының аумақтарында жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардан оларды алмай осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес шекара шегінде жалпы алаңы 148300 гектар жергілікті маңызы бар «Жуалы-Қарашат» мемлекеттік табиғи қаумалы (бұдан әрі-Қаумал) құрылсын.

2 2. Қаумалдың аумағында осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес жер учаскелерінің меншік иелерінің, жер пайдаланушылар мен табиғат пайдаланушылардың шаруашылық қызметтеріне шектеу белгіленсін.

3 3. Қаумал «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Жуалы ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітіліп берілсін.

4 4. «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3 3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М. Шүкеевке жүктелсін.

6 6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігінің
Орман шаруашылығы және жануарлар
дүниесі комитетінің төрағасы
__________________________Қ. Рыскелдинов
«12» ақпан 2019 жыл

10 Жергілікті маңызы бар «Жуалы-Қарашат» мемлекеттік табиғи қаумалын жерге орналастыру жобасы

Жамбыл облысы әкімдігінің
2019 жылғы «___» __________
№ ___ қаулысына 1 қосымша
Жергілікті маңызы бар «Жуалы-Қарашат» мемлекеттік табиғи қаумалын жерге орналастыру жобасы

11 Жергілікті маңызы бар «Жуалы-Қарашат» мемлекеттік табиғи қаумалының аумағындағы жер учаскелерінің меншік иелерінің, жер пайдаланушылар мен табиғат пайдаланушылардың шаруашылық қызметтеріне белгіленген шектеулер

Жамбыл облысы әкімдігінің
2019 жылғы «__» ___________
№ ___ қаулысына 2 қосымша
Жергілікті маңызы бар «Жуалы-Қарашат» мемлекеттік табиғи қаумалының аумағындағы жер учаскелерінің меншік иелерінің, жер пайдаланушылар мен табиғат пайдаланушылардың шаруашылық қызметтеріне белгіленген шектеулер
Мемлекеттiк табиғи қаумалда мынадай қызметке:
1) зоологиялық мемлекеттiк табиғи қаумалдарда – уәкілетті органның рұқсаты бойынша ғылыми-зерттеу, өсімін молайту және мелиорациялық мақсаттарда алып қою жағдайларын қоспағанда, аң аулауға, балықтарды қоспағанда, кез келген тәсiлдермен және құралдармен жануарларды аулауға;
2) жануарлардың бөтен түрлерiн интродукциялауға;
3) ұяларды, iндердi, апандарды және басқа да мекендеу орындарын бүлдiруге;
4) жұмыртқалар жинауға тыйым салынады.

Қолданыстағы